Сыбайлас жемқорлық қазіргі уақытта әлемнің барлық дерлік елдерінде, олардың саяси дамуына қарамастан әлеуметтік құбылыс ретінде жалғасын таба беруде, бұл елдердің ішінде Қазақстан да бар, ерекшелігі тек сыбайлас жемқорлықтың ауқымында. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық дамуға, нарықтық экономиканың қалыптасуына, инвестиция тарту процестеріне кері әсерін тигізетіндігі сөзсіз және ол ел болашағының дамып-өркендеуіне қаупі зор екендігін білеміз.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V ҚРЗ заңы сыбайлас жемқорлыққа мынадай айқындама береді: Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алумен тең.
Қарапайым тілмен айтқанда, сыбайлас жемқорлық – тұлғаның лауазымын жеке басының мүддесі үшін пайдалану. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің бірі — пара. Пара дегеніміз не? Бұл лауазымды адамның өзі атқарып отырған лауазымын пайдалана отырып, басқа адамға қызмет көрсетуі, соның есесіне басқа адамнан ақша алуы немесе басқалай пайда көруі. Сонымен бірге көрсетілген ақшалар мен пайда-жеңілдіктерді парақор әрқашан жеке өзі ала бермейді, олар көбіне жақын адамдарына немесе жалған ұйымдарға берілуі мүмкін. Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы сөздерінде, сыбайлас жемқорлықты қоғамның қатысуынсыз жеңуге болмайтынын бірнеше рет атап өткен еді. Сыбайлас жемқорлық қоғамға тек зиян тигізіп қана қоймайды, ең қорқыныштысы ол парақор адам мен оның жақындарының санасын улап, дертке душар етеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін мемлекеттік қызметтер электрондық форматта электронды үкімет порталы арқылы ұсынылады, бұл өздігінен өтініш берушімен байланысты азайтады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері өтініш берушінің қалауы бойынша электрондық форматта да қабылдануы мүмкін. Мемлекеттік органдарда азаматтарды қабылдау кестесі ұйымдастырылған, шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік бар, сондай-ақ сенім телефоны жұмыс істейді. Жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және басқа заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мына шараларды қолданады:
— белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы фактілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлау;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысу;
— дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) мемлекеттік органның не өзі қызметкері болып табылатын ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға хабар береді;
— соғары тұрған басшы, мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабар бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қабылдауға міндетті;
— сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді. Осы тармақтың ережелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпартты хабарлаған адамдарға қолданылмайды, олар заңға сәйкес жауапты болады;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады. Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі шараларының бірі мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдауы болып табылады. Заң сонымен қатар отбасы мүшелеріне тыйым салуды қарастырады, яғни, жұбайына, ата-аналарына, балаларына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған адамдардың асырауындағы не олармен үнемі бірге тұратын адамдарға, жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған адамның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін (егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса) ұсынылған материалдық сыйақылар, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызмет (көмек) алуға тиым салынады. Мемлекеттік қызметшінің отбасы мүшелерінің мемлекеттік қызметшімен оның қызметі бойынша байланысы бар жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместерінің қаражаты есебінен сыйлықтар мен көрсетілетін қызметті (көмек), саяхаттарға шақыру, сауықтыру және басқа да сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылары жоқ.
Наурызбай ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық Қызметті жоспарлау және талдау
бақылау басқармасының басшысы бөлімінің басшысы
В.И.Конеева Б.Султанбаева














