Бірде патша Сүлеймен дарияның жанына үлкен аста төк дастархан жәйіпті. Ондағы ойы алысарға азуы жоқ, қарсыласарға айбаты жоқ, тірі жанға зияны жоқ, әлсіз жан-жануармен жәндіктердің қарнын армансыз тойдыру екен.
Дастархан жәйіліп болды-ау деген тұста, дәриядан енапат үлкен жайын шығып патша Сүлейменнің жайылған дастарханын ас-ауқатымен бір-ақ жұтып суға секіріп кетіпті.
Бұл істің пайым-парқын бірден түсінген пайғамбар екі қолын аспанға қарап жайып жіберіп, егіліп қоя берді-дейді. “Әй он сегіз мың ғаламның иесі, Жаратушы Жаббар Ием мені Дәуіттің ұлы, Сүлеймен құлыңды кешір. Мен сенің ісіңе араласып кетіппін. Ризықтың иесі де, ризықтандырушы да өзіңсің”-дегенде екі көзінен аққан жасы сақалын жуыпты-дейді.
Сол айтпақшы кейде біз пенде екенімізді ұмытып, құдайдың ісіне араласып кетеміз. Әлсізді мүсіркеп, аяу иманды адамға тән қасиет болғанымен де. “Адамның аяғаны не болсын, құдай аясын”- деген әжемнің сөзі еріксіз осындай да жиі ойға оралады.
Өте ауқатты тұратын бір досым айтып еді. “Әулеттен шыққан өзім бармын, бауырларыма бір нәрсе бола қалса, өзім көмектесем-деп кеудемді көп көтеретінмін”. Содан өзіме де сынақ келді бір бауырым жұмыссыз қалды, біреуі ауырды, біреуі ажырасты көмектеспек түгілі, басыммен қайғы боп кеттім.
Мен бар жерде құдай жоқ деген, адам өзіне көп алмау керек екен. Құдайсыз қурайда сынбайтын мына дүниеде Жаратушының ісіне араласпауды үйрендім-дейді досым. Сіз не айтасыз?….