ҚЫРЫҚ ЖАС КЕМЕЛ ЖАС ПА?

ҚЫРЫҚ ЖАС  КЕМЕЛ ЖАС ПА?

Тургеневтің бір шығармасында мынадай  абзац кездеседі: «Үйге жасы қырықтағы қария кіріп келе жатты» деген. Тургенев шығармашылығын зерттеушілер жазушының шығармашылық шабыты 1834 жылы басталғанын айтады. Демек Иван Сергейұлы  16 жасында қолына қалам ұстаған болып шығады. Менің айтқым келгені қазіргі қырықтағы кісіні шал деп айта аламыз ба? Жоқ, әрине. Тіпті 50-60-тағы адамға шал деп көр, талағы тарс айырылсын.  Ең қызығы, Тургеневтен 27 жыл кейін дүниеге келген Ұлы Абай да «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман...» – деп кәрілікке «бас иіпті».  Бұл өлең 1886 жылы жазылған. Ақынның 41 жасында. Бұны азсынсаңыз, Құнанбайдың баласы тап сол жылы «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек...» деп тағы бір өлең жазып тастапты. Қырық жастағы қылшылдаған  байдың бағлан баласының бұнысы несі, ә? Бүгінгілер қырықында жас болып, мас болып жүр. Таңғаларлығы, Алла елшісі Мұхаммедке (с.ғ.с.) де пайғамбарлық қырық жасында келген. Мұнда да үлкен сыр жатыр-ау... Демек қырық жас – кемелдену жасы, кәрілікке баспалдақ. «Отызында орда бұзбаған, қырықында қамал алмас» .

Құран Кәрімде тек қырық жасқа толғандар үшін ғана дұға жазылғанын оқып қайран қалдым. Бұл жайында Құран Кәрімнің «Ахзаб» сүресінде: «Біз адамдарды жақсылық істеуге бұйырдық. Өйткені шешесі оны омыртқасын үзіп көтерді, сансыз бейнетпен босанды. Жүкті болу мен емшектен шығару  мерзімі қосылып отыз ай. Ол ержетіп есейіп, қырық жасқа жеткенде «Раббым, маған және әке-шешеме  берген нығметтеріңе шүкірлік етуімді; өзің разы боларлық ізгі амалдар істеуімді нәсіп еткейсің! Менің ұрпақтарымды да жақсы адам етіп түзей гөр! Шынымен тәубе еттім, мен енді нағыз мұсылманмын», – дейді. Ислам ғалымдары бұл дұғаның маңыздылығын атап өтіп, қырық жасқа толып, әрі жақсы амалдар жасаған пенденің дұғасының қабыл болатынын жеткізген. Мұның бәрі сөз орайында айтылып жатқан дүниелер ғой. Дегенмен Тургенев пен Құнанбаев тіршілік кешкен XIX-XX ғасырды бүгінгі XXI ғасырмен салыстыруға мүлде келмейді екен. Ақырындап интернетті ақтарып көрсем, мен ғана емес, бүкіл ғалам оқымыстылары «Уақыт зымырап өтіп барады» деп зар илеп жатыр екен. Батыс білгірлері Жер шарында бүлкіл, яғни тамыр соғуы секілді тыныс бар екенін анықтапты. Бұл жүректің бүлкіліне ұқсайтын, соғуы тұрақты, секундына 7.8 ырғаққа сәйкес келетін дүние. Шамамен 1980 жылдан бастап Жердің бүлкілі жылдамдай бастапты. Қазіргі уақытта ол шамамен секундына 12 ырғаққа тең. Ең қорқыныштысы – кейбір оқымыстылардың есептеуінше, осы ырғақ секундына 13-ке жеткенде, Жер шары нақты түрде өз білігінен айналуын тоқтатады. Жер үш күн бойы айналмай тоқтап тұрады да, кері бағытқа айнала бастайды. Бұл магниттік полюстердің өзгерісіне алып келеді, ары қарай не болатыны белгісіз... Белгісіз емес... есеп-қисап күні басталады...

Демек, 40 жаста жүзіміз жылтырып тұрса, таңданбайық. Бұл – зырлаған уақыттың берген «жемісі». Тек ар-ұятымызды жоғалтып алмасақ болғаны...

 

 

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
04.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 244
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805