Құрылыс қарқын алып келеді

Құрылыс қарқын алып келеді

 

 

Жақында аудан әкімі Нұржан Календеров «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағында бой көтеріп жатқан қант зауытының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жобалық құны 93 миллиард теңгені құрайтын заманауи зауыт іске қосылатын болса, тәулігіне 8 мың тоннаға дейін қызылша өңдей алады екен. Қазіргі кезде мұнда арнайы қалашық салынып, 100 адам вахталық әдіспен жұмыс жасауда. Серіктестік мамандары жуық арада жұмысшылар санын тағы да 100 адамға арттыратындығын айтады. Жасыратыны жоқ, өсірген өнімін көршілес Меркі ауданына тасымалдауға мәжбүр болатын еңбекші ағайын, ауданда қант зауытының ашылуын асыға күткен еді. Сәтін салса аталған зауыт 2023 жылы толық қуатында іске қосылмақ.

Аудан басшысы бұдан әрі «Меркі-Шу-Бурылбайтал» тасжолының құрылыс учаскелерін аралады. Жоспарға сәйкес күре жолдың құрылысы үстіміздегі жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс болған. Бүгінде құрылыс алаңындағы жұмыстар күн өткен сайын қарқын алып келеді. Ендігі меже – жолдың құрылысын мерзімінде аяқтау ғана болып отыр. Сонымен бірге Нұржан Сәбитұлы Белбасар мен Жаңа жол ауылдарының арасын жалғап жатқан көпірдің құрылысын көріп, ондағы жұмыстың беталысын байқады. Айта кету керек, аталған көпір бұрнағы жылдары апатты деп танылып, оның құрылысына қазынадан қаржы бөлінген. Енді міне, бүгінде көпірдің құрылысы белгіленген мерзімде толығымен аяқталып отыр. Тек асфальт төселсе болғаны. Бірнеше ауылдың тіршілік нышанына айналған көпір көп ұзамай пайдалануға берілмек.

Жасұлан СЕЙІЛХАН
25.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 194
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 521
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 474

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9177
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8575
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11804
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9573
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10783