Теннис: Жас теннисшілердің тамаша жеңісі

Теннис:   Жас теннисшілердің тамаша жеңісі

Қазақстан теннис федерациясы: «Қазақстандық жас теннисшілер халықаралық турнирлерде чемпион атанды», – деп хабарлайды. Мәселен, Ыстанбұл қаласында өткен төртінші санаттағы ITF Juniors додасында Асылжан Арыстанбекова мен Айя Нұпбай жұптық сында топ жарды.Олар финалда қазақстандық Карина Жұмажанова – мысырлық Мариам Ибрахимді 6:1, 6:2 есебімен ұтты. Бір апта бұрын Асылжан мен Айя Ыстанбұлда осындай тағы бір жарыста үздік шыққан еді.

Ал, 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында Душанбе қаласында өткен дәл осындай халықаралық турнирде Артур Хайрутдинов пен Ислам Орынбасарға тең келер ешкім болмады. Олар соңғы бәсекеде Беларусь өкілдері Артем Алексейчук – Герман Думшеден айласын асырып, қарсыластарын 6:2, 7:5 есебімен ұтты. Тіпті Исламның абсолютті чемпион атанатындай мүмкіндігі болған. Дегенмен ол жекелей сында финалда ресейлік Олег Колниновқа жол берді. Қыздар арасында қазақстандықтар Қарақат Қойлыбаева мен Райса Петровская финалға дейін жетіп, ресейліктер Варвара Паншина – Милина Субханкуловаға есе жіберді – 2:6, 3:6.

Словенияда 14 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe - Grawe Open сериясымен өткен додада Дамир Жалғасбай жұптық сында чемпиондық атаққа қол жеткізді. Ол украиналық Никита Белозертцевпен бірге финалда үш сетке созылған тартысты матчта жарыстың алтыншы ракеткалары, швециялық Линус Андерсон – даниялық Мадс Брунхабиді жеңді, есеп – 4:6, 6:2, 10:4.

 

 

Ермек Сахариев
19.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 352
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6457
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8166
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6537
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6673