Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қалай жүруде?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қалай жүруде?

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті де өткір проблема болып тұр. Жалпы сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және ол неден туындайды? Сыбайлас жемқорлық, бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы болып саналады. Еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді және еліміздің имиджін төмендетеді екен. 

Ол жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы болып табылады. Сондай-ақ өзіне немесе үшінші тұлғаларға артықшылықтар беру арқылы осы адамдарға пара беру арқылы сыбайлас жемқорлық туындайды екен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі мақсаты – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты түбегейлі құрту. Осы мақсатқа қалай қол жеткізуге болады? Ол үшін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік жағдайын қалыптастыру, құқық бұзушылықтарды жасауға себеп болатын жағдайларды анықтау мен олардың салдарларын жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру сияқты міндеттерді шешу шаралары жүзеге асырылады. Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлық кез келген қоғамда, мемлекетте кездеседі. Оны мүлдем жоқ деп айта алмаймыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі жылда Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауында жариялануда. Ел басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға барлық бағыттар бойынша қалай жаңа серпін беру керектігін көрсетіп кетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қағидаттары: 1) заңдылық 2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау 3) жариялылық және ашықтық 4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы 5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану 6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану 7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу 8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттарына негізделеді.

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
14.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 212
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 208
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 713
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 836
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 750

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8907
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8301
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11529
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9285
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10513