ҚР Конституциясының 1-бап, 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған. Яғни мемлекет үшін әрбір жеке тұлғаның қадір-қасиеті мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету басты міндет. Осы орайда мемлекетіміз адам құқығы мен бостандығын қаншалықты қорғай алып отыр? Құқық қорғаушылардың рөлі не, оларды «еститін мемлекет» тыңдай ма? https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1739770559535663&id=100005082063852
Көпшілік талап еткен әділдік неге орнамайды
Егер еститін, халық үніне құлақ асатын мемлекет болса, жауапсыздық пен сауатсыздық салдарынан 10 жылға сотталған Әліби Өтепбергенге араша сұрап, әділдік іздеген қоғамға, жанашыр, тілекші көпшілік қауымға неге жауап бермейді? Мемлекеттік БАҚ-тарда қоғам қайраткерлері, елге қадірлі өнер жұлдыздары ақиқатын айтып, қайта-қайта шырылдаған шындығы газет беттерінде, әлеуметтік желілерде жарияланып, барша халықтың қолдауына ие болған Әліби ісі әлі күнге неге әділ бағасын алған жоқ? https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=318396086525067&id=100050640353490 Әліби Өтепберген Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің 2 курсын аяқтап, жазғы демалысында, 22 шілде 2019 жылы қосымша қаражат табу мақсатында Ақтөбе қаласындағы балалар лагеріне жұмысқа тұрды. 22 шілде жұмысқа тұрған Әлібидің үстінен 25 шілде арыз түскен. Нақты назар аударатын жағдай – «Әліби балаларға анайы қылықтар көрсетті» деп, ол жұмысқа кіргеннен 3 күн кейін шілденің 25-і күні арыз жазылған. Арызда «...педофил пайда болды» деп жазылған, лагерьде бірден шу көтеріледі. Арыздың жазылу себебі сол мезетте-ақ анық болғанындай, Әліби қыздарға су шашып, бұзықтық жасаған жасөспірімдерді тәртіпке шақырып, «су шашып ойнауға болмайды, әдепсіз қылықтарың үшін дискотекаға бармайсыңдар» дегені үшін балалар ерегесіп, ойдан құрап арыз жазған. Алайда көп уақыт өтпей-ақ арыз жазған балалар ойдан шығарылған іс насырға шапқанын, өтірік айтқандарын сол сәтте мойындап бәрі дерлік арыздарын қайтарып алады. Төрт бала ғана өтірігін мойындамайды. Бірақ кейін сот барысында «ондай ештеңе болған жоқ, біз өтірік айттық, мұны Ақтау қаласынан келген Дархан деген бала ұйымдастарды» деп үш бала да арызын қайтарып алады. Осы тұста сот дәл «ондай ештеңе болған жоқ, біз өтірік айттық, мұны Ақтау қаласынан келген Дархан деген бала ұйымдастарды» деген нұсқаны қарастыруы керек емес пе!? Ұйымдастырған бала бар, аты-жөні де белгілі. Бұл факт. Сот сараптамасы дәлелдеген факт. Арыз балалардың ойдан құрастыруымен жазылып, қылмыс түзілген, алайда балалар өтірік айтқандарын мойындап, жалған сөздерін қайтарып алғаннан кейін ешқандай қылмыс құрамы анықталмаған. Қылмыс құрамы болмаса, Әліби жалған жаламен жазықсыз сотталып, түрмеде неге отыр? https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=316761323299549&id=100048970521710
ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли сәуір айында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясында» берген сұқбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түсетін хаттардың 44 пайызы сот жүйесіне наразылық білдірген халық үлесіне тиесілі деген болатын. Демек, ел Тәуелсіздігінің 30 жылында құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан халқының 40 пайыздан астамы сот тарапынан әділетсіздік көріп, құқының қорғалуы мен бас бостандығы үшін зар илеп отыр. Соттардың сауатсыздығы мен қорғаушылардың жауапсыздығынан қаншама тағдыр темір торда жазықсыз жапа шекті. Статистикаға сүйенсек, қазір елде 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 000 адам қамауда. Олардың барлығы әділ сот үкімін арқалаған қылмыскерлер десек, қателесеміз. Өйткені Қазақстанның тәуелсіз соты тарихында жазықсыз сотталып, кейін кінәсіздігі дәлелденіп, ақталып шыққан азаматтар туралы көптеген мысал келтіруге болады. Алайда біздің айтпағымыз... https://www.facebook.com/aldiyar.tabishov
