Қазақ құтқарушылары абыроймен оралды

Қазақ құтқарушылары абыроймен оралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 7 ақпанда құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары, оның ішінде Қазақстан ТЖМ техникасы, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері және кинологиялық есептоптар алғашқылардың бірі болып екі эшелонмен Түркияға жолға шығып, ең күрделі қираған объектілерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кіріскен болатын.  Қазақстандық құтқарушылар тобын ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев басқарды. Сондай-ақ Түркиядағы зілзаладан зардап шеккен аймаққа қызмет етуге кеткен қазақстандық құтқарушылар ерекше құтқару тәсілімен көзге түсіп, өзге елден келген құтқарушыларды таң қалдырды. Бұл туралы журналист Нұрбек Бекбау өз инстаграм парақшасында бөлісті. Еске сала кетейік, осыған дейін Нұрбек Түркияға 100 киіз үй бастамасын көтерген еді. «Қазақтың төтенше қызметі Газиантеп шаһарына келгенде, шеткірек бір учаскені берген. Еуропаның мен-мен деген елдерінің құтқарушыларына көбірек иек артқан ғой.

Біздің жігіттер «жарайды» дейді де, сол өздеріне берілген аумақтан әуелі 2-еу, сосын тағы 3 адамды дін аман, қирандылар арасынан суырып алады. Әлгінде ғана «дамыған елдердің робот боп киініп алған төтеншеліктерінің қасында, қазақтың қайла ұстаған жігіті не бітіреді?» деген пікірі сап жойылады. Назар біздікілерге ауады. Қазақ жігіттері аз ғана уақытта өте өнімді жұмыс көрсетеді ғой. Сөйтсе былай екен:

Шетелдік құтқарушылар қиранды астында қалып қойған адамдарды тек ауыр техника күшіне сүйеніп қана шығарады. Оған ұзақтау уақыт керек. Тірі жатқан кісі күтіп жатып-ақ өліп қала берген. Ал қазақ жасағының тактикасы өзгеше. Қираған ғимараттың бүйірін үңгіп, жетіп барады немесе үй жанын ойып, басылып қалған кісінің астынан келеді. Осындай пидагерлікке баруының арқасында жігіттеріміз 7 жанды аман алып қалды. 88 адамның денесін қиранды ішінен суырып алды. Біздің жігіттер қабырғаларды қақырата қазып жатқан кран аяулы адам денесін мылжалап тастауына жол бермей, әр марқұмның арулап көмілуіне жағдай жасады. Түріктер осыдан кейін, Газиантеп қаласындағы бізге тиесілі 3 учаскеде қазақтың жігіттерін негізгі күш етіп, басқасын соларға бағындырып қойды. Кеше қиранды үйлердің астынан тірідей болса тірідей, шейіт болғандардың денесін алып шығып, үйінді болған үйлерді сүріп, тап-таза етіп барып, елге қайтты.

Әбжіл, арықтау келген, көпшілігінің 5 уақыты түгел, сабырлы жігіттер» делінген жазбада. Осылайша апат аймағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан біздің жігіттерге Түркия тұрғындары уақытылы және нәтижелі іздестіру-құтқару жұмыстары үшін шын жүректен алғыс сөздерін білдірді. 

 

Ермек Сахариев
23.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 197
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 192
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 700
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 823
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 736

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8892
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8287
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11515
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9271
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10499