Қой жүні мен терісі неге құнсыз? Қазақстан мен Өзбекстан арнайы экономикалық аймақтарда бірлескен кәсіпорындар құру мәселесін талқылады.

Қой жүні мен терісі неге құнсыз?   Қазақстан мен Өзбекстан арнайы экономикалық аймақтарда бірлескен  кәсіпорындар құру мәселесін талқылады.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында Өзбекстанның «Узчармсаноат» былғары аяқкиім және жүн-тері кәсіпорындары қауымдастығы төрағасының орынбасары Адхам Муйдинов бастаған делегациясымен бизнес-кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы, Алматы өңірлік палатасының өкілдері, кәсіпкерлер қатысты. 

Кездесуде көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, тоқыма, былғары галантерея, құрылыс материалдары, тамшылатып суару салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. 

Өзбекстанның «Узчармсаноат» былғары аяқкиім және жүн-тері кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Адхам Муйдинов мемлекеттік деңгейдегі жүйелі қолдау былғары аяқкиім және жүн-тері бағыттарын өзбек экономикасында ең жылдам дамып келе жатқан бағыттардың біріне айналдырғанын айтты.

«Сала кәсіпорындары 600 млн доллардан астам мемлекеттік қолдау алды. Бұл 600-ден астам жобаға арналған инновациялық бағдарламаны әзірлеуге және іске қосуға мүмкіндік берді. Бір салада біз 200 миллионнан астам долларға 100-ден астам жобаны жүзеге асырдық. Мысалы, 2021 жылы 10 млн долларға 115 млн жұп былғары аяқкиім шығарылды. Өткен жылы экспорт көлемі 21 млн долларға артты», – деді Адхам Муйдинов.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының құрылтайшысы Наталья Ахшабаева екі елдің жеңіл өнеркәсіптегі ынтымақтастығының зор  мүмкіндіктерін атап өтті. Қазір қауымдастық құрамында тоқыма, тігін, аяқкиім және тері бағыттарын біріктіретін 124 компания бар. Қазақстанда бұл салада 1100 компания жұмыс істейді, соның ішінде  980 компания – шағын бизнес өкілдері.

«Бұл жеңілдетілген салық режимі бар жеке кәсіпкерлер үшін ыңғайлы. Ірі компаниялар негізінен үлкен тапсырысқа бағытталған, қазір нарықтағы жағдай өте қиын. Өкінішке қарай, қазақстандық жеңіл өнеркәсіпте Өзбекстандағыдай мемлекеттік қолдау мен назар аздау. Біздің өндіріс өңдеу өнеркәсібі көлемінің тек 1%-ын ғана құрайды», – деді ол. Сондай-ақ, елімізде тоқыма өндірісі бойынша кластер құру немесе аяқ киім фабрикасын толық циклді ашу мүмкін еместігін айтып: «Елде фермадан фабрикаға дейін жеткізу тізбегі бұзылған. Фермерлер жүн өндіруге мүдделі емес, тері қабылдау пункттері жұмыс істемейді. Біздің тарихи қолөнеріміз – былғары өндіру, тері илеу, қой жүнін өңдеу жоғалған.

Жыл сайын біз 450 тонна мақта, 25-37 мың тонна жүн және 7,5 млн тері өндіреміз. Бірақ дайын өнімнің 95%-ын біз импорттаймыз, себебі шикізат іс жүзінде қайта өңделмейді, барлық логистика бұзылған. 2019 жылы біз 36  мың тонна жүн жинадық, 27 мың тонна жойылды. Жай жиналып, босқа тасталды. Жүн дұрыс сақталмағандықтан шіріп кетті. Біздің фермерлер жеңілдікті қойдың басына ғана алады, ал оның терісі мен жүнін тапсырғаны үшін оған ешқандай субсидия берілмейді», – деп мәлімдеді Наталья Ахшабаева.

Кездесу барысында екі елдің кәсіпкерлері ынтымақтастық және дайын өнімді Қазақстанға тікелей жеткізу, сондай-ақ Алматының арнайы экономикалық аймақтарында бірлескен кәсіпорындар құру мәселелерін талқылады. Өзбекстанның еліміздегі Бас консулы Аброр Фатуллаев Алматы өңірлік палатасының басшылығына келіссөз алаңын ұсынғаны үшін алғыс айтып, кездесудің тиімділігін атап өтті. Тимур Бекеев ҰКП жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, тамшылатып суару салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін барлық күш-жігерді ұсынатынын айтты.

Әлия КЕМЕЛБЕКОВА
25.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 164
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 170
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 385
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 351
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 968

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9046
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8442
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11669
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9432
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10650