Ішкі нарықты қорғау – мемлекетті қолдау

Ішкі нарықты қорғау –  мемлекетті қолдау

 

Ішкі нарықты қорғау  – экспортты қолдау десек те қателеспейміз. Өз елімізден шығатын әрбір тауар экономикамызға қаржы түсіруі тиіс. Егер ішкі нарықта бәсекелестік орын алса, онда сыртқы нарыққа деген сұраныс жойылады. Нарықтағы баға арзандайды. Ішкі нарық – елдің ішінде, оның шегінде әрекет ететін нарық, мемлекеттің шекарасы шеңберінде шектелген тауар айырбасы. Ішкі нарығы бекем елдер дамуға бет алды. Себебі өз тауарлары сатылымға шығып, сан тарапқа жөнелтілуде. Әсіресе ішкі сұранысқа төтеп беруде. Ішкі нарықты қорғау арқылы көл-көсір пайда көріп отырған мемлекеттер жетерлік. Керісінше түк өндірмей, бар байлығын сатып алуға жұмсап, экономикасы құлдырап жатқан ұлттар бар. Түркияның негізін қалаушы тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің мына сөзін еш ұмытуға болмайды. Ол: «Ештеңе өндірмей тек ішіп-жей беретін ұлттар алдымен абыройынан, сосын еркіндігінен, ал ең соңында болашағынан айырылады», – депті. Қандай керемет пайым! Неткен асқақ сөз! Көкірек көзі ояу жанның  рухын жанитын-ақ пікір! 

 «Қазақстан сауда-саттық саясатында жаңа әрі батыл қадам жасауы керек», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында. «Жұмысқа өзіміздің шикізатты, тауарлар мен кадрларды, басқаша айтқанда, барлық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалану қажет. Біз жаңа өнеркәсіп саясаты арқылы жаңаша даму үлгісіне көшуге тиіспіз», – деді Президент бүгінгі жағдайға қанағаттанбай.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекет ірі кәсіпорындармен бірлесіп, өндірістің барлық сатысы өз елімізде болуын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін өндіріс саласын реттейтін және ынталандыратын түрлі тәсілдерді қолдану шарт. Мәселен, өңдеу өнеркәсібі шикізатты көңілге қонымды бағамен әрі жеткілікті көлемде алуы керек.

«Сонымен бірге реттелетін сатып алу кезіндегі өз тауарларымыздың үлесін арттыру және офтейк жүйесін толық іске қосу қажет. Еліміздегі өнім өндірушілермен жасалатын офтейк келісімшарттардың үлесін кемінде 10 пайызға жеткізу керек. Бұл – жыл сайын 2 триллион теңге деген сөз», – деп нақтылады Мемлекет басшысы. Президент атап өткендей, бүгінде көптеген елдер ішкі нарықты қорғау шараларын белсенді қолданып келеді. Дамыған мемлекеттердің өзі протекционистік өнеркәсіп саясатына көшті. Осы тұста Қасым-Жомарт Кемелұлы Дүниежүзілік сауда ұйымы ұсынған деректерді ортаға салды.

«Дүниежүзілік сауда ұйымының бағалауынша, біздің елдегі ішкі нарықты қорғау деңгейі төмен, небәрі 128 тарифтік емес шара. Сондықтан біз сауда-саттық саясатында жаңа әрі батыл қадам жасауымыз керек. Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндетті. Бұл – біздің экономикамыз өзгелер үшін жабық деген сөз емес. Экономикамыз басқа елдерге әрдайым ашық болуға тиіс. Бірақ ұлттық бизнестің мүддесін қорғау керек», – деп түйіндеді ел Президенті өз сөзін.

БҰҰ-ның мәліметіне жүгінсек, 2023 жылдың қорытындысына сәйкес азық-түлік тауарларының әлемдік бағасы соңғы үш жылда ең жоғары деңгейге жеткен. 2030 жылға қарай азық-түлікке деген сұраныс 35 пайыздан асады деп болжануда.  Бұл деген бейқам отырған елдердің мойнына  қымбатшылық қамыты киіледі деген ескерту.

Қазақстан Жоғары еуразиялық экономикалық кеңеске мүше ел. 2021 жылы 21 мамыр күні  Бейнеконференция режимінде өткен кеңестің кезекті отырысына Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткенде былай деген болатын: «Одаққа мүше әрбір елдің азық-түлік тауарларын өндіру көлемін арттыруға әлеуеті жетеді. Сонымен қатар ішкі нарықты қорғау жөніндегі шектеу шаралары агроөнеркәсіп кешенінің дамуын тежеп, азық-түлік тапшылығына әкеп соқтыруы мүмкін. Әрине, кейбір жекелеген жағдайларда олардың уақытша қолданылуы өзін ақтады. Дегенмен мұндай шектеулердің біздің Одаққа мүше елдерге қатысы болмауы тиіс деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

17.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 99
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 291
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 913

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8985
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8380
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11605
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9363
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10589