Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВ мырзаға

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВ мырзаға

А  Ш  Ы  Қ    Х  А  Т

 

Аса мәртебелі Қасым-Жомарт Кемелұлы!

 

Соңғы екі айдан бері Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ автномиялы облысында Қытай үкіметінің «Ковид» ауруына байланысты жасаған “карантин” шектеулерінен, ондағы жасап жатқан қандастарымыздың жаппай аштыққа ұрынып жатқаны туралы Вичат әлеуметтік желілерінде түрлі видеолар мен хабарлар толассыз келіп жатыр

Жеткен деректерге қарағанда Іле Қазақ автономиялы облысының орталығы Құлжа қаласынан бастап барлық аудандарда бір айдан бері барлық сауда орындарында азық-түлік таусылған, жұмыс орындары жұмысын тоқтатып, халық карантинде ешқайда шыға алмайүйлерінде қамалғанСоныңсалдарынан соңғы екі аптададан бері жұрттың ішерге тамағы жоқкей отбасыларда адам өле бастағанДүкендерде азық-түліктауысылғандықтан ақшасы болса да азық-түлік сатып ала ал-майтыны туралы Қазақстандағы туыстарына хабар келуде. Кей өңірлерде ауруларды емдеу мен жүкті әйелдерді босандырумедицина қызметкерлерінің келмейтіні туралы ақпарат бар.

Қытайда ресіми дерек бойынша 2 миллионға жуық Қазақ бар. 1953-1963 жылдарда Қазақстанға оралған 400 мыңнан астам қазақты және Тәуелсіздік алғаннан бері оралған 200 мың қазақтар мен олардың өсімін қоса есептегенде Қазақстанда қазір Қытайға қатысты 2 миллионға жуық Қазақ бар.

2020 жыдың басында Қытайда тараған “Ковид” індетіне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасы жабылып, содан бері Қытайдағы қандастарымыз Қазақстанға келе алмай қалды. Қазақстан үкіметі жақында Қытай азаматтарына 14 күнге визасыз кіруге рұхсат бергенімен, Қытай үкіметі ол жақтағы Қазақтарды Қазақстанға жібермеуде. 

2022 жылы 14 қыркүйекте Қытай Төрағасы – Ши Жинпиң ресми сапармен Қазақстанға келетіні белгілі. Осыған байланысты Сізден, Қытай Төрағасымен кездесу кезінде Қытайдағы қандастарымыздың аштыққа ұрынуын болдырмау, оларға гуманитарлық көмек жіберу және Қазақстанға кедергісіз көшіп келу бойынша мәселелерді қарастырып, оңды шешімдер қабылдануына ықпал етуіңізді сұраймыз.

Ұлтымыз үшін маңызды мәселе назарыңыздан тыс қалмаса екен?! 

 

Құрметпен:

Дулат ИСАБЕКОВ - Жазушы, драматург, Қазақстан мемлекеттік силығының иегері

Мұхтар ШАХАНОВ - Ақын, Қазақстан халық жазушысы, Қазақстан Еңбек Ері

Марат ТОҚАШБАЕВ - Жазушы-публицист, “президент және халық” газетінің бас редакторы

Өмірхан АЛТЫН - “European Kazakh Forum”&“Шетелдегі Қазақтарды қорғау” қозғалысы төрағасы

Темірхан МЕДЕТБЕК - Ақын, Қазақстан мемлекеттік силығының иегері.

Оразалі СӘБДЕН - Ғалым, академик, Қазақстан мемлекеттік силықтың иегері

Сайлау БАТЫРШАҰЛЫ - дипломат, профессор, Экономика ғылымдарының докторы.

Қазыбек ИСА - Ақын, Қазақстан парламентінің депутаты, “Қазақ үні” газетінің президенті

Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ - Журналист, тіркелмеген “Біздің таңдау” партиясы кеңесшісі

Сайдахмет ҚҰТТЫҚАДАМ - Саясат танушы, публицист, қоғам қайраткері

Жанкелді ШЫМШЫҚОВ - профессор, Экономика ғылымдарының кандидаты

Сланқожа ҚАРАҚЫСТЫҚ - Полиция полковнигі, ақын, аудармашы

Дос КӨШІМ - Саясаткер, “Ұлт тағдыры” қозғалысының төрағасы

Серік ЕРҒАЛИ  - Журналист, “Елсана” қоғамдық қорының төрағасы

Еркін РАҚЫШОВ - Режисер, тіркелмеген “Ел мен Жер” партиясыың жетекшсі

Омар ЖӘЛЕЛҰЛЫ - Аудармашы, ғалым, зерттеуші, Абайтанушы

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА  - Заңгер, Журналист, “Қазақ Елі” қозғалысының төрағасы

Жұмамұрат ШӘМШІ - Ақын, журналист. Қоғам белсендісі

Серік ЖОЛДАСБАЙ - ORDA LIFE каналының жетекшісі

13.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 29
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 57
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 26
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 31
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 27
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 55
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 57
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 259
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 255
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 877

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8952
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8346
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11572
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9330
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10556