Пилоттық жоба ауылшаруашылығын өркендетеді

Пилоттық жоба  ауылшаруашылығын өркендетеді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «AMANAT» партиясы, «ЕлАна» сайты, «Мөлдір бұлақ» журналымен бірлескен «Qazaqstan dauiri» газетінің «Ел аманаты: Ауыл – ел бесігі» атты экспедициясы Жамбыл облысында

Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің дәстүрлі экспедициясы Жамбыл облысының Байзақ ауданында жалғасын тауып отыр. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті мен республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының директоры Сәуле Мешітбайқызы «Ел аманаты: Ауыл – ел бесігі» экспедициясы аясында Жамбыл ауданына аялдап, бірқатар білім беру мекемелерінде ұстаздар қауымы мен оқушылармен жүздесті. Алдымен Сәуле Мешітбайқызы аудан әкімдігінде болып, аудан әкімінің орынбасары Дәулетов Дәуір Рысбайұлы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Байтақова Шолпан Қайратқызы және бірқатар бөлім басшыларымен жүздесіп, ауданның бүгінгі ахуалымен, ел-жұрттың тыныс-тіршілігімен танысты. Сәуле Мешітбайқызы халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің «AMANAT» партиясы, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайты және «Мөлдір бұлақ» журналымен бірлескен экспедициясының биыл «Ел аманаты: «Ауыл – ел бесігі» деген атаумен жалғасын тапқанын айтты. Аудан халқына, ауданда атқарылып жатқан игі істерге, ел игілігі үшін қызмет атқарып жүрген басшыларға ризашылығын білдірді. Бұдан кейін Бурыл орта мектебінде оқушылармен жылы кездесу өткізді. Осындай талабы үлкен кішкентай мектептен «Мөлдір бұлақ» журналына жеті бірдей жас тілші қабылданды.

Кездесу барысында Ел анасы: 

– Мен де өздеріңіздей ұстаздық еткенмін. Кезінде оқушыларымыз бізді тыңдайтын. Ата-аналары «еті сенікі, сүйегі менікі» деді. Оқушылар ұстаз болуды мақтаныш көретін, армандайтын. Біздің сөмкемізді ұстап, жанымызда жүру олар үшін үлкен мәртебе-тұғын. Ал қазір жабдықталған бөлмелеріңіз бен интерактивті тақталарыңызды көріп, қатты қызығамын. Бірақ ата-аналардың әлеуметтік желідегі мектепке, мұғалімге қатысты әңгімесін оқысам, шошимын. Бүгінгі ата-аналардың өзін тәрбиелеу керек. Ауылда қайта қаймағы бұзыла қоймаған қазақы тәрбие қалған. Ал қалалардағы кейбір ата-аналардың бойынан иман кеткен. Мұғалімді баласымен бірге жұлып жейін деп тұр. Осындайда мен сіздерді қатты аяймын, – деген Сәуле Мешітбайқызы мұның бәрі ұлттық құндылықтың жоғала бастауынан деген ойымен бөлісті. Ал бұл келеңсіздіктің артында смартфон деген бәле тұр. Сондықтан бүгінгі балаларды «тәрбиелеп» жатқан смартфон, интернет деген заманның озық дүниелері ұрпақтың тоз-тозын шығармау үшін осы бастан кітап-журнал оқуға қайта қамдану керектігі баса айтылды. Телефонға тәуелділікті азайтудың басты жолы – баланың бос уақыты болмауы. Яғни сабақ уақытынан тыс қосымша дәрістер мен тілді дамытатын курстар, қызығушылығына қарай баланы дамытатын орталықтарға, кітап, журнал, газет оқу арқылы бала болашағын жарқын етуге болатынын біреу білсе, біреу білмейтіні өкінішті. Сонымен қатар бұл жиында  «Qazaqstan dauiri» газеті редакциясының бастамасымен жарыққа шыққан «Намыс қайрағы», «Ұлт шырағы» атты жаңа кітаптарды мектеп кітапханасына тарту етіп, жылы лебіздерін білдірді. 

Экспедициямыздың мақсаты – ауылда атқарылып жатқан жұмыстарды көптің назарына, түйткілді мәселелерін биліктің назарына жеткізу. 2019 жылы «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша 3 нысанға 19 665,0 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олар: аудандық мәдениет үйі 14 644,0 мың теңге (абаттандыру жұмыстары және фонтан орнатылды), аудандық орталық кітапхана 1 649,6 мың теңге (шатыры жөндеуден өткізілді),  аудандық тарихи-өлкетану музейі  3 372,0 мың теңге (музей ғимаратының алдына жөндеу жұмыстары жүргізілді). 2020 жылы Жамбыл облысында елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту, сонымен қатар олардың халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру картасына Байзақ ауданынан бірінші кезеңіне 2020-2021 жылдар аралығында үш (Бурыл, Амангелді, Жетібай) ауылдық клуб құрылысын салу енгізіліп,  пайдалануға берілді. 

