Қазақстанда болуы мүмкін үш дағдарыс

Қазақстанда болуы мүмкін  үш дағдарыс

  «Қазақстандағы экологиялық саясат: жай-күйі және болашағы» тақырыбында Sputnik Қазақстан мультимедиялық орталығында өткен брифингте «Жасыл Даму» АҚ бас директорының орынбасары Гүлмира Исмағұлова: «Қазақстан 2050-2060 жылдарға дейін бірнеше дағдарысқа тап болуы мүмкін. Бірінші ықтимал дағдарыс Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты болады. Мысалы, Қазақстан экспортының бір бөлігін бидай құрап отыр. Ал климаттың өзгеруі бұл көрсеткішке кері әсер етуі мүмкін. Климат өзгеріп, климаттық аумақтар экватордан полюстарға қарай жылжып жатыр. Көктем ерте шығып, жер құрғап жатыр. Бұл жақсы емес. Екінші ықтимал дағдарыс Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің мұнай, газ және металл экспортына тәуелділігіне байланысты. Оларды өндіру көп энергияны қажет етеді. Қазір әлем елдері 2050 жылға қарай көміртек бейтараптылығына қол жеткізу туралы міндеттемені өз мойнына алған. Сондықтан мемлекеттер қазіргі технологияларды өзгертуге тырысады. 2050 жылға қарай көмірсутек бағасы екі есе арзандайды. Қазір бұл өтірік секілді көрінгенімен, расында солай болады. Сол себепті Қазақстан бюджетті көмірсутек есебінен тұрақты толтыра алмай қалады. Экспорттаушылар мен мемлекеттік бюджет кірісі төмендейді. Егер мемлекеттік бюджет азайса, онда жол, қауіпсіздік, білім мен денсаулық сақтау сынды салалар қаржыландырылмай қалады. Жақын уақытта басталуы мүмкін үшінші ықтимал дағдарыс Еуроодақтың импортқа көміртек салығын салуға қатысты шешімімен байланысты. Салық көлемі қандай да бір тауар дайындау кезінде атмосфераға шығарылған улы газ көлеміне байланысты болады. Бізде энергия жұмсайтын экспорт бар. Егер біз жақын уақытта саясатты өзгертіп, демагогияны тоқтатпасақ, 2027-2028 жылдарға қарай 90-ы жылдардағы дағдарыс қайталануы мүмкін. Бұған жол бермеу керек. Сондықтан барлық мемлекетке жылдам бейімделуге және салықты аз төлеуге уақыт беріліп отыр», — деп мәлімдеді.  

Ермек Сахариев
23.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 40
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 155
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 192
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 188
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 155
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 299
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 519
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 472

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779