"Ерім дейтін ел болмаса, Елім дейтін ер қайдан болады"

"Ерім дейтін ел болмаса, Елім дейтін ер қайдан болады"

"Ер туған жеріңе" дейді дана халқымыз. Туған жері үшін, туған ауылынан жырақта жүрсе де, кіндік қаны тамған ауылының гүлденіп, көркеюі үшін не бір игі істерді жасап көптің алғысын алу да екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Осындай ізгілікті де қайырымды істі Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округіне қарасты Әшір Бүркітбаев ауылының тумасы жеке кәсіпкер Үнипаев Сейітбек Рүстембекұлы ағамыз туған ауылына жасап берді. Округ орталығы Әшір Бүркітбаев ауылынан шыға берісте ағып жатқан Үшбас өзенінен өте бергенде автокөлік жолы тау шоғырының қатпарланған жартас тастарымен қысылған қысаң жерде орналасқан еді. Таудан аса берген автокөлік жолы арғы беттен келе жатқан автокөлік пен төрт түлік малды көру мүмкін емес өте қиын қысаң жер еді. Осы қысталаң жолда әр уақытта жол-көлік оқиғалары орын алып, біраз адам осы жолдың кесірінен көз жұмған еді. Әсіресе тұманды, боранды, көктайғақ күндері осы жолмен жүрген әр жолаушыға да қауіп еді. Осы жолмен туған ауылына келіп-кетіп жүрген Сейітбек ағамыз өте жақсы, көпшілік құптаған іс атқарды. Өз қаражатына тау мен тасты бұзатын арнайы техникалар жалдап алып келіп, осы жолды қысып, төніп тұрған тау шоғырын талқандап бұздырып жол жиегін кеңіттірді. Шариғат бойынша да халық игілігі үшін жол мен көпір салған адамға алла тағаланың сауабы мол делінген. Бүкіл Түркістан ауылдық округіне қарасты Әшір Бүркітбаев, Арыстанды, Қаратас және Үшбас ауылдарының тұрғындары да Сейітбек ағамызға дән риза болып, шексіз алғыстарын білдіруде...

Ж.Байысбекұлы Түркістан ауылдық округі
08.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда өрттен 13 адам көз жұмды
Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы - 30.11.2023 33
Өзгенің табысына ортақтасу – масылдық
Нұрым Сырғабаев nurymsyrgabaev28@gmail.com - 30.11.2023 11
🔰АНА МЕН БАЛАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жуалы ауданы әкімдігі - 30.11.2023 42
ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.11.2023 30
КЕЗДЕСУ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.11.2023 30
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 1685

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 4081
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 3749
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 3905
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 3839
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 3911