Бурыл ауылына 180 орындық мәдениет үйі (жоба құны – 157901,0 мың теңге), Жетібай ауылына 90 орындық мәдениет үйі (жобалық құны – 101609,0 мың теңге),   

Көкбастау ауылына 90 орындық мәдениет үйі  (жоба құны – 96211,0 мың теңге). 

2022 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Көктал ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 105 085,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 11 544,0 мың теңге қарастырылды. Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес «ГрадСтройСервис»    ЖШС-мен күрделі жұмыстар жүргізуге келісімшарт жасалып, жұмыстар желтоқсан айының 25-іне пайдалануға беріледі. Бүгінгі күнге ғимараттың шатыры жабылып, сыртқы келбетінің жұмыстары толық аяқталды. Ғимараттың ішкі жарық жұмыстары жүргізілуде. 2 дана пеш орнатылып, жылу қосылған. Сонымен қатар терезелер салынып, есіктер орнатылды, ғимараттың алдына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ғимарат алдына бордюрлер толық қойылып, асфальт төселінді. Қазіргі уақытта 80% жұмыс атқарылды, жұмыс келісімшартқа сәйкес уақытында аяқталады деп күтілуде. Бүгінгі күнге 61 млн теңге қаржы игерілді.

Сонымен қатар биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Тегістік ауылына 90 орындық мәдениет үйі құрылысын жүргізуге  111 648,0 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстарының 90% орындалды. Ғимаратты биылғы жылдың соңына дейін бітіріп, халық игілігіне беру жоспарланып отыр. Сонымен бірге 2023 жылы Кеңес ауылынан 90 орындық, 2024 жылы Ақшолақ ауылынан 90 орындық, 2025 жылы Мырзатай ауылынан 120 орындық клуб құрылыстарын жүргізу үшін сметалық жобалық құжаттары дайындалып, сараптамадан өткізіліп, қаржы бөлуге ұсыныс берілді.

Байзақ ауданындағы тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру пилоттық жобасының іске асырылу барысы туралы«Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру» пилоттық жобасы 2020-2021 жылдарда Қостөбе және Түймекент ауылдық округтерінде, өткен 2021 жылы Үлгілі ауылдық округінде нәтижелі іске асты.

(Жоба аясында жалпы 12514 бас мал мен құс (Қостөбе 4443 бас, Түймекент 5165 бас, Үлгілі 2906 бас), 43 техника (Қостөбе 12, Түймекент 18, Үлгілі 13) сатып алынды. Жұмыссыздар саны 4,5 есеге кеміп, 614 азамат (Қостөбе 256, Түймекент 262, Үлгілі 96) жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Орташа табысы 4 есеге артты).

Әр бағыттар бойынша жеке-жеке тоқталар болсам:

Жобаның І бағыты үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бойынша 2020 жылы жалпы 2270 ауланың (Қостөбе 1130, Түймекент 1140) 223,7 гектар (Қостөбе 91 га, Түймекент 132,7 га) жеріне әртүрлі дақылдар егіліп, жалпы 1863,6 тонна (Қостөбе 995 т, Түймекент 868,6 т) өнім алынды. Алынған өнімдердің 1097 тоннасы (Қостөбе 587 т, Түймекент 510 т) ішкі тұтынуға жұмсалды, қалған 766,6 (Қостөбе 408 т, Түймекент 358,6 т) тоннасы еркін саудада сатылды.

2021 жылы жалпы 2290 ауланың (Қостөбе 1130, Түймекент 1160) 226 гектар (Қостөбе 93,3 га, Түймекент 132,7 га) жеріне әртүрлі дақылдар егіліп, жалпы 2002,6 тонна (Қостөбе 904 т, Түймекент 1098,6 т) өнім алынды. Алынған өнімдердің 1117 тоннасы (Қостөбе 397 т, Түймекент 720 т) ішкі тұтынуға жұмсалынды, қалған 885,6 (Қостөбе 507 т, Түймекент 378,6 т) тоннасы сауда орындарында («Арзан», «Корзинка» сауда үйлеріне) және еркін саудада сатылды (2020 жылмен салыстырғанда 2,3 гектарға артып, жалпы алынған өнім 139 тоннаға артқан). 

