Табыл Құлияс өмірден озды

Табыл Құлияс өмірден озды

 

Қазақ жұрты тағы бір ақсақалынан айырылды. Жазушы, сатирик, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,  Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Табыл Құлияс ағамыз 87 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Табыл ағамыз журнлаист ретінде танылып, сатираға түрен салған, кейін тарихи тұлғалар өміріне терең зерттеулер жасап, талай романдар жазған қаламы өткір, өте еңбекқор жазушы еді.

Табыл Құлияс - 1935 жылы 15 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Қаракөл» кеңшарында туған. 1978 жылы ҚазМҰУ-ды бітірген. 1950 жылдан бастап республикалық «Пионер» журналы, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Улан»), «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеттерінде мақала, өлеңдері шығып тұрды. 1957 жылдан Ойыл аудандық «Еңбек туы», «Жаршы» газеттерінде аймақтық, республикалық басылымдар да очерктері жариялана бастады. «Көкшетау правдасы», Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газеттерінде қызмет істеген. 1970 жылы республикалық теле-радионың Торғай, Ақмола облыстарындағы меншікті тілшісі, қазақ телевидениесінің насихат редакциясында редактор қызметін атқара жүріп, «Жебе» сатиралық журналын шығарды. Тұңғыш сатиралық кітабы «Кесілген бұрым» 1977 жылы жарық көрді. «Сауда сақал сипағанша», «Қоңыраулы күлкі-грамма », « Жалмауыз », « Құйын », «Ақмылтық» (екі том), «Жегі» сатиралық кітаптары, «Шемен шер», «Дүние дәурен», «Ізет» сияқты очерктері, Жиенғали Тілепбергенов туралы «Аңыз ізімен» романы шықты . ЛКЖО-ның Құрмет грамотасымен, «Тың игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Б. Қыдырбекүлы атындағы сыйлықтыңлауреаты, Ойыл ауданының Құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Табыл аға зейнетке шыққаннан кейін де тынған жоқ. Өз қаражатымен Ресейге жиі сапарлап жүрді. Ондағы мақсаты- Омбы, Орынбор мұрағаттарындағы қазақ тарихына қатысты деректерді іздеу еді. Соның нәтижесінде тасада қалған тарихи тұлғаларды «тірілтіп», халқымыздың өткен күндеріне қатысты небір құнды дүниелердің бетін ашты. Марқұмның көзі тірісінде 50-ден астам кітаптары баспадан шықты.

Қадірлі Табыл аға- біздің «Qazaqstan dauiri» газетінің тұрақты оқырманы еді. Сатираларын да үнемі жариялатып тұратын. Буыны берік кезінде біздің түрлі іс-шараларымыздан қалмай қатынасып, ақыл-кеңестерін айтып жүруші еді. Соңғы жылдары ағаның қос жанары бұлдырап, жазуға бұрынғыдай кірісе алмай қалды. Еңбекқор адам сонда да тынбайтын. Кейбір сатиралық әңгімелерін ауызша баяндап отырып, жанындағыларға қаламмен жаздырып, редакцияға ұсынып жүретін. Әлемді жайлаған жұқпалы дерт басталғалы жүздесе алмаған екенбіз.

«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы марқұм Табыл ағаның отбасына, жанашыр жақындарына, ағаның шығармаларын сүйетін қара ормандай халқына қайғырып көңіл айтамыз. Жаны жәннатта болғай!

Құрметпен: Халықаралық «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газеті мен Республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының ұжымы
18.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 40
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 155
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 192
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 188
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 155
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 301
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 519
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 472

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9175
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8573
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11801
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9571
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10781