Редакциямызға өтінішпен жеке кәсіпкер азаматша Тұрсынхан Капчитова келді. «Көмектесіңіздерші, тоғыз жылдан бері алақандай жерімнің (жер көлемі 0,656 га, Алматы облысы, Талғар ауданы, бұрынғы «Луч-Восток» колхозында орналасқан. Қазір Алматы қаласы Медеу ауданы аумағында) дауымен бармаған мекеме, аттамаған табалдырық қалған жоқ. Бұл жерді біз отбасымызбен бірлесіп алмабаққа (алма ағаш саны 587 және 104 терек бар) айналдырдық. Осы жеріміздің дауымен сотқа бардық, оны жеңдік, бірақ даудың соңы көрінер емес. Қайта ушығып, жерімізден айырылып қалатын қауіп төніп тұр. Лауазымды мекемелер біздің мұңымызды тыңдайтын емес», – деп іштегі зарын төгіп салды. Оның жанында осы мәселе бойынша көмектесіп жүрген жары, екі баласы бар. Отағасы Нұрәділ Барманбеков көпті көрген, білікті жан екен. Осы тоғыз жылдан бергі дау-дамайдан жиналған құжаты бір бума. Бәрі де нақты құжаттар. Сұхбаттастық. Газетіміздің келесі санында мақаланың толық нұсқасын оқи аласыздар.
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ















