Марат Тоқжанов, БҚО Бәйтерек ауданының әкімі: «Маңызды бағдарлама аясында ауқымды жұмыстар атқарылды»

Марат Тоқжанов, БҚО Бәйтерек ауданының әкімі: «Маңызды бағдарлама аясында ауқымды  жұмыстар атқарылды»

Баршамызға мәлім, «Ауыл аманаты» жобасының негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарын жан-жақты қолдау, ауылдық тауар өндірушілерін аграрлық бизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу. Бағдарлама бастау алған кезде жобаның мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру бойынша аудан тұрғындарымен 60-қа тарта кездесу өткізіліп, оларға жеңілдетілген несие беру, лизингтің жаңа мүмкіндіктері және халықтың табысын арттыруға бағытталған басқа да құралдар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар жерлестеріміздің сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдап, оларға мамандар нақты жауаптар берді. Жекелеген ниет білдірушілермен  де жұмыстар жасалды.

Жүргізілген скрининг нәтижесінде тоғыз округ анықталып, 2023 жылы Бәйтерек ауданы бойынша 135 несие алушыға 983,1 млн теңге берілген болатын. Соның ішінде төрт жоба – өсімдік шаруашылығына (жалпы сомасы 27,7 млн теңге); сегіз жоба – құс шаруашылығына (жалпы сомасы 39,2 млн). Сонымен қатар мал шаруашылығы бойынша 99 жобаның (жалпы сомасы 761,8 млн) ішінде 11 жоба ауылшаруашылығы өндірістік кооперативіне (жалпы сомасы 240,1 млн) бағытталды. Ал шағын бизнесті дамытуға бағытталған 24 жобаның (жалпы сомасы 154,4 млн) аясында бірқатар нысандар ашылды. Айталық, Макаров, Махамбет, Переметный ауылдарында – төрт техникалық қызмет көрсету стансасы, Переметный ауылында бір дәріхана ашылды, сондай-ақ ағаш көмірін өндіру сияқты кәсіптердің ашылуына мүмкіндіктер жасалды.  

Ал Дариян және Переметный ауылдарында – екі тігін цехының; Дариян ауылында – бір ара шаруашылығының; Трекин ауылында – бір дәнекерлеуші цехтың құрылғылары; Дариян ауылында – үш жартылай фабрикаттарды өндіруге; Трекин ауылында – бір кілем жууға; Макаров ауылында – бір нан өнімдерін пісіруге; Макаров ауылында – бір жылыжайға; Махамбет ауылында – бір асханаға; Махамбет ауылында – бір дүкенге арналған жабдықтар; Макаров, Махамбет және Дариян ауылдарында – үш автокөлік-ассенизатор; Переметный мен Атамекен ауылдарында – екі автокөлік (термобудка, салқындатқыш танк); Переметный ауылында – бір ауылшаруашылығы техникасы; Трекин ауылында – бір пресс-құрылғысы алынды. 

«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүргізу барысында Үкімет тарапынан қабылданған мүмкіндіктер мен құралдарды пайдаланып, ауылшаруашылығы кооперативтерін біріктіру барысында да бірталай нәтижелі жұмыстар атқарылды. Аталмыш бағдарламаның қабылдануы бұл жұмыстардың нәтижелі жүргізілуіне үлкен серпін берді. Мысалы, аудандағы Макаров, Дариян, Көшім, Зеленый ауылдық округтерінде ауыл тұрғындары ауылшаруашылығы кооперативтеріне біріккен болатын. Осы бағытта аудан бойынша 2024 жылы атқарылған нақты жұмыстарға тоқталатын болсам, нәтижесі келесідей. 

