Күрделі мәселелер шешімін табады

Күрделі мәселелер шешімін табады

Еліміз елеулі қадамдарға аяқ басып, жаңаша жаңғырудың жолына түскен заматта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа арнаған Жолдауы жарияланды.

«Amanat» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ретінде еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді. Жолдауда «Ауыл аманаты» жобасын қолдау керектігі сөз болған. Мемлекет басшысының қоғамды жаңғырту мен еліміздің экономикалық бағдары идеясын толық қолдаймыз. Жолдауда айтылғандай партия «Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдауға дайын.

«Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені осыдан айқын көрінеді. Келесі кезеңде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек», деген өзекті мәселе де қозғалады.

Бұл ел Президентінің халықпен бірге екенін көрсетіп тұр.Жолдауда Президент партияның «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтті. «Соның арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Үкіметке «Amanat» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет», деп Президент партияның беделін көтерді. Біз де Мемлекет басшысының сенім үдесінен шығуымыз керек деп есептеймін.

Өзге қазақстандықтар сияқты менің де көңіліме жылы ұялаған мәселе – тариф саясатын түбегейлі қайта қарау, тариф белгілеудің жаңа әдістемесін енгізу және инвесторлардың қызығушылығын арттыру қажеттігі болып тұр. Осы ретте, ел Президенті: «Табиғи монополия субъектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізген жөн.

Яғни, баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға мүмкіндік туады. Қаржы ұйымдары да кәсіпорындарға нық сеніммен несие бере алады. Сонымен қатар, монополистердің жауапкершілігін едәуір арттыру қажет. Бұл салаға цифрлық бақылау тәсілдері енгізіледі. Сол арқылы азаматтарымыз тарифтік смета және инвестициялық бағдарламалар туралы ақпар алады» деді. Бұл өте дұрыс шешім.

Президент өз Жолдауында бизнес мәселесіне ерекше тоқталды. Оның мәнісін ашып айтсақ, орта бизнестің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жою қажет. Орта кәсіпкерліктің басым бөлігі әбден дамыған кезде бөлшектеніп кететінін айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев «оларға шағын бизнес деңгейінде қалған әлдеқайда «қолайлы» деп қорытады. Сондықтан, Мемлекет басшысы Үкімет шағын бизнесті өзара бірігіп, ірі кәсіп иелері болуға ынталандыру үшін заңға өзгерістер енгізуі керек деп есептейді.

Сөз соңында айтарым, Жолдаудың тақырыбы айқындап тұрғандай, онда еліміздегі экономикалық бағдар егжей-тегжейлі зерделене, халыққа ұсынылып отыр. Ол мәселелерді шешу жолында бізге қоғамдық сана мен таза ниет керек. Сол себепті, ортақ іске бел шеше кірісу – біздің міндетіміз.

 

Ақ жол газеті
24.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 115
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 150
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 148
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 115
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 259
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 262
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 472
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 434

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9133
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8531
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11759
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9526
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10738