Сапасыз құрылыстар неге көбейді?

Сапасыз құрылыстар неге көбейді?

Құрылыс саласына қатысты қанша сын айтылса да, жаңадан бой көтерген ғимараттардың сапасы әлі де түзелмей келеді. Қолданысқа берілген жаңа нысанның көп уақыт өтпей жатып-ақ қабырғасы қақырап шығуы қалыпты жағдайға айналған сияқты. Жаңа нысандардың сапасыздығы жөнінде құрылыс компанияларына қанша ескерту жасалса да, апатты жағдайдағы тұрғын үйлер де, түрлі білім нысандары да азаймай тұрғаны өкінішті.

Әсіресе, қарапайым халыққа арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылған құрылыс жұмыстарында сапасыздық жиі қылаң береді. Еліміздің кез келген аймағында мемлекеттік бағдарлама арқылы салынған тұрғын үйлердің көпшілігінің сапасы күмән туғызады. Қанша айтылса да, бұл мәселенің шешімі табылар емес.

Осыған орай, облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Бисембаевпен облыс аумағындағы құрылыс нысандарының сапасы туралы әңгімелескен едік.

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, бүгінгі таңда облыс аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан 555 нысан бар. Оның 288-і мемлекеттік бюджет есебінен болса, 176 нысан өткен жылдан өтпелі, 112-сі жаңа, ал қалған 267-сі азаматтардың жеке қаражаты есебінен салынуда.

Сонымен қатар, жыл басынан бері 77 құрылыс объектілеріне жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 49 нұсқама беріліп, 139 әкімшілік іс қозғалып отыр. Сондай-ақ, 98 тапсырыс беруші, 27 мердігер мекеме, 1 жобалаушы, 10 техникалық қадағалаушы, 3 авторлық қадағалаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы айыппұл сомасы 36331 980 теңгені құраған.

– Жуалы ауданына қарасты Қайрат ауылындағы 149 орындық мәдениет үйінің құрылысын салу нысанын тексеру кезінде құрылыс жұмыстарын сапасыз орындаған бас мердігер «ЕРК-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 312-бабы 2-бөлігіне сай, сот шешімімен айыппұл салынып, лицензиясынан айырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді. Оған қоса, құрылыс жұмыстарын сапасыз орындаған екі мердігерге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 312-бабы 2-бөлігіне сай әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салып, лицензиясынан айыру үшін материалдар сотқа жолданды.

Жыл басынан 10 техникалық қадағалаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 7-еуінің қолданыстағы техникалық қадағалау жүргізуге құқық беретін сарапшы аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылды, – деді Қайрат Әшірәліұлы.

Басқарма басшысының айтуынша, жыл басынан бері аудан әкімдіктерімен және тапсырыс беруші басқармалармен бірлесіп, құрылысы жүргізіліп жатқан 118 нысанға профилактикалық мониторинг жұмыстары жүргізілді. Анықталған құқықбұзушылықтарды жою туралы құрылыстың барлық қатысушыларына, яғни, тапсырыс берушіге, мердігерге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға ескертілген. Мәселен, өткен жылдың қорытындысымен 1016 хабарламаның 413-і талапқа сай болмауына байланысты тапсырыс берушілерге кері қайтарылған. Дәл сол сияқты, өткен жылдың қорытындысы бойынша 368 бюджеттік нысанның 106-сы бойынша техникалық қадағалаушылар айлық есебін басқармаға мүлдем ұсынбаған болса, бүгінде 288 бюджеттік нысанның 12-сі ғана ұсынбаған. Құрылыс саласындағы сапасыздықтың орын алуына тендердегі жемқорлық та себеп болып отырғаны талай рет айтылған. Сонымен бірге, мердігер мекемелер ақша үнемдеу үшін арзан әрі сапасыз материалдарды пайдаланатыны да белгілі жағдай. Бірақ, мұндайда мердігер мекеме қарапайым халықты емес, өз қалтасын ойлайтыны да ащы шындық.

Тағы бір айта кетерлігі, еліміздегі құрылыс саласында қызмет ететіндердің жартысынан көбі шеттен келген кәсіби біліксіз жалдамалы жұмысшылар. Мұндай арзан жұмыс қолын құрылысқа тарту компаниялар үшін өте тиімді. Олардың кәсіби біліктілігінің жоқтығын ескеретін болсақ, салынып жатқан нысанның кәсіби деңгейде орындалмайтыны анық. Бұл сапаның төмендеуіне әсер етеді. Ал, құрылыс компаниялары үшін мұның ешқандай маңызы жоқ сияқты.

Құрылыс сапасын дер кезінде жергілікті билік өкілдері де, мәслихат депутаттары да қатаң түрде бақылап отырса, олқылықтар саны әлдеқайда аз болар ма еді деген ой келеді…

.

Мақпал СҮЙІНБАЙ, Ақ жол
08.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 146
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 144
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 255
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 469
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 430

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9130
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8527
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11754
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9523
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10735