Ғылымға бетбұрыс жасау – ардың ісі

Ғылымға бетбұрыс  жасау – ардың ісі

Президент өз мәлімдемесінде:  «Ғылым саласы әлеуметтік-экономикалық өркендеуге әлі де тың серпін бере алмай отыр» деп, ғылымды жандандыруға деген ынтасын білдірді. 12 сәуір – «Ғылым күніне» орай ұйымдастырылған Президент төрағалығымен өткен ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің алғашқы отырысында мемлекет басшысы ғылымды дамыту жолында жаңашылдыққа толы идеяларды айтып, нақты қадамдарға көшуге ірі тапсырмалар жүктеді. 

Өткен жылы Президент Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдық мерейтойына арналған сессияда Академияның мәртебесін көтеру, оған мемлекеттік мәртебе беру және бюджет есебінен қаржыландыруды ұсынған болатын. Ол қазіргі қоғамдағы мақтангершілік тұрғыда ғылыми атаққа ие болғысы келетін, алайда, бұл жолды келешекте жалғастырмай, мемлекет қаржысын шығынға ұшырататын азаматтарды сынға алғаны ақиқат. Сонымен бірге, ғылымға шынайы берілген азаматтарға ғана қолдау білдіретіндігін алға тартқан еді. Міне, биыл да осы ұлттық кеңестің алқалы жиынында Қ. Тоқаев еліміздің дамуы жолында Ғылым академиясына мол үміт пен сенім артты. Нәтижесінде, ғылымның жаңа үлгісі мемлекет пен бизнестің әріптестігіне негізделеді деп сенім білдірді.  Осы  тәсіл  әлеуметтік-экономикалық мәселелерді оңтайландырады, болашақ күндерде Қазақ даласынан Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан бабаларымыздай нағыз ғалымдардың ізінен ерген жас өрендердің алға шығатынына үміт артты. 

Бүгінгі жылдам заманауи өзгерістерге орай ғалымдардың рөлі арта бермекші. Мемлекет басшысы біздің ғалымдардың әлеуметтік жағынан болса да, қай тұрғыдан болса да жағдайын жасауға дайын екендігін жеткізді, тіпті бірнеше шешімдерді қабылдап, тапсырмалар да үлестірді. Енді осы талаптар мен бетбұрыстарды тиімді пайдаланып, біздің ғалымдар қауымы да адал іске белсенді кірісуі қажет. Президентіміз ғылыми жобаларды орындауда да адалдық танытуды өтінді. Бір ауыз сөзбен айтқанда, ғылымда тек ғылымға жанашыр, еңбекқор, ғылымға жан-тәнімен саналы ғұмырын арнауға дайын азаматтардың жүруін қолдайтынын айқын жеткізді. 

Мені мемлекет басшысының бұл саланы дамытудағы бастамалары мен көтерген проблемалары көңілімді серпілтіп тастады. Тарих ғылымында да әлі күнге дейін пікірталасты мәселелерді туғызатын тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалардың ақтаңдақ беттері жоқ емес.  Бұл өзекті тақырыптарды зерттеп, ақиқатына ұмтылу, әрине, ғылымға деген ниеті мен ары таза ғалымдардың айналысар ісі.  Біздің Қазақ елінің алға қарай нық басып, жаңа ел болып, оны халықаралық аренаға ғылыми тұрғыдан көрсете білу – тек таланттардың қолынан келетін іс. Сол себепті де, шынайы ғалымдар салған қасиетті жолды қастерлеп, қадір-қасиетін тереңінен ұғына білгеніміз жөн. 

Ақнұр ОРАЛОВА, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының докторанты
21.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 99
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 291
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 913

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8986
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8381
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11606
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9364
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10590