Елдегі жазықсыз сотталғандар қатарында Әліби Өтепберген де бар. Қоғамда резонанс тудырған Әліби ісінде 3 жылға жуық уақыт өтсе де әділдік орнамаудың бірден-бір себебі – құқық қорғаушылар тарапынан кеткен сауатсыздық пен жауапсыздық. Немқұрайлық пен безбүйректік зардабы өрімдей жас Әлібидің өмірін өксітті. Белгілі заңгер, адвокат Абзал Құспан: – Әліби ісінде қорғау тарапынан қателіктер кетпеді емес, кетті. Адвокаттық этикаға сәйкес көбі айтылмайды. Бірақ барды, бар жоқты жоқ деп айтуымыз керек. Өйткені апеллациялық алқада жарияланған өтінімде соттар тарапынан «Сіздер тергеуге қатыстыңыздар, сол кезде сот сараптамасына сәйкес Әліби ісінде ешқандай қылмыс құрамы дәлелденбегенін, яғни ұйымдастырған бала туралы нақты дерек бар екенін, қылмыс балалардың сөздерінен құралғанын, балалар өз сөздерінен бас тартқаннан кейін, қылмыс та жоқ екенін неге жария етпедіңіздер. Өздеріңіз процессуалдық әрекетсіздікке (процессуалное упущение) жол бердіңіздер» дейді. Өкініштісі сол бұл фактінің бәрі дер кезінде қолда болғанымен, адвокат, сот, тергеуші тарапынан табандылықпен қаралмағанының, қорғалмағанының, қадағаланбағанының кесірінен Әліби жазықсыз жаланың құрбанына айналды. Мен Жоғарғы сотқа жазғанда да, барғанда да айтып жатырмын. Бірінші инстанцияға да аппеллацияға да, жоғары сот сатысына да ешқайсысына басынан қатысқан жоқпын. Бұрын да айтқанымдай, Әліби ісіне кейін ғана пост фактум қатысып жатырмын. Бірақ Жоғарғы сотқа хат жазғанда «Егер адвокат сауатсыз болатын болса немесе адвокат (зла намеренно) істі өз мақсатына пайдаланатын болса, жазықсыз адамдарды соттап жібере беру кере пе?» деп анық көрсетіп жаздым, айттым. Іс бойынша неше түрлі сот сараптамалары өткен. Тергеуші соттардың тағайындау туралы қаулысымен таныспаған, тіпті қорытындысымен де таныспаған. Заң бойынша тергеуші сот сараптамасы тағайындаған қаулымен, қорытындымен таныстыруға міндетті. Басынан бастап уақытында сот сараптамаларына назар аударған болса, алғашқы кезде-ақ көп нәрсе өзінен өзі шешіліп қалған болар еді. Іс басталғанда өтірік көп айтылды. Кейін ақырындап жұмсарып келе жатыр. Негізгі адамның «қарнын ашыратын» тұсы – адвокаттар тарапынан процессуалдық әрекетсіздікке (процессуалное упущение) жол берілуі. Сол жіберілген олқылықтардың зардабын біз әлі тартып келеміз», – дейді. Ендеше сауатсыздық пен жауапсыздық салдары ескеріліп, Әліби ақталуы керек қой. Тағы бір ескерілуі керек мәселе, Абзал Құспанның айтуынша, балалар арызды қазақша жазған, ал сот сараптамасын жасағандар қазақша мүлде білмейді. Егер арыз қазақша жазылса, сот қазақша болса, сот сараптамасына, сотқа неге орыс тілді сарапшылардың араласуға қақысы бар ма? Тергеуші тергеу барысында заң бойынша сот сараптамасы тағайындаған қаулымен, қорытындымен таныстыруға тиіс міндетінен неге жалтарады? https://m.facebook.com/groups/2311275672530253/permalink/2903889973268817/
Өкініштісі Әлібидің құқығын қорғау бойынша жарғақ құлағы жастыққа тимей, дамылсыз шырылдап келе жатқан жанашыр топтың сот сараптамасы дәлелдеген ешқандай қылмыс құрамы жоқ жалған жаланы заңмен қорғай алмауы. Сауатсыздық пен жауапсыздықтың кесірінен өз елінде әділдік таппай, қараңғы қапаста өмірі өксіген жасқа араша сұраған халық үніне құзырлы органдарының селт етпеген меңіреулігі – өкініш. Дегенмен үкілеген үміт бар. «Халықтан биік ешкім жоқ», «Халық қаласа, хан түйесін сояр» деген қазақтың ұрпағымыз. Халық қалауы – Әлібидің бостандығы. Әлібидің ақталуы! https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=4045864758797880&id=100001231868135&anchor_composer=false
Халықтың тілегі – Әлібидің бостандығы
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы бастаған «Qazaqstan dauiri» газетінің ұжымы үнемі зерттеп, сараптап, «көзінен таса қылмаған» Әліби ісі – Әлібиге әділдік іздеген халықтың ашы даусы «еститін мемлекетке» жетуі керек. Президент әкімшілігі, ҚР Жоғарғы соты, ҚР Бас прокуратура мән-жайдан хабардар. Жақында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы, қоғам қайраткері, көсемсөзші, журналист Серік Ерғали, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова, белгілі заңгер, адвокат Абзал Құспан, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров, әкесі Қаныбек Табышов, нағашысы Қырмызы Байкен бастаған жанашыр, тілектес, ақылдастар алқасы тағы да онлайн бас қосып, Әліби ісін жеделдету жөнінде жоспар құрды.