Ағымдағы жылы үш ауылдық округ бойынша жалпы 2701 ауланың (Қостөбе 1130, Түймекент 1140, Үлгілі 431) 286,7 гектар (Қостөбе 91 га, Түймекент 132,7 га, Үлгілі 63 га) жеріне әртүрлі дақылдар орналастыру жоспарланған. Бүгінгі күнге, үш ауылдық округ бойынша жалпы 2785 ауланың (Қостөбе 1130, Түймекент 1224, Үлгілі 431) 256,3 гектар (Қостөбе 93,3 га, Түймекент 100 га, Үлгілі 63 га) жеріне әртүрлі дақылдар орналастырылды. 

Өткен 2021 жылмен салыстырғанда Түймекент ауылдық округінде 32,7 гектарға кем, себебі кейбір үй іргесіндегі жерлерге қора-жайлар соғылуда және ағын су берілетін «Байзақ» каналы жөндеуден өткізілуіне байланысты көптеген аулалар егістік жер көлемін қысқартып отыр.

Ағымдағы жылы, егілген алқап көлемі кемігенімен, Үлгілі ауылдық округінің есебінен алынған өнім көлемін 2635 тоннаға (Қостөбе 995 т, Түймекент 869 т, Үлгілі 771 т) көбейту, ал 2023 жылы 2715 тоннаға көбейту жоспарланып отыр. 

Кооперативтердің техникалары ауласы кең үй іргесіндегі жерлерді айдап өңдеуде. 2020 жылы кооперативтер 241 ауланың үй іргесіндегі жерлерге (Қостөбе 113, Түймекент 128) ауылшаруашылығы техникаларымен қызмет көрсетсе, 2021 жылы 265 аулаға, ал биыл 298 аулаға қызмет көрсетті (әр аулаға қызмет көрсету құны 3300-3500 теңге аралығында).  

Жобаның ІІ бағыты мал шаруашылығы бойынша барлығы 508 (Қостөбе 250, Түймекент 258, Үлгілі 92) несие алушы 12514 бас (Қостөбе 4443 бас, Түймекент 5165 бас, Үлгілі 2906) мал мен құс алды.

 

Нәтижесінде ауылдық округтерде мал бастары көбейіп, өндірілген өнім көлемі артты. Мысалы, 764 тонна ет (Қостөбе 

614 т, Түймекент 150 т), 825 тонна сүт (Қостөбе 

655 т, Түймекент 170 т) өндіріліп, 2019 жылмен салыстырғанда ет өнімінің өсімі 3 есе және сүт  2 есеге ұлғайды.

2021 жылы екі округте жалпы 41552 бас (Қостөбе 13713 бас, Түймекент 27839 бас) мал мен құс тіркеліп, мал басынан өсім байқалды.

 

Нәтижесінде, ауыл тұрғындарының қолында бар мал басынан өндірілген өнім 765 тонна ет (Қостөбе 500 т, Түймекент 265 т), 961 т сүт (Қостөбе 531 т, Түймекент 430 т) өнімін құрап, 2020 жылмен салыстырғанда алынған өнімінің 137 тоннаға артық өндірілгені байқалды. Алынған сүт Талас ауылында және Тараз қаласында орналасқан сүтті қайта өңдеу цехтарына өткізілуде.

2022-2023 жылдары мал шаруашылығы бағытынан өндірілген өнім көлемін арттыру (2022 жылы ет 804 т, сүт 878 т, 2023 жылы ет 828 т, сүт 903 т) жоспарлануда.

Жобаның ІІІ бағыты тұрғындардың ауыл сыртындағы жерін тиімді пайдалану бойынша 2020 жылы ауыл сыртындағы жерге егілген егіс көлемі жоспарға сәйкес 615 гектарға (Қостөбе 235 га, Түймекент 380 га) әртүрлі дақылдар орналастырылды (арпа 224 га, жүгері 144 га, көпжылдық шөп 247 га).

Жалпы жиналған өнім 1242 тонна (Қостөбе 502 т, Түймекент 740 т) құрап, ауыл тұрғындарына төмендетілген бағамен сатылды (жоңышқаның әр түгі 400 теңгеден,  арпаның әр келісі 48 теңгеден).

2021 жылы барлығы 378 гектарға (Қостөбе 146 га, Түймекент 232 га) әртүрлі дақылдар орналастырылды (бидай 100 га, арпа 37 га, жүгері 20 га, көпжылдық шөп 197 га, бақша 12 га, рапс 5 га, көкөніс 7 га). Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 237 гектарға (Қостөбе 89 га, Түймекент 148 га) кем. Егістік жерлердің кему себебі, алдыңғы жылы біріккен шаруашылықтар кооператив құрамынан шығып, өздерінің жерлерін қайтарып алды.

