Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласы бойынша жаңашылықтар.

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласы бойынша жаңашылықтар.

«Әділет органдары туралы» Заңның негізгі жаңалығы 22-2 және 23-1-баптарымен толықтыру болып табылады, яғни орталық мемлекеттiк органдар мен олардың ведомстволарының, мәслихаттар мен олардың аппаратарының, әкімдіктердің, әкім аппараттарында,  облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын НҚА-ды шығару, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау саласында мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі айқындалған.

Сонымен, мемлекеттік бақылауды әділет органдары тексеру субъектілеріне бару арқылы жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүргізеді.

Әділет министрлігі Заңның 18-бабының 1-1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдарда, аумақтық әділет органдары - жергілікті атқарушы және өкілді органдарда, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асырады.

Тексерулердің мақсаты: лауазымды адамның «Құқықтық актілер туралы» Заңының 35-1-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын НҚА заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осындай тіркеуге ұсынбау фактілерін анықтау және болғызбау; Заңның 18-бабының 1-1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының күші жойылған, сот жарамсыз деп таныған не қолданысы тоқтатыла тұрған, сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпеген не белгіленген тәртіппен жарияланбаған НҚА заңсыз қолдану фактілерін анықтау және алдын алу, сондай-ақ НҚА мемлекеттік тіркеу саласында сапаны қамтамасыз ету және заңдылық режимін күшейту бойынша әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

 

Жамбыл облысы Әділет депараменті А.Нурмаханбетова
18.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 239
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 741
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 864
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 777

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8934
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8328
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11556
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9313
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10540