Қуатты өңірге- қуатты техника керек

Қуатты өңірге- қуатты техника керек

Ақмола  облысында өңірдің ауыл шаруашылығы мамандарының  тәжірибе алмасу, өткенді саралап, келешекке бағдар жасайтын жыл сайынғы кездесу Көкшетау қаласында болды.  Жиында  агроөнеркәсіп саласын дамыту қорытындылары және алдағы 2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындық талқыланды.

 Жиын басы Көкшетау сарайының сыртында қойылған  Ауыл шаруашылық техникаларының көрмесін тамашалаудан басталды.

Көрмеге қойылған аграршыларға қажетті кешендердің, сепкіштердің, комбайндардың, тракторлардың және басқа да заманауи техниканың жаңа үлгілері қатысушылардың назарын тартты. Қуатты техникалар бірін қызықтырды, бірін таңдандырды. Сатып алам деушілерде баршылық екен. Келіс сөз жасалып жатты.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев кеңесті ашып, алғы сөз сөйледі. Ол,  Мемлекет басшысы бүгінгі күнгі заман талабына сай  ауыл шаруашылығын дамыту, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алғы шарты деп, атағанын көпшілікке жеткізіп, ауыл экономикасының осы маңызды секторына ерекше назар аудару қажет дей, келе төмендегі көрсеткіштерді санамалап шықты.  

“Өңіріміз ел аумағының небәрі 5,4 пайызына шақ болсада,  біз барлық ауыл шаруашылығы өнімдерінің 16 пайызын  өндіреміз. Соңғы үш жылда астықтың орташа жылдық өндірісі 5,2 млн.тоннаны құрады, бұл облыстың ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және жыл сайын 2 млн. тоннадан астам астықты жақын және алыс шетелдерге экспорттауға мүмкіндік берді. Өткен жылы біздің фермерлер 5,4 млн.тонна астық жинады, гектарына 11,6 центнер өнім алды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 1 трлн теңгеден асты, бұл ел бойынша ең үздік көрсеткіш. Бұдан кейінде осы межеден төмендемей, жоғарлай беретінімізге сенімдімін”- деді, әкім Ермек Боранбайұлы.

Негізгі баяндаманы ортаға салған  облыс әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев инвестициялық жобаларды іске асыру, мал шаруашылығы, өнімді қайта өңдеу салаларын дамыту, көктемгі-дала жұмыстары, техниканы жарақтандыру және субсидия, кредиттер, астықты форвардтық сатып алу және белгіленген бағамен дизель отынының кепілдік берілген көлемін бөлу түріндегі мемлекеттік қолдау жайына тоқталды. Егін шаруашылығын өнімділігі зор, қуатты техникамен жабдықтаудың маңызын атап берді.  Яғни, қуатты өңір, қуатты шаруашылыққа қуаты күшті, өнімі мол техникамен жабдықтауда қаржылық сауаттылық, оны оңтайландырудың жолдарына тоқталып, ауыл шаруашылық мамандарына ой салып,қаржы ұйымдарына ұсыныстар айтты.

Көктемгі егіс жайына тоқталған баяндамашы, үстіміздегі жылғы жоспарлардың көрсеткішіне тоқталды. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жаздық егісін 5,2 млн. га алаңға себу   жоспарланғаны,  өткен жылғыдан 43,1 мың га алаңға артық. Бұл жұмысқа 15,1 мыңға жуық трактор, 16,6 мың сепкіш және 1,5 мың бірлік жоғары өнімді егіс кешендері қатысады деп, мәлімдеді.

 Баяндамадан соң “А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы” ЖШС директорының міндетін атқарушы Владимир Заболоцких, “Торғайхлебопродукт” ЖШС директоры Игорь Пугачев, “АФ “Веденовка” ЖШС Талғат Ескендіров, “Green Star “Агрофирмасы” ЖШС Бейбітхан Қабдрахмановтар алға қойған жоспарлары, іс тәжірибелерімен бөлісті.   “Қазгидромет” РМК Ақмола филиалының директоры Бақыт Мақажанова көктемгі ауа райы болжамдарына тоқталып, егін себу жұмысты ауа райына сәйкес жоспарлаудың тиімділігін атап берді. 

Жиынды қорытындылаған  өңір басшысы пайға және жекеленген жерді пайдаланудағы олқылықтарға тоқталып,   жайылым тапшылығындағы шешімін таппай жүрген  мәселелерді қозғап, оны шешу жолдарына тоқталды.

Облыс әкімі:- Айтылған кемшін  мәселелер кезең-кезеңімен шешу үшін жұмыстар атқарылып жатыр.  Өткен жылы 302 мың га жер мемлекетке қайтарылды, оның 89 мың га алаң халық қажеттіне арналды. Тағы бір маңызды мәселе-1 га егістікке салық жүктемесі. Жүктемені оңтайландыруды , көрсеткіштері төмен өңірлердің әкімдері мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарымен  бірлесіп салық жүктемесінің төмендеу себептеріне нақты талдау жүргізіп, ағымдағы жылдың соңына дейін осы жағдайды түзетуі қажет және орындалады ”, – деп, сенемін деді.                           

Дахан Шөкшир
20.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 44
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 575
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 689
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 604
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 613

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8750
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8150
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11379
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9133
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10364