«Батыс сүт» облыстық «Ақжайық» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 120 миллион теңге айналымдық қаражатпен қаржыландырылып, бүгінде құрамындағы мүшелері саны 380-ге жетіп, сүт өндірумен айналысып отыр. Макаров ауылында «Аманат  – 2022» өндірістік кооперативі лизингтік қаржымен 26 миллион  теңгеге қаржыландырылып, оған «Беларус – 920» тракторы қосымша құрал-жабдықтарымен бірге сатып алынып, жұмыстарын бастады. Сондай-ақ осы ауылда жұмыртқа өндірісін көбейту мақсатында аталмыш бағдарлама аясында салынып жатқан 10 мың басқа арналған тауық фермасының құрылысын керекті жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында «Ақжайық» ӘКК арқылы тағы 52 миллион теңгеге қаржыландырылды. Қажетті жабдықтар алу үшін шетелдерге тапсырыс беріліп, жуық арада келеді деп күтілуде. Бұның сыртында өсімдік, бақша егумен айналысатын шаруашылықтарды біріктіріп, жұмыс жасау схемасы талқылануда. Тұрғындар тарапынан қызығушылық бар. Макаров ауылы бойынша 15 көкөніс, бақша егетін шаруашылықтың 8-і АШК мүшесі болып тіркеліп, олардың қатары 96-ға  жетті.

Көшім елді мекенінде «Колесово» өндірістік кооперативі құрылып, сүтті мал шаруашылығымен айналысу үшін 20 миллион теңгеге қаржыландырылып, оған 28 бас мал алды. Сонымен бірге лизингтік техника алу үшін 60 миллион теңге бөлініп, «Zoomlion» тракторларының үш түрін қосымша құрал-жабдықтарымен қоса сатып алды. Бүгінде ауылшаруашылығы кооперативінің мүшелері жемісін көруде, бұл кооперативке төрт шаруа қожалығы қосылып, жалпы мүшелерінің саны 139 адамды құрады. Ал «Зеленов сүт» АШК мүшелерінің саны 71-ге жетіп, олар сүт өнімдерін өткізумен айналысуда. 

 

Бүгінгі күнге қарастыратын болсақ,  

587 677 000 мың теңге 57 өтінім мақұлданды. Олар қаражат түскен уақытта жұмыстарын бастайтын болады. Атап айтқанда, мал шаруашылығына – 35 өтініш (240 000 000 теңге); өсімдік шаруашылығы – бір өтініш (8 981 000 мың); құс шаруашылығы – 8 өтініш (58  511 000 мың); техника сатып алуға – 9 өтініш 

(59  917 000 мың); басқа бағыттағы кәсіпкерлікке – 4 өтініш (52  936 000 мың). 

 

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Ақтөбе, Жамбыл облыстарының тәжірибесі негізінде тауарлы кредиттер арқылы әлеуметтік әлжуаз топтарға көмек көрсету керектігін атап өтті. Бізде тауарлы кредит арқылы алғашқылардың бірі болып Көшім ауылынан Мырзалы Нұғыманов деген әлжуаз топ өкілі Казталов ауданындағы «Ергожа-2» шаруашылығымен келісімшарт жасасып, екі бас қашар алып келді. Сондай-ақ заңгерлік талқылаудан өткен жаңа келісімшарт жобасы жуырда ғана келген болатын, аталған жұмыстар бойынша ауылдық округтердегі мүмкіндігі бар шаруашылықтармен түсінік жұмыстары жүргізілуде. 

«Ауыл аманаты» бағдарламасына айрықша мән берілуіне байланысты үлкен жұмыстарды атқару керектігін баса айтқым келеді. Басқа аудандарға қарағанда мол тәжірибе жинақтадық. Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 атауы бойынша тек күріш, қарақұмық, қант, тұз шығарылмайды. Қалған маңызы бар азық-түлік ауданда шығарылып, халықты өз өнімімен толық қамтамасыз етіп отыр. 

Аталған бағытта құрылған жобалық кеңсе де тұрақты жұмыс жасап тұр. Қорыта айтсам, тек 2023 жылғы жұмысымыздың нәтижесінде бір мыңға тарта мал кіргізілді, оның жартысына жуығы еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген асылтұқымды сүтті мал. Қазірдің өзінде төрт түрлі асылтұқымды мал келгенін де атап өткім келеді. Облыс әкімінің тапсырмасына орай көршілес Казталов, Жаңақала, Жәнібек аудандарынан әріптестеріміз келіп, өзара тәжірибе алмастық.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы
25.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

СӘБИДІҢ ОБАЛЫ КІМГЕ?
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 11.10.2024 198
Алаш жұрты  Ғарифолласынан айырылды
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы - 25.09.2024 1069
13 жасар оқушы  бес түрлі қамшы өреді
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1108
Ұстаздар 8 перзент  тәрбиелеп отыр
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1088

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6082
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5524
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8711
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6515
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7722