Қордай – облыстағы экономикалық әлеуеті жоғары өңірдің бірі. Ауданға жасаған жұмыс сапарымда аудандық мәслихаттың депутаттарымен кездесіп, бірқатар шаруа қожалықтардың, диқандардың тыныс-тіршілігімен таныстым.
Соның бірі – Сарыбұлақ ауылдық округіндегі «Самғау» шаруа қожалығы. Қожалық жетекшісі Евгений Трубниковтың айтуынша, биыл ол 130 гектарға күнбағыс, 47 гектарға арпа, 200 гектарға дәндік жүгері, 90 гектарға қант қызылшасын орналастырған. Биыл ғылыми негізде испандық мамандардың көмегімен алғаш рет қанатқақты жоба ретінде күнбағыс егіп, одан жақсы өнім алу үшін тамшылатып суару жүйесін енгізген. Соның өзінде судан тапшылық көріп отыр. Шаруа егер күнбағыстан өнімді төмен алған жағдайда, шығынды өтеудің жолы қарастырылуын өтінді. Бұл мәселені назарға алдым. Мұндай қанатқақты жобаға жан-жақты қолдаулар көрсету маңызды.
ЕКІ СУ ҚОЙМАСЫ ҚАЖЕТ
Жалпы Қордай өңіріндегі 36 мың гектар суармалы алқаптың бүгінгі таңда 6 мың гектарына су жетпей отыр.
Сондай-ақ «Левый ветка» каналын да болдық. Каналға түсіп жатқан 4-5 текшеметр сумен 19 мың гектар алқап бүгінге дейін ылғалдандырып келген. Алайда су тапшылығына байланысты бүгінде канал құрғап қалған. Аудан шаруалары «Қалғұтты мен Ноғайбай ауылдарына екі су бөгеті орнатылса, егістікке су жеткізуге мүмкіндігі артып, су тоспалары су тапшылығын жоюуға септігін тигізетінін жеткізді. Ол екі бөгетті салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген, енді қаражат көзін қарастырумыз қажет.
МҰРАҒАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АЙТАРЫ БАР
Сонымен қатар Қордай аудандық мемлекеттік мұрағаттың құрылыс жұмыстарын көрдім.
Мұрағат қызметкерлерінің талап-тілегін тыңдадым. Мұның алдында мекеме қызметкерлері 1953 жылы салынған нысанда жұмыс жасаған. Архив директоры Қатира Уалиева жалпы архив саласы бойынша бірқатар мәселелерді көтерді. Оның айтуынша, архив қызметкерлері мемлекеттік қызмет түрлерін көрсеткенімен мемлекеттік қызмет статусы берілмегенін, жылына бір ғана архив мекемесі 3000-ға жуық мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынатынын, дегенмен айлық жалақы төмен екенін, сала қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет статусы берілсе деген ой-пікірін алға тартты. Жалпы, мекемеде 53 мыңға жуық архив құжаттары сақталуда
Қыруар жұмысты атқарып отырған қызметкерлердің ұсыныстарын қолдауға жұмыс жасаймыз.
ӨТКІЗУ БЕКЕТІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ КЕРЕК
Аудандық мәслихат депуттары да бірқатар мәселерді көтерді.
Халық қалаулылары Ахат бөлімшесіндегі көрсетілетін қызметтерді, нақтырақ айтсақ, некеге тұру, сәби туылуы, адам өліміне қатысты төленетін төлемді азайту, 40-мыңға жуық тұрғыны бар аудан орталығындағы кәріз жүйесі реттек, қайтарымсыз грант мөлшерін көбейтсе, кедендегі өткізу бекетіндегі тексеру пунктін модернизациялау, яғни жылдамдатып өткізу секілді бірқатар халық сұранысын жеткізді.