Саяжай тұрғындарының өтініштері қаралуда

Саяжай   тұрғындарының өтініштері қаралуда

Күні бүгінге дейін Орал қалалық әкімдігіне су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардан 10 мыңға жуық өтінім келіп түскен. Бұл туралы журналистермен өткен баспасөз мәжілісінде қала әкімінің орынбасары Азамат Халелов мәлімдеді.  

Келіп түскен өтінімдердің ішінен 2500-ге жуық тұрғынның саяжайдағы үйлері жалғыз баспанасы болып танылған. Ал басқаларының меншігінде облыс аумағында тұрғын үйлері бар екені анықталған. Арасында құжаттары рәсімделмеген азаматтар да кездескен.  

– Біз осы жағдайға байланысты құрылған комиссиямен бірге тығыз жұмыс жасаудамыз. Техникалық сараптама жүргізетін комиссиялардың құрамында 29 сарапшы бар. Алайда көп жерлерге кіру әлі де мүмкін емес. Оны өздеріңіз де білесіздер. Соған байланысты жұмыстар баяу жүргізілуде, – деген Азамат Ерғалиұлы жұмыстың жүру барысына тоқталды. 

Алдымен саяжайда орналасқан тұрғынжайлардың иелерінен өтініштер қабылданған. Бұдан әрі техникалық сараптама жасайтын компания ол жерге барып, үйдің тұруға жарамдылығын немесе апаттылығын анықтайды. Жарамды болған жағдайда  ол үйге бағалау компаниялары келіп, зақым келген мүліктердің есебін шығарады. Бұл есепті комиссияға ұсынып, комиссия одан әрі төлемге жібереді. 

– Сәйкесінше, барлық келтірілген залалдардың өтемақысы өтеледі. Егерде тұрғын үй апатты жағдайда деп танылса, қорытынды шығарылады. Сол қорытынды комиссия отырысында қаралады. Тұратын адам саны, аумағы есептеліп, соған сәйкес тиісті пәтерлер берілетін болады, – деді қала әкімінің орынбасары.

Еске сала кетсек, Орал қаласында су тасқыны кезінде үш мыңға жуық саяжай нысанын су басқан еді. Жалпы төтенше жағдай кезінде облыс және қала тұрғындарына жан-жақты көмек көрсетіліп, қиындықты еңсеруге қолдау көрсеткендер қатары аз болмады. Осы бағытта құрылған облыстық комиссияның мәліметіне сүйенсек, биылғы 5 сәуірден бастап өңірімізге 2180 тонна гуманитарлық көмек келіп түскен. Оның 1040 тоннасы – азық-түлік, 772 тоннасы – құрылыс материалдары, 360 тоннасы – тұрмыстық гигиеналық заттар, төсек-жабдықтар, қайықтар, құралдар, 8 тоннасы – дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтар. Ал БҚО бойынша белгіленген қаржылай көмекті қабылдау, тарату бойынша «Ақжайық» жеке қорына 517 млн теңге қаражат 685 жеке және заңды тұлғалардан түскен.

 

ЛӘЗЗАТ ҚАЖЫМОВА
30.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 145
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 143
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 657
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 777
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 690
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 700

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8839
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8237
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11464
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9221
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10448