НАҒЫЗ ЕР-АЗАМАТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ

НАҒЫЗ ЕР-АЗАМАТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ

 

Елімізде төтенше жағдайлар ұйымының құрылғанына да біраз уақыт болыпты. Құтқарушылар әрдайым қиналған жандардың өмірін арашалап, көмекке зәру адамдардың алғысын арқалауда. Олар кез келген уақытта көмекке дайын тұрады. Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар қызметі жыл сайын сан мыңдаған шұғыл дабылдарға жауап беріп, адамдарды қауіпті аймақтардан құтқарып отырады. Оқыс оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсетіледі. Келген апатты оқиғалардың алдын алу тек құтқарушылармен ғана бітпейді. Осыған орай азаматтық қорғаудың аумақтық ішкі жүйесі жұмыс істейді. Қала қауіпсіздігінің күзетінде шұғыл көмекке мыңдаған құтқарушылар мен жүзден астам техника қызмет көрсетуге дайын тұр.

«Халқымыздың амандығын және қауіпсіздігін сақтау – басты міндет әрі қастерлі парыз. Бұл – ең алдымен, құтқарушы мамандарға жүктелетін зор сенім, үлкен жауапкершілік. Біздің елімізде ең маңызды саланың бірі – құтқару қызметі. Рас, соңғы кездері әлемде төтенше оқиғалар көбейіп кетті. Жұртымыз мұндай қауіп-қатерге әрдайым дайын болуы керек. Сондықтан осы салада қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегі еліміз үшін өте маңызды» деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев академия курсанттары алдында сөйлеген сөзінде.

Қазақстандағы кәсіби құтқарушылар дайындайтын бірден-бір оқу орнын осы уақытқа дейін 6 мыңға жуық маман бітіріп шыққан екен. Еліміздің барлық өңірлерінде академия түлектері қызмет етіп жүр. Бәрі де өздерінің отандық борыштарын мінсіз атқаруда.

Еліміздің бірнеше жері су тасқынына ұшырап, сондай-ақ үлкен өрттен зардап шеккенде, қиналған жандарға көмек берген осы құтқарушылар болатын. Бұны Президентіміз өз сөзінде айтып, өзінің ризашылық сезімін жеткізді.

«Құтқарушы болу – қиын әрі қатерлі жұмыс. Шын мәнінде, бұл – нағыз ержүрек азаматтардың кәсібі. Төтенше жағдай мамандары жұмыс барысында талай рет ерлік көрсетті. Басқа адамдардың өміріне араша түсіп, қаза тапқан құтқарушылар аз емес. Олардың қатарында осы академияның түлегі Асқар Забикулин де бар. «Ер есімі – ел есінде». Батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмауға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қаламызда төтенше жағдайлардың 98 пайызы өрт тұтанудың себебінен болып жатады. Орта есеппен жылына 600-ге дейін өрт болады екен. Соның кесірінен адамдар қайтыс болып, көптеген заттар мен құрылыстар қирап қалады. Еліміздегі мықты мекемелердің бірі – өрт сөндіру қызметінің Алматы горнизоны. Бұл горнизон бір кезеңде екі немесе одан да көп өртті сөндіре береді. Гарнизонда кез келген ғимараттың 30-қабатынан зардап шеккендерді құтқара алатын (91 м) еліміздегі ең биік көтергіш, барлық аудандарындағы өрт сөндіру бөлімшелерінде жұмыс биіктігі кемінде 32 метр (10 қабат) болатын автобаспалдақтармен қамтылған. Алматының шет аудандарындағы су тапшылығы бар. Сондықтан да сыйымдылығы 30 тонна автоцистерна «жылжымалы резервуар» жұмыс істейді. Еліміз бойынша Алматы мотоциклді өрт сөндіру экипажы бар тұңғыш қала болып табылады. Қаламызда күнделікті дайын күйінде тік және көлденең сөндіру жүйелерімен жабдықталған әскери кезекшіліктегі тікұшақтар жұмыс істеп тұр.

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
18.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 244
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 240
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 742
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 865
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 778

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8935
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8329
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11557
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9314
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10541