КӨЛІК ЛОГИСТИКА САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

КӨЛІК ЛОГИСТИКА САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Көлік логистика саласы – елімізде қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Көліктің негізгі міндеті жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудағы тұтынушының қажеттіліктерін уақытында және сапалы өтеу болып табылады. Ал автомобиль көлігінің жүктерді тасымалдау жылдамдығын арттырып, «есіктен-есікке» жеткізу мүмкіндігі бар.

Қазақстанның көлік-логистика саласы үш бағытта дамып келеді. Қазақстан Дүниежүзілік банк рейтингінің LPI логистика тиімділігі индексінде 11 позицияға жақсарып, 40-орынға табан тіреген болатын. Әлбетте, бұған елімізде көлік-логистикасы инфрақұрылымын дамытуға салынып жатқан инвестициялар ықпал етіп отыр. Соңғы алты жыл ішінде бұл салаға 23 млрд АҚШ долларынан астам қаржы құйылған, алдағы 3-4 жылда тағы да 12 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция бөлу жоспарда бар екенін айтады «Қазақстан теміржолы» АҚ мамандары.

Сонымен көлік-логистика саласында қандай шаруа тындырылды? Қазақстан үшін оның маңызы мен пайдасы қандай? Бұл сұрақтарға жауап беру барысында біз еліміздің Еуразияның сауда айналымында ойып тұрып орын алуы үшін трансқұрлық дәлізін дамытудың айқын бағытын таңдап алғанын көреміз. Тәуелсіздік тұғыры орнаған ширек ғасырдан аса уақытта біраз жұмыстың басы қайырылды. ТМД елдері арасында Қазақстан – 32 жыл ішінде бірнеше мың шақырым жаңа теміржол желісін салған жалғыз мемлекет. Жаңа теміржол халықаралық көлік дәлізін Шығыс-Батыс, Солтүстік-Оңтүстік және Транскаспий бағдарында (ТРАСЕКА) оңтайландыруға зор мұрсат берді. Мәселен 2014 жылы салынған бір ғана Жезқазған – Бейнеу теміржол желісі Қытайдан Каспийге, әрмен қарай Түркияға, оңтүстік Еуропа мен Парсы шығанағы елдеріне бағытталған жүк пойыздарының жол үстіндегі қашықтығын 1000 шақырымға қысқартты. Сонымен, қандай бағыттар?..

Бірінші бағыт – Шығыс-Батыс дәлізі. Бұл Қытайдан Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне, Қазақстан, Ресей арқылы Еуропа мен Скандинавия елдеріне шығатын бірден-бір көлік дәлізі болып отыр. Бұл бағдарда жүрдек тасымалды ұйымдастыру үшін инфрақұрылым жасақталған. Бағдарға қатысушы елдердің қолдау білдіруінің арқасында 2011 жылдан бері бұл бағдарды дамытуға қатысты ауқымды жұмыс жүргізіліп келеді.

2023 жылдың 1 қыркүйегінде жылдағы дәстүр бойынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын арнады. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деген атаумен жарияланған Жолдауда  еліміздегі стратегиялық маңызды міндеттердің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану мәселесіне ерекше басымдық берілді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы транзиттік тасымалды жүзеге асырушылардың бірі «Қазақстан теміржолы» компаниясын толыққанды көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру жұмысын жуық арада аяқтауды тапсырды.

Жаңа экономикалық кеңістік қалыптасып жатқан бүгінгі әлемде көліктік транзит саласында көптеген өзгерістер орын алуда. Мәселен, Қытайдан Еуропаға, Ресейге, Орталық Азияға және осы аймақтардан Қытайға жіберілетін тауар көлемі айтарлықтай көбейеді деген болжам бар.  

– Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқан. Бұл біздің елімізге зор мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс. Қазір бәсеке күшейіп тұр. Осыған орай бірқатар маңызды мәселені шұғыл шешу керек. Ең алдымен «Достық – Мойынты», «Бақты – Аягөз», «Дарбаза – Мақтаарал» бағытындағы ірі теміржол жобаларын сапалы жүзеге асыру қажет. Оның қатарында Алматыны айналып өтетін теміржол желісі де бар. Қазақстан көлік саласында Ресеймен, Қытаймен ынтымақтастығын жалғастыра береді. Біздің транзиттік әлеуетімізді нығайтуда Транскаспий бағыты маңызды рөл атқарады. Орта мерзімді перспективада осы дәліз бойынша тасымалдау көлемі бес есеге ұлғайтылуы мүмкін. Ол үшін серіктес елдермен – Қытай, Әзірбайжан, Грузия, Түркиямен күш біріктіру қажет. Бақты өткелінде жаңа «құрғақ порт» салу, Ақтауда контейнерлік хаб құрылысын жеделдету, орта дәліз бойында Қара теңіздегі порт қуатын кеңейту міндеті тұр. Қытайдың Сиань мен Грузияның Поти портында қазақстандық терминалдардың құрылысы басталды. Бұл – қытайлық «Бір белдеу, бір жол» мегажобасын ұлттық бастамаларымызбен жұптастырудың нақты мысалдары. Көлік әлеуетін іске асыру біздің барлық жақын елдермен, соның ішінде Ресеймен, Қытаймен, Орталық және Оңтүстік Азиядағы көршілерімізбен сындарлы және тату көршілік қатынастарымызға байланысты, – деді Мемлекет басшысы.  

Президент Қазақстанға теңіз инфрақұрылымын дамытуға арналған біртұтас жоспар керек екенін жеткізді. Онда Құрық портына айрықша мән берілуге тиіс. Құрықты Ақтау порты сияқты толыққанды логистикалық кластерге айналдыру қажет. Осы ретте ол «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық дәлізінің де өте маңызды екенін атап өтті. Себебі сол арқылы Парсы шығанағына шығуға болады. Біртіндеп бұл бағыттағы теміржол желісінің өткізу мүмкіндігін екі есе арттыру керек.

Сонымен қатар ол биыл жыл басынан бері айтып келе жатқандай, «Қазақстан теміржолын» толыққанды көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру жұмысын жуық арада аяқтау қажеттігіне тоқталды. Жалпы алғанда, Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе Қазақстан көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуы тиіс.  

– Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту,  бұл – стратегиялық міндет. Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуі тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды, – деді Президент.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
24.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 70
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 592
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 708
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 621
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 631

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8767
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8166
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11395
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9149
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10380