Ойын-сауық орындары тексерілді

Ойын-сауық орындары тексерілді

 

Батыс Қазақстан облысындағы “Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы” қызметкерлері Оралдағы ойын-сауық орындарында жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Тәртіп сақшылары  Мемлекет басшысының «Заң алдында бәрі бірдей» - деп, Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында  айтқан сөзін берік ұстанып келеді. Осыған орай “Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының” қызметкерлері Орал қаласы прокуратурасының, бірқатар полиция қызметтері мен басқа да ведомстволар қызметкерлерімен бірлесіп, облыс орталығының 11 ойын-сауық орнында жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізді. Көңіл көтеру орындарын тексеру барысында тиісті құжаттарсыз жүрген 26 күзетшінің заңсыз қызметі анықталған. Күзет бекеттерін тексеру кезінде қолдан жасалған таяқтар, жиналмалы қалта пышағы, "Таран" маркалы 2 резеңке таяқ табылып, тәркіленген. Барлық күзетшілерге қатысты тиісті шаралар қабылдау мақсатында БҚО бойынша МКД-ға бастапқы материал жинақталған. 

Сонымен қатар мекемелердің бірін тексеру кезінде  қызметтік иттердің көмегімен сары түсті ұнтақ заты бар "ЗИП пакет" табылып, осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабына сәйкес тергеу басталған. 

 

 

Қоғамдық орында "кальян" қызметін көрсетіп, пайдаланғаны  үшін мекемеге келушілер мен әкімгерлерге  қатысты 14 әкімшілік хаттама толтырылған. Ойын-сауық орындарында жұмыс жасап жүрген 9 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталған. Олардың ата-аналары мен  мекеменің әкімгерлеріне  қатысты 10 әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ Орал қаласының пробация қызметінде есепте тұрған 2 адам келуші ретінде анықталса, тағы екеуі  тәуліктің түнгі уақытында бұл  мекемелерде заңсыз жұмыс істеген. Әскери қызметке шақырылушылар тізіміндегі екі адам облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жеткізілген.  

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған бағытта жұмыстар әлі де жалғасады. 

БҚО ПД Баспасөз қызметі

Ләззат Қажымова
11.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 59
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 584
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 699
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 613
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 622

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8758
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8158
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11387
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9141
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10372