Педагогтер неге петиция жариялады?

Педагогтер неге петиция жариялады?

Білім бөлімі қайтадан әкімдіктің құзырына кіретін болды. Себебі заң жобасына депутаттар қол қойып жіберді. Иә, бұл қол қою оқиғасы 22 сәуірде өткенін біреу біліп, біреу білмей қалды. Ол «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» атты заң. Бұрын бұған қарама-қарсы шыққан, қазір күшін жойған құжатқа реніш білдіргендер де болған. 

Себебі білім берудің үлкенді-кішілі шығындары облыс арқылы төленетін еді. Мәселен, ауылдағылар, аудандағылар болмашы керек-жарақ нәрселерді сатып алуға немесе жөндеуге деген қаржыны сонау облыстан алатын. Ең бастысы, қаржыға ділгір педагогтер уақытты жоғалтатын. Мына заңның атауына үңілсең, «е-е, жергілікті билікті күшейтуге арналған екен» деп ойлайсың. Шынында да солай. Сонымен  бірге ауылда бұқараның өзін-өзі басқаруы да жаман бастама емес қой. Бүгінгі әңгіме мұғалімдердің тағдырына байланысты болғандықтан, бәрін ысырып қойып, негізгі тақырыпқа көшейін.

2021 жылы білім саласында басқару вертикалын өзгерту басталды. Әлбетте, аудандық білім бөлімдері орнын сақтады. Мектептер мен білім бөлімдері аудан әкімдеріне бағынбайтын болды. Тікелей облыстық білім басқармаларына бағынады. Мұның мақсатын өздеріңіз де бағамдап отырған шығарсыздар. Ол жергілікті жердің қысымынан мұғалімдерді құтқару. Олар құтылғанмен, жоғарыдағы мәселе қайта-қайта алдарынан шыға берді. Мемлекет бала тағдырына, оның оқуына да көңіл бөлгені байқалды. Қала, ауылда болсын, бірдей стандартпен оқуы тиіс. Егер білім саласы ауданға бағынышты болса, жемқорлық тамыр жаяды. Мектеп директорларын тағайындау да таныстықпен жүзеге асырылады. Бірақ білім вертикалының мұндай өзгеріске ұшырауы жемқорлықты тоқтата ма? Ол тоқтаған жоқ. Рас, аудан әкімшілігі бұрынғыдай емес, мұғалімдерді анда-мұнда жұмсауды доғарды десе де болады. Алайда сайлау және басқа саяси науқандар мектепте өткізіліп тұратынын көріп жүрміз. Біздіңше, мемлекеттің саяси шараларынан мұғалімдердің шетқақпайлануы көңілге қонбайды.

Депутат Аймағамбетов пен бірнеше басқа депутаттар заң жобасына өзіндік пікірлерін айтты. Біразы қолдады, енді біреулері дүбәра ойларын ортаға салды. Бізге Аймағамбетовтың пікірі орынды көрінді. Ол өзіндік модель ұсынды. Оның ұсынысы бойынша шаруашылық жағы аудан әкімшілігінің жауапкершілігіне, ал білім, кадр мәселесі, директорды тағайындау, аттестаттау, әдістеме, оқу бағдарламасы, педагогтің кәсіби мәртебесі облыстық немесе орталықтандырылған кәсіби вертикалда қалуы керек. Бәлкім, осы модельді қабылдау керек шығар. 

Сонымен, бұл мәселеге оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова не деп жатыр? Әзірге үнсіз отырған сияқты. Мұндай мәселеде министрдің үндемей қалғанына түсінбей отырмыз. Мұғалімдер петиция жасап шулатып жатыр. Оларға неге жауап бермейді? Біздіңше, бұл көкейтесті мәселе жан-жақты қаралып, шешілуі тиіс.

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ

 

11.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25788
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25238
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42651
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38493
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43049