Қашанғы азаматтық қоғамды аңсаумен жүре бермекпіз?

Қашанғы азаматтық қоғамды аңсаумен   жүре бермекпіз?

Қоғамды үнемі толғандырып келе жатқан сұрақтар көп. Соның ең елеулісі: «Біз қай уақыттан бері еркін ойлау, гендерлік теңдік, рассизм, демократия мәселелерін ашық түрде айта бастадық? Адам санасының өзгеруі қай кезеңнен басталды және оның өзгеруіне қандай оқиғалар мен шығармалар түрткі болды?» – деген сұрақтар. Адам құқығы жайлы ақпараттар, тарихта қанды төгіп отырып азаттыққа жеткен халық ерліктерін бүгінгі интернет қарыштаған заманда жасырып жабу мүмкін емес. Сондықтан болар бұрыңғыдай бұғып қалу жоқ, адам құқығына келгенде кез келген азамат шырылдап пікрін бүкпесіз айтады. 

Адамзат санасындағы бұлқыныстар

Ал тарихқа тағы үңілсек, «демократия» ұғымы біздің заманымыздан бұрынғы Афина мемлекетінде де болған. Сенесіз бе? Бұл біздің заманымыздан бұрынғы мемлекет, алайда бұл «халықтық жүйеде» басы бос ер адамдар ғана дауыс беретін. Әйел адамдарда ондай құқық болмады.  Оның үстіне бұл құлдық жүйеге құрылған демократия болатын. Аристотельдің: «Құл – жанды мүлік» деген сөзі қазіргі адамдардың құлағына түрпідей тиер. Алайда бұл сол замандағы қалыптасқан түсінік. Бұл түсініктің тарих қирандыларының арасында ғана қалғаны – адамзаттың ерік жолындағы үлкен жетістігі десек артық айтқандығымыз емес. Адамзат игілігіне пайдаланылған ұлы ұстаз Аристотельдің еңбектері, Периклдің кезіндегі ұлы философтардың жаратылыс жайлы таңғажайып теориялары өнерде де, ғылым-білімде де үлкен жарылыс жасады. Кейінде шіркеу қабырғасын шайқалтқан ұлы ғалымдар, өнер иелері антикалық, жаңағы біздің заманымыздан бұрынғы кезеңнің туындыларынан шабыттанды. Шіркеудегідей діни догма аз кезеңде өнер «қолын» еркін сермеді, соған жарай көкке өрледі. «Мұсылман ренесансы» Италияда басталған Қайта өрлеуден ертерек болды. Ұлы ұстаз, Әбу Насыр әл-Фарабидің трактаттары мәңгілік мұра десем, пафосқа ұқсап қалар, бәлкім. Бірақ бұл еңбектер сөзсіз адамзат игілігіне арналған ұлы шығармалар екені анық. Адамзат осынша ауыр жолды жүріп, соғысқа да, нәубетке де ұшырап, адами құндылықтар, құқық жайлы түсінікке келу үшін өте көп еңбек етіп, құрбандықтарға барды. Бұны түйсіну әрбір азаматтың міндеті дер едім.

 

Билеп-төстеуші, басып-жаншушы күштер барда оларға қашанда қарсы тұратын Прометей табылды. Азаттықтың мәңгі символына айналған осы бір Эсхил шығармасының кейіпкеріне қандай диктаторлық жүйе болса да, қасқайып қарсы тұрған халықты теңейтініміз бекер емес. Себебі бір күні болмаса, бір күні халық азаттық үшін, әділет үшін күреседі. Қазіргі мемлекетіміздің жағдайын жақсартуға биліктің ұшар басындағы ат төбеліндей ғана бір топ адамдар бей-жай қарамай, азаматтық қоғам құруға және экономикалық тәуелсіздікті толық орнату үшін еңбек етуі керек. Бір ғасырмен уақыт тоқтамайды. Ұрпақ еске алады. Ұрпақ кешірмейді. Тарихтағы қанды оқиғаларды айтып, ұлт үшін қаза тапқан ерлерін ұлықтап, әділетсіз жүйе мен сол жүйені жасаушыларға лағынет айтып жатқан қаншама ел бар? Мысалы еврей халқы әлемдік деңгейде өздеріне жасалған геноцидті айтады. Холокосты адамзат тарихындағы қанды геноцид ретінде таныта алды. Қазақ халқына жасалған репрессияны да сондай деңгейде айтуымыз керек. Кейінгі ұрпақ осы кезеңді, осы кезеңнің адамдарын ұлықтай алатын, әділетті қоғам құрды дей алатын деңгейге ұмтылуымыз керек.

Абзал СҮЛЕЙМЕН
10.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 196
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 190
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 699
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 822
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 735

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8891
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8286
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11514
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9270
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10498