Құмыра жасау – көнеден қалған кәсіп

Құмыра жасау – көнеден қалған кәсіп

Облыстық Фараб әмбебап-ғылыми кітапханасында құмыра жасайтын үйірме жұмыс істейді. Ашылғанына көп уақыт бола қоймаса да, бүгінде үйірмеге келушілер саны мыңнан асқан. Аз ғана уақыттың ішінде тұрғындарға кеңінен танылған үйірме жайлы оның жетекшісі Мейрамкүл Байтұрсыновадан сұраған едік.

– Менің негізгі мамандығым – мұғалім. Бұған дейін кітапханада кітапханашы болып жұмыс істедім. Өзім тарихи мұраларға бай өлке Отырардың тумасы болғаннан кейін шығар, әйтеуір, «құмыра жасайтын үйірме ашылады» дегенді естігеннен осы көне кәсіпті меңгеруге ықыласым ауды. Шымкентке барып, 1978 жылдан бері құмыра жасап келе жатқан хас шебер Кендебай Қарабдаловтан дәріс алдым. Енді, міне, бүгінде өзім де шеберге айналып отырмын, – дейді ол. 

Үйірме аптасына үш рет, түске дейін 2 сағат, түстен кейін 2 сағат жұмыс істейді. Мейрамкүл апай мұнда оқушылар мен студенттердің көп келетінін айтады. Арасында мұғалімдер де уақыттарын бөліп, екі сағаттарын рухани демалысқа арнап кетеді екен. Жаз мезгілінде туристердің де қызыға тамашалайтын дүниелерінің бірі осы – құмыра. Ертеде ата-бабаларымыз күнделікті тұрмыста қыш құмыраларды пайдаланған. Сондықтан, олар үшін мұндай дүниелер құнды. 

Жалпы, бұл өнердің денсаулыққа тигізер пайдасы орасан зор. Ең алдымен адамның жүйке жүйесін тыныштандырады. Сосын шыдамдылыққа, ыждағаттылыққа үйретеді. Жас балалардың қол ұшындағы моторикасын дамытуға да көмектеседі. 

– Қыш құмыраны «бір көріп алып, жасай саламын» деу қателік. Оған машықтану үшін көп тер төгу ләзім. Мәселен, үйірмеге қатысушылар құмыра жасайтын құралды пайдаланбас бұрын 4-5 рет сабақ өтеді. Содан кейін ғана рұқсат беріледі. Онда да бірден құмыра жасап кетпейді. Әуелі оларға құмыра жасайтын құралға қатысты қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі. Өйткені, балшық өте кірпияз болып келеді. 

Құмыра жасау үшін арнайы дайындалған саз керек. Біз оны Отырардан алдыртамыз. Бір құмыра жасауға жарты сағаттай уақыт кетеді. Дайын болған ыдыстарымызды күн түспейтін жерде, қалыпты температурада кептіреміз. Сыртын бояп, әрлейтін болсақ, өзіңіз көріп тұрған мына құмыралардың барлығы жарқырап шыға келеді, – деп кейіпкеріміз бізге сөредегі қыштан жасалған түрлі құмыраларды көрсетті.

Үйірмеге екі бөлме берілген. Біреуі шеберханаға лайықталған. Әлгі сөре соның оң қабырғасына орналастырылған. Үйірмеге қатысушылардың онда қойылған туындыларын қарап тұрсаңыз, саздың біз біле бермейтін талай сырына қаныққандай боласыз. Ерекше әсерге бөлейді.

Ата-бабамыздан мирас болған көне кәсіпті меңгеруге ниет еткендердің қатары күн санап көбеюде. Тарих пен өнердің исі аңқыған шеберхана есігінің алдында кезек күткендердің қарасы қалың екенін өзіміз де көрдік. Өңірімізде құмыра жасауға құмартушылардың  көбейіп келе жатқаны бізді қуантты. 

 

Бетті дайындаған –

 Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ,

Түркістан облысы

10.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 70
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 71
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 25
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 183
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 400
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 363
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 981

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9057
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8453
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11681
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9444
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10661