Қазір 3 жылға жуық темір тордағы уақыт аралығында Әліби Өтепбергеннің денсаулығына нұқсан келген, басы айналады, соққыдан баста «внутричерепный давление» пайда болған. https://www.facebook.com/groups/ankui/permalink/1604128529950145/ Ешқандай қылмыс жасамай, жалған жаланың құрбаны болған өрімдей жастың өмірі осылай өксікпен өтіп жатқанда қол қусырып, қарап отыру арға сын. Сондықтан ақылдасу алқасы «Әліби ісін халықаралық деңгейде, халықаралық ұйымдардың назарын аударып, сол арқылы шешу керек пе?» деген сұрақтарды да талқылады. Алдымен сөз алған Сәуле Мешітбайқызы: – Әліби ісіне араласқалы бері қазақтың бір баласының жазықсыз жапа шегіп, әділетсіздік құрбаны болып отырғанына көзіміз жетті. Жанымыз ауырып, «Аққа құдай жақ» деуші еді, осы бала ақталып шықса екен деген жалғыз тілекпен үміт жібін үзбей келеміз. Әлібиге жасалған қиянатқа немқұрайлы қарауға болмайды. Жазылудан, айтылудан кенде болып жатқан жоқ. Жас баланың өмірі өтіп бара жатыр. Біз білмейтін де көптеген жағдайлар бар. Әлібидің денсаулығының нашарлағанын естіп, біліп отырмыз. Сондықтан әрекет етуіміз керек. Халықтың да тілегі Әлібидің бостандыққа шығуы болып отырғанына қоғам куә», – деді. https://www.instagram.com/p/CE1H6XVp2gX/?utm_medium=share_sheet
Ал осы онлайн жиынды ұйымдастырушы Серік Ерғали: – Абзал Құспанның Әліби ісіне білек сыбана кірісуінің өзі жақсылықтың нышаны. Себебі қазірге дейінгі қорғау жұмыстарының бәріне мониторинг жасап, қай жерде қандай қателік кетті, қазір іс неге тоқтап тұр, енді не істеу керек деген сұрақтарға білікті заңгер, адвокат Абзалдай азаматтың ұсынысы, көмегі керек», – деп жиынның мазмұны мен-мағынасына тоқталды. Жалпы жоғарыда айтқанымыздай сот процесінде кеткен қате-кемшілік, салғырттық, немқұрайлылық, сауатсыздық, жауапсыздық салдарынан Әлібидің басындағы бұлт арылмай отыр. Абзал Құспанның айтуынша, ендігі мәселе Жоғарғы соттың құзырында. Ала жаздай істі қолға алдық деген Бас прокуратурадан қайыр жоқ. Олар әдейі істеді ме, басқа себептен бе Ақтөбеден қылмыстық істі сұратып алып, қарап жатырмыз деп өздерінде ұстады. Заң бойынша істі Бас прокуратура қарап жатқандықтан, Жоғарғы сот істі параллель қарай алмайды. – «Мен Жоғарғы соттан үмітімді үзе қойған жоқпын. Неге? Президент әкімшілігінде қабылдауда Жоғарғы соттан, прокуратурадан, ішкі істер министрлігінен өкілдер болды. Сол кезде маған министрдің керегі жоқ. Өйткені олар тергеуге жауап береді, тергеп болды. Мәселені шешетін Бас прокуратура мен Жоғарғы сот деп бірден айттым. Сол кезде бірінші болып қимылдаған Бас прокуратура болды. Бізге арыз жазыңыз біз істі сұратып аламыз, барлық жағдайды түсіндіріңіз деді. Сол кезде Жоғарғы сот та анықтаманы сұратып жатты. Бірақ заң бойынша Бас прокуратура қарап жатқан істі Жоғарғы сот қарай алмайды. Енді материалдарды бас прокуратурадан алып Жоғары сотқа қарауға жіберу керек», – деді Абзал Құспан. Яғни мемлекет алдымен адам құқығы мен бостандығын қорғауға мүдделі десек, сол құқық пен бостандықты қадағалаушы орган Жоғарғы сот екені сөзсіз. Сондай-ақ заң бойынша сот шешімін жоғарғы сот қана жоя алады.
