Фермерлер тауарлы несие беру бағдарламасын бастады

Фермерлер тауарлы несие беру бағдарламасын бастады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын Атырау облысында іске асыру үшін шаруагерлер несиеге 990 бас мал береді. Өңірге жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов тауарлық несиенің тиімділігі мен оны іске асыру жүйесін түсіндірді.

Бұрын-соңды болмаған тауарлық несиенің мақсаты – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеріп, мал басын көбейту. Е.Тоғжановтың айтуынша, жаңа жоба кредиттік жағдайы қиын және кепілге қояр мүлкі жоқ азаматтарға арналған. Яғни олар кепілсіз, пайызсыз тауарлы несие алып, төрт түлігін түлете алады. 

– Біз ауыл кәсіпкерлерімен кеңесіп, тауарлы несиені ойластырдық. Бүгінде бұл бастаманы қолдаған елдің фермерлері аз қамтылған отбасыларға 8 880 бас мал таратты. Мұндағы жүйе мынадай: мысалы, біз 5 жылға 10 сиырды несиеге береміз. Оның ішінде: бірінші жыл – демалыс, екінші жыл – қарыз алушы 4 сиырды, үшінші жылы тағы 4 сиырды қайтарады. Осылайша, 4-ші жылы мал басы 16-ға көбейеді. Ал 7 жыл болса 24 малға дейін ұлғайтуға болады, – деді Премьер-министрдің кеңесшісі Е.Тоғжанов.

Бүгінде аталған бағдарлама бойынша әкімдіктің ұсынысымен жергілікті кәсіпкерлер тауарлы несие беруге дайын екендерін айтты. 

– Ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке ынталандыру мақсатында қолға алынған тауарлық несиені қолдаймыз. Осы ұсынысты қабылдай келе, өзім жетекшілік ететін Жылыой ауданындағы шаруа қожалығынан 300 қой, 100 жылқы, 50 сиыр және 30 түйені несиеге беремін. Осы арқылы тауар алушының да, беруші біздің де төрт түлігіміз көбейеді, – деді «Достан Ата» шаруа қожалығының жетекшісі Сейтжан Балжігітов.

КҮМІС ҚАЛТЫКЕЙ, Атырау облысы
25.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

СӘБИДІҢ ОБАЛЫ КІМГЕ?
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 11.10.2024 197
Алаш жұрты  Ғарифолласынан айырылды
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы - 25.09.2024 1068
13 жасар оқушы  бес түрлі қамшы өреді
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1107
Ұстаздар 8 перзент  тәрбиелеп отыр
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1087

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6081
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5523
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8710
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6514
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7721