ГЕНЕРАЛДАРДЫҢ ЕЛІ

ГЕНЕРАЛДАРДЫҢ ЕЛІ
7 мамыр – Отан қорғаушы күні. Айтулы мереке қарсаңында Жуалы ауданынан шыққан 13 генерал туралы айтқым келіп отыр.
Жуалы – айналасын Алатау мен Қаратау қоршаған, биік жерде орналасқан, ауа райы өзгеше, қатал, қасиетті де киелі өңір. Жуалы десе ең алдымен еске аты аңызға айналған, ерлігі мен өрлігі бүкіл әлемге мәшһүр болған қолбасшы Бауыржан Момышұлы мен халық жазушысы Шерхан Мұртаза түседі. Қасиет дарыған өлкені батырлар мен ақын-жазушылар мекені деп келген жұртшылық енді оны генералдар елі деп те атап жүр.
Олай атаудың өз себебі бар. Өйткені бұл өңірден шыққан генералдар баршылық. Әркім әртүрлі айтып, санынан да жаңылысып жатады. Кейбіреулер жеті дейді, енді бірі тоғыз дейді. Мәселе санында емес, азаматтығында.
Сол топтың көшін Қарулы Күштер генерал-лейтенанттары бастап тұр. Олар:
1. Ковешников Дмитрий Степанович, Кеңес Одағының батыры, генерал-лейтенант. Балалық шағы Жуалы ауданының Көлбастау ауылында өткен. 1943 жылғы 17 қарашада Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. 1998 жылы 17 желтоқсанда Мәскеу қаласында дүниеден өтті.
2. Бақытжан Ертаев - «Халық Қаһарманы», генерал-лейтенант. 1952 жылы 25 маусымда Кеңес (бүгінгі Ертай) ауылында дүниеге келген. Ауған соғысының ардагері. 2008 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
3. Сейітжан Мелдебекұлы Қойбақов, ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-майоры. 1954 жылы 5 наурызда Шыңбұлақ ауылында туған.
4. Диханбек Жанқоразұлы Сатылғанов, Қазақстан Қарулы Күштерінің генерал-майоры. 1954 жылы 7 мамырда Шетбұлақ ауылында дүниеге келген. 2005 жылы генерал-майор шенін алды.
5. Трегубенко Владимир Александрович генерал-майор. 1945 жылы қазан айында Шақпақ стансасында туған. Ауғанстандағы соғысқа қатысқан. 1979 жылы оған генерал-майор атағы берілген. Бүгінгі таңда Мәскеу қаласында тұрады.
6. Тромбачев Александр Тимофеевич, авиация генерал-майоры. 1923 жылы Б.Момышұлы (бұрынғы Бурное) ауылында дүниеге келген. Генерал-майоры атағын 56 жасында алған. 1986 жылы Орджоникидзе атындағы орта мектепте қырық бірінші жыл түлектерінің 45 жылдық кездесуіне қатысқан.
7. Чумаков Роман Васильевич (шын аты Рәсілхан) генерал. 1928 жылы Бақалы өзені сағасындағы Сарықайқаң деген жерде туған. Төрт-бес жасында жетім қалған. Ашаршылық жылдары Нұрлыкент ауылында ашылған балалар үйінде тәрбиеленген. Балалар үйінде ол сол мекеменің күзетшісі Чумаков Роман Васильевичтің есімін алған. 1942 жылы ол арнаулы әскери мектепке алынып, Бішкек қаласында оқиды. Соғыстан кейін әскери училищені, Мәскеудегі С.Орджоникидзе атындағы авиациялық институтты бітірген. 1961-1968 жылдары Ветьнам, Конго, Египет, Куба мемлекеттеріндегі әскери қимылдарға қатысқан. 1970-1981 жылдары Балтық жағалауындағы ПрибОВО-да генерал шенінде армия генералы қызметін атқарған. Ол 1982 жылы отставкаға шығып, Мәскеуде тұрақтап қалған.
8. Қуанышбек Үштаев генерал-майор. 1976 жылы 10 қазанда Көлтоған ауылында туған. Қорғаныс министрлігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы.
9. Есен Демесінов - ішкі істер қызметінің генерал-майоры. 1938 жылы 15 сәуірде Қайрат ауылында дүниеге келген. 2005 жылы дүниеден қайтты.
10. Тәттібай Дүйсебаев - ішкі істер қызметінің генерал-майоры. 1923 жылы Амангелді ауылында туған. 1996 жылы дүниеден өтті. Бұрынғы Амангелді ауылы бүгінгі таңда Т.Дүйсебаев ауылы болып аталады.
11. Арыстанғали Расылханұлы - ішкі істер қызметінің генерал-майоры. 1969 жылы Жаңаталап ауылында туған.
12. Ыбыраев Тілебалды Пірманұлы, әділет генерал-майоры. 1928 жылы 10 қаңтар күні Жуалы ауданындағы Қызыл Жұлдыз ауылында дүниеге келген. 38 жасында үшінші сыныпты мемлекеттік әділет – кеңесшісі, яғни генерал- майор атанды. 1999 жылы дүниеден өтті.
13. Ғабит Төреұлы Миразов, әділет генерал-майоры. 1965 жылы 19 қаңтарда Билікөл ауылында дүниеге келген. 1983-1985 жылдары Ауғанстан Республикасында азаматтық борышын өтеген.
Айтыңыздаршы, елімізде осындай бір ауданнан шыққан генералдар шоғыры қайсыбір өңірде бар? Бар болса осына бөлісе отырыңыздар? Біліп қана қоймай ол өңірді де «генералдар елі» деп мақтанышпен айта жүрейік.
 
Мәтін авторы: Марат Кулибаев
07.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 144
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 335
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 328
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 952

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9027
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8423
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11651
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9407
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10633