«Нөлдік төзімділік» халықты тәртіпке шақырады

 «Нөлдік төзімділік» халықты  тәртіпке шақырады

Жалпы «нөлдік төзімділік» дегеніміз не, сіз осындай терминді естіп көріп пе едіңіз? Әрине,  бұны көпшілік біле бермеуі мүмкін. Бұның мағынасы өте қарапайым-ақ екен. Күнде айналамыздағы   болып жататын қоқысты кез келген жерде тастау, белгіленбеген жерде шылым шегу, алкогольді сусындарды ішу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы сияқты ұсақ-түйекті, бірлі-жарымды кішігірім бұзақылықтарға төзбеушілікті білдіреді.  Осындай құқық бұзушылықты тек полиция қызметкерлерінің жұмысы деп білеміз. Олай ойласақ  қателеседі екенбіз. 

 

Өйткені барша қазақстандық үшін  құқықтық мәдениеттің қалыптасуы  бәрімізге керекті  құндылық болып табылады.  Жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті ең бірінші  отбасы мен білім беру ордаларында, сосын қоршаған ортада қалыптасады: айналасындағы басқа адамдарға қарап,  адам өзінің жүріс-тұрысы мен мінез-құлықтарын түзететін жағдайлар көптеп кездеседі. Міне, осыдан келіп құқықтық сана мен құқықтық мәдениет қалыптасады екен. Сол үшін мұндай жағдайға  немқұрайлы қарамай, әрбір жан  белсенді азаматтық позицияны ұстанса,  қоғамымыз едәуір алға басар еді, шіркін!  Кезінде экс-президент  Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы» Жолдауында  тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидасын қоғамда қалыптастырудың қажеттілігін атап кеткен болатын: «Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ  құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам». 

Біз құқықтық нигилизмді жеңіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне тартуымыз керек. Мұның бәрі қоғамдық өмірдің нормасына айналуы тиіс.  «Нөлдік төзімділіктің»  ең негізгі міндеті – қоғамды белсенділікке жұмылдыру.  Еліміздегі  әрбір адам  кез келген құқық бұзушылыққа бейжай  қарамауы тиіс. Сөйтсек қана қоғамымыз нағыз  құқықтық мемлекетке бола  алады. Қоғамдағы құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру аясында  мемлекетімізде біраз  заңдар қабылдануда. Олар жүзеге асырылу үшін  қызу талқылану болатыны сөзсіз.  Жаңадан қабылданған заңдар міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдары  мен әлеуметтік желілер арқылы халыққа жарияланады. Дегенмен, соған қарамастан, олардың талаптарын біреулер білсе, біреулер біле бермейді. Мұны құқықтық мәдениеттің кемдігі немесе  адамдардың  немқұрайлылығы дейміз бе?  Сондықтан  сіз «Заңды білмеймін» деп  жауапкершіліктен құтылып кете алмайды екенсіз. Сол үшін де заңдардағы өзгерістер мен толықтырулар туралы әркімнің уақытылы біліп жүргені дұрыс-ақ.   Алайда  әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың кейбір баптары әлі де болса көпшілікке таныс емес екен. Айтар болсақ: «арнаулы қызметтердi (полиция, «жедел жәрдем», өрт сөндіру органдарын) көрiнеу жалған шақыру», «қоғамдық орындарда заттарды сату, бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу, яғни мазалап өтініш білдіру», «көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну» және т.с.с. әрекеттер. Ал мұндай әрекеттер өмірде жиі кездеседі және сонымен бірге  заңмен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.  «Нөлдік төзімділік» қағидасына сәйкес қылмыстық заңнамада «қылмыстық теріс қылық» деп саналып, бұрын-соңды әкімшілік құқық бұзушылық болып танылатын кейбір баптар қылмыстық теріс қылық санатына кіреді. Олар: отбасындағы кикілжіңдерге байланысты құқық бұзушылықтар («ұрып-соғу», «денсаулыққа жеңіл зиян келтіру»), көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған масаң күйдегі адамның көлік құралын  басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай  адамның басқаруына жол беру, билік өкілінің заңды талаптарына бағынбау немесе қызмет атқару барысында оларды қорлау сияқты қылмыстық теріс қылықтар үшін, әрине, өз алдына бөлек, қатаңдатылған жазалар қарастырылған.  Құқық бұзушылықтарға қарсы жаңашаланған күрес жолдары алғашқы нәтижелерін көрсетуде: көпшілік жандар  енді баяғыдай  кез келген жерге темекі қалдықтарын, қоқыстарды  тастап, былапыт боқтық сөздерді айтудан, жол ережелерін оңды-солды бұзудан және т.с.с. жаман әдеттерден тыйылуға тырысады. Дегенмен  осындай  іс-шаралардан кейін  қоғамда құқық бұзушылықтар түбегейлі жойылады  дей алмаймыз. Қалың көпшілік  бар жерде түрлі заң бұзушылық, қылмыстар  да кездеседі. Тіпті айтар болсақ, демократиясы, экономикасы, әлеуметтік жағдайы мен құқықтық мәдениеті дамыған Батыс мемлекеттерінде де құқық бұзушылықтар көптеп болып тұрады екен.  Қалай айтсақ та, бұндай  құқық бұзушылықтардың санын азайтып, жаңашаланған құқықтық көзқарас қалыптастыру – әрбір азаматтың өз қолында.  Ал тәртіпке бағынған  қоғамда халықтың жақсы да бақуатты өмір сүріп, келешек ұрпағы қайғы-мұңсыз өсіп-өнетіні сөзсіз. 

 

Шаргүл Қасымханқызы
16.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 34
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 113
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 310
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 304
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 927

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9000
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8395
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11621
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9378
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10603