ҚАЗАҚТА АЖЫРАСУ БОЛҒАН БА?

ҚАЗАҚТА АЖЫРАСУ БОЛҒАН БА?

Қазақта неке – жастардың бас қосуы ғана емес, екі рудың одағы іспетті болған. Тарих ғылымдарының кандидаты Салтанат Асанованың айтуынша, жар таңдау – болашақ экономикалық, саяси және әскери одақтастарыңды таңдау. «Құда мың жылдық» деудің мәні де осында. Тарихшы ажырасудың салдарын былай тарқатады:

«Ажырасу негізінен мүмкін емес еді. Өйткені әйелдердің балаға толық құқығы болған жоқ. Балалар түгелдей әке әулетінің иелігінде саналатын. Тарихта бірен-саран ажырасқандар болғанымен, әйел затының көбі балаларын тастап кетуге батпайтын. Дегенмен әйелге «кетемін» десе, кетуге рұқсат берілетін. Тіпті ат мінгізіп, жасау-жабдығын беріп шығарып салуы мүмкін. Бірақ ұрпақ әке әулетінде қалады». 

 

ӘЙЕЛДЕРДІҢ МҮЛІККЕ ҚАТЫСТЫ 

ҚҰҚЫҒЫ ҚАНДАЙ ЕДІ? 

 

Далалық өмірде ақын әйелдер де, соғысқа қатысқан батыр әйелдер де болған. Алайда Салтанат Асанова экономикалық тұрғыдан қазақ әйелінің мүлікке құқығы болмағанын айтады. Әулеттің меншік құқығы әкеге, күйеуге немесе үлкен ұлға тиесілі болатын. 

«Тіпті ұлы қайтыс болған жағдайда да әйелдің мүлікке иелік ету құқығы шектелген. Көшпелі қоғам ерлерге тән еңбек сипатына негізделіп қалыптасқандықтан, еркектер экономикалық тұрғыдан басымдыққа ие болды. Олар өз құқықтарын меншік иесі болу арқылы бекітті» дейді тарихшы. 

 

ӘЙЕЛДЕР ОТБАСЫНЫҢ МҮЛКІН 

ҚАЛАЙ ҚОРҒАҒАН?

 

Қазақ даласында жиі кездесетін дау – қарындас дауы, жесір дауы. Бұл көбіне әмеңгерлікке байланысты.

«Әйелдің артынан келген жасауы оның өз иелігі болып саналды. Одан бөлек, әйел адам әмеңгерлікпен басқа еркекке тұрмысқа шыққанда балаларына тиесілі отбасының мүлкі «өгей әкеге» өтетін болған. Сондықтан көп жағдайда әйелдер балаларына тиесілі мүлікті қорғап қалу үшін екінші рет тұрмысқа шығудан бас тартатын. Қазақта әйелдің еркінен тыс әмеңгерлік институты қолданылмаған» дейді тарих ғылымдарының кандидаты Эльмира Телеуова. 

 

«ЖЕТІ ЖАРҒЫДАҒЫ» ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҒЫ 

 

Тарихшы Эльмира Телеуованың айтуынша, «Жеті жарғыда» әйелдерге қатысты отбасылық құқық мәселесіне ерекше тоқталған. Тіпті ер азамат өзге әйелмен көңілдестік, зинақорлық жасаса, әйелі оған жаза кесуге талап ете алатын болған:

«Дәстүрлі қоғамда еркектердің мұндай қадамға баруы мүмкін емес еді. Егер әйел билерге жүгінетін болса, ондай еркектерге жаза қолданатын болған. «Жеті жарғыда» әйелдерге үлкен мәртебе берілгенінің көрінісі».

Материал Qalam-да жарияланған мақалалар мен сұхбаттар негізінде әзірленді.

Qalam Tarih

05.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23729
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23387
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40174
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36853
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41055