Қызылорда жақұттары – Көкшетауда

Қызылорда   жақұттары –   Көкшетауда

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі «Қазақстанның мәдени астанасы»  Көкшетау қаласында мұражай  қорындағы «Зергерлік бұйымдар – ұлт жақұты» атты қазақтың көне әшекей бұйымдарының  коллекциясынан этнографиялық-танымдық көрме ұйымдастырды. 

Ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алатын қазақ қолөнерінің бір түрі – зергерлік өнер. Қазақ ұлтының зергерлік өнері, ою-өрнегі – ғасырлар қолтаңбасы, қазақ мәдениетінің тірі куәсі. Осындай куәліктің бір айғағы ретінде Қызылорда халқының қол өнер шеберлерінің жасаған бұйымдары Көкше жұртының көзайымы болып отыр. 

Көрмеге сырдариялық елге белгілі зергер Мизам Төлегеновтің, Арал топырағынан шыққан атақты зергер Құдайберген  Құлманбетовтің, Шиелілік зергер-ұста Бекзат Жақыповтың туындылары және Сыр халқының  зергерлік бұйымдары көрмеге қойылыпты. Көрмеде тұрған бұйымдар Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында  сақталған екі мыңнан аса зергерлік бұйымнан сұрыпталып әкелініпті. 

Сыр бойындағы халық шеберлерінің өнерін насихаттау, көркем қолөнер бұйымдарын қазіргі заманға сай қолдана білу, халқымыздың бай, өзіндік ерекшелігі бар мұраларымен таныстыру – ұлттық құндылықтарымызға ұмтылған мына заманда жас ұрпақтың сана сезімінің оянуына серпін берері сөзсіз. Бұл этнографиялық-танымдық көрменің құрамында  Сыр елі нақышында жасалған, жасалу техникасында өзіндік ерекшелігі бар қазақ халқының гигиеналық бұйымдары, той-думандарда тағынатын салтанатты әшекейлері, күнделікті тұрмыста қолданатын қарапайым, мәні зор әсемдік бұйымдары бар екен.  

Зергерлік бұйымдардың пайда болған уақыты  ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басқы кезі болса,  басты материалдары – күміс, пайдаланған асыл тастары – ақық /сердолик/, көгілдір ақық /бирюза/, коралл /маржан/, жемчуг /інжу/, шыныдан жасалыпты.  Әсем бұйымдарды   қаралау, шекіме, сымкәптеу, безеу, нүктелеу сияқты амал, тәсілдермен жасаған дейді. Сыр қазақтары пайдаланған 60-қа жуық құнды зергерлік бұйымдар – кемер белдік, алқа, бойтұмар, сырға, білезік, балдақ, түйме, қапсырма, тұмарша, шолпы, шашбау, омырауша, шекелік, өңіржиек, жүзік, сақиналар көрменің сәні болып тұрды.  Зергерлік бұйымдармен қатар қазақ аруларының ұлттық болмысы бейнеленген кенепке майлы бояумен қолмен салған көркем суреттеріде қойылды.  Көрме уақыты бір күн болса да тамашалаушы халық қарасы баршылық көрінді.

Сонау алыстан көрме әкелудің мақсаты Көкше жұртына Сыр өңірінің жақұттарын насихаттаумен қатар курорты аймаққа келетін  туристердің назарын тартуда ойлары барын, көрмені ұйымдастырушылар баяндады. 

 Көрмедегі зергерлік бұйымдар, майлы бояулы  қолмен сызған бейне суреттер шетел туристерінің назарын тартатынына сеніммен қарауға болатындай. Кей бұйымдар өте әсем және жасау технологиясы өте күрделі сияқтанды. Қазақ бұйымына қазақтар таңданып жүрсе, қаржысын қайда жұмсарын білмей, уақытын күнделікті күн көріспен бағамдайтын біздердей емес, табысы мол, өркенге жеткен елдердің жиһанкездері бұл бұйымдарды тамашалап қоймай сатып алуы да ғажап емес.  

       

Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 104
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 104
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 622
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 740
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 652
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 661

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8796
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8197
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11424
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9178
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10410