Бұл жерлерден жалпы жиналған өнім 567 тоннаны (Қостөбе 195 т, Түймекент 372 т) құрап, ауыл тұрғындарына төмендетілген бағамен сатылды. (Жалпы алынған өнімнің 2020 жылмен салыстырғанда 675 тоннаға кему себебі, егістік жер көлемінің азаюы мен 2021 жылы ауа-райының қолайсыздығына байланысты болып отыр).

2022 жылы барлығы 822 гектарға (Қостөбе 167 га, Түймекент 185 га, Үлгілі 470 га) әртүрлі дақылдар орналастырылды (бидай 100 га, арпа 350 га, жүгері 60 га, көпжылдық шөп 247 га, мақсары 50 га, басқа дақылдар 15 га).

Ауылдық округ тұрғындарына ауыл сыртындағы жерлерін кооперативке біріктіру туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Кооперативтерге жер беру бойынша, 2021 жылы «Түймекент – 2019» АШК-не босалқы жер қорынан жалпы көлемі 67,0 гектар жер учаскесі конкурс арқылы ауыл тұрғындарымен бірлесіп пайдалануға берілді. 

Жобаның ІV бағыты кооперативтерді жабдықтау және құру бағыты бойынша жалпы үш ауылшаруашылығы кооперативіне 210,4 млн теңгеге (Қостөбе 47,560 млн тг, Түймекент 85,840 млн тг, Үлгілі 76,972 млн тг)43 дана (Қостөбе 12, Түймекент 18, Үлгілі 13) ауылшаруашылығы техникалары алынған.

Қостөбе және Түймекент ауылдық округтерінің кооперативтері алынған техникаларға  мемлекет тарапынан 59,8 млн теңге  инвестициялық субсидия төленіп, қалған несиенің қайтарылымы уақытылы бекітілген кестеге сәйкес төленуде. Бүгінгі күнге кооперативтердің алынған техникалардың қаражатын қайтарудағы берешек сомасы 62,251 млн теңге («Қостөбе – 2019» 20,034 млн тг, «Түймекент – 2019» 42,217 млн тг).

Сонымен қатар, кооперативтер айналым қаражаты үшін, жеке тұрғын үйлер мен коммуналдық меншіктегі ғимараттарды кепілге қою арқылы «Тараз» микроқаржы ұйымынан 47,867 млн теңге («Қостөбе – 2019» 20,072 млн тг, «Түймекент – 2019» 14,495 млн тг, «Ақылжан – 2017» 13,3 млн тг) несие алған болатын, бүгінгі күнге бұл қаражатты «Қостөбе – 2019» АШК толық төледі, ал «Түймекент – 2019» АШК қалған 7,247 млн теңге қаражатты осы жылдың соңына дейін толық төлейді. «Ақылжан – 2017» АШК несие берешегін жыл соңынан бастап төлейтін болады. Алынған техникалар үй іргесіндегі жерлерді төмендетілген бағамен өңдеуге қызмет көрсетуде: 1 аулаға 3300-3500 теңге аралығында, кооператив мүшелерінің ауыл сыртындағы жерлерін айдау құны 1 га жерге 10000 теңге. 

Пилоттық жобаның V бағыты бойынша:  Үш ауылдық округтен 13 азамат (Қостөбе 6, Түймекент 4, Үлгілі 3) жалпы 88,820 млн теңге (Қостөбе 64,410 млн тг, Түймекент 12,940 млн тг, Үлгілі 11,470 млн тг) несие алып жеке кәсібін ашып, жұмыс атқаруда (оның ішінде 6 жылыжай, 1 шұжық цехы, 1 бал омартасы, 1 наубайхана, 1 тұқым тазалау, 1 тігін цехы, 1 а/ш шеберханасы, 1 инкубатор). Бұл кәсіпкерлік нысандарда өндірілген өнімдер ауыл тұрғындарына және дүкендерге еркін сауда арқылы сатылуда.

Алынған несиелердің қайтарылымы бойынша: Бүгінгі күнге жалпы екі ауылдық округ бойынша 30 азамат 95,2 млн теңге несиесін мерзімінен бұрын қайтарды. (Қостөбе – 18/65,4 млн тг (алған адам – 256), Түймекент – 12/29,8 млн тг (алған адам – 262).

Пилоттық жобаға енген 3 ауылдық округтер бойынша үй іргесіндегі жерде өндірілген өнімдерді жинап, делдалсыз тікелей облыс орталығындағы сауда орындарында сатуды, ауылдық округтерде құрылған кооперативтер арқылы жүзеге асыру бойынша ұйымдастыру жұмыстары атқарылып, автокөліктермен келісімшарттар жасалынды.

 

Рауан МУТАИР
22.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 128
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 14
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 41
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 55
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 40
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 460
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 428
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 451
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 444
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 442
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 459
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 448
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 642

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9685
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9064
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12298
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10069
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11278