Жоғарғы соттан әді де үміт бар
Демек, ендігі бар үміт пен сенім Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановта. Өйткені «Басты мақсат – сот жүйесіне деген сенімді арттыру» деп Жақып Асанов үнемі айтып, сұқбаттар беріп жатады. Егер төраға сот жүйесіне деген халықтың сенімін арттырамын, тәуелсіз отыз жылда жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан сот жүйесінде әділдік салтанат құруына қадам жасаймын десе, алдымен халықтың жанайқайына айналған Әліби ісінде бей-жай қалмауы керек. Өйткені Әліби ісінен әділдік күткен халықтың үміті – еліміздің кемел келешегіне, жарқын болашағына сенім кілті. Сондықтан Әлібидің қылаудай қылмыстың иісі жоқ «қылмыс» үшін, тіпті болмаған «оқиға» үшін, ешқандай дәлел-дәйексіз сотталып, жалған жаланың құрбаны болуын Ж. Асанов та қолдай қоймас. – «Әліби ісін саясиландырудың қажеті жоқ. Әлібидің құқығы тек қана заң талаптары орындалмағандықтан шектеліп отыр. Әділ соттың жоқтығынан Әліби ісі ақталмай отыр. Істің мән-жайына үңілген кез келген адам Әлібидің ақталуына атсалысары сөзсіз»,– дейді «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова. Әзірше халықаралық деңгейде халықаралық ұйымдардың назарын аударудың қажеттілігі бола қоймас. «Еститін мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес Әліби құқықығы қорғалып, бостандыққа шығар күн де туар.
«Қарға қарғаның көзін шұқымайды» дегенмен, Әлібидің обал мен сауабы кімге..?! Өрімдей жастың ертеңін ойлаған халқы мен көзі ашық, көкірегі ояу сауатты, жауапты, жанашыр топ бар... Әліби ісінің өте нәзік, күрделі мәселелері сабыр мен табандылықты талап етеді. Ақиқат пен әділдік жолы тайғақ кешулерге толы болатыны жасырын емес. – Сот процессі басталғаннан бастап екі жарым жыл ішінде Сәуле Мешітбайқызы секілді тұлғаның көмегі керек еді. Ел анасы ретінде шырылдап істің алға жылжуына мұрындық болды. Сосын Абзал Құспанның араласуы кәсіби білікті маман деңгейінде мүлде басқа сипатта істің жалғандығын, әдлетсіздігін, біз сенген құқық қорғаушылардың қай жерде қалай қателескенін дәлелдеп, әділет орнайтынына сенімімізді арттырды. Әлібидің ұстаз-анасы Қазақтың Қыз Жібегі – Меруерт Өтекешова да еңірегенде етегі толып, Әлібиін күтіп жүр. Жоғарғы соттан үміт бар. «Еститін үкіметіміздің» назарын аудара алсақ деген тілек бар, – деп ҚР Еңбек сіңірген қайраткер Асхат Маемиров, Асанәлі Әшімов бастаған бір топ өнер қайраткерлерінің де Әлібиге араша сұрап, ақиқат мен әділет салтанат құруы жолында қолдан келгенді жасап жатқандарын айтты.
Түйін: Әліби ісінде әділдіктің орнауы – онымен замандас, құрдас, курстас достары, жастар үшін, бүкіл халықтың кемел келешекке деген сенімі үшін, еліміздің құқықтық саласында тамыры тереңдеп кеткен, жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бір қадам болса да әділдікке жақындау үшін және келешек ұрпақтың мемлекетімізде адам құқының аяқ асты болмайтынына, құқықтық тұрғыда еркін әрі қауіпсіз еңбек етеміз деген жастардың сеніміне селкеу түсірмеуіміз үшін қажет екенін «еститін мемлекет» естісе..! https://youtu.be/j7_iUi4wPXw
ҚР Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Әлібидің әкесі Қаныбек Табышов пен белгілі заңгер, адвокат Абзал Құспанды қабылдаса... Істің мән-жайына қанып, жағдаймен танысса... Жақып Қажманұлы қазақ ұғымында ғасырлар бойы қалыптасқан «Тура биде туған жоқ» қағидасымен, қара қылды қақ жарар әділдігімен Әлібиге араша болып, ақиқатты айтар деген сенім бар.