ТМД мұғалімдерінің құрылтайы

ТМД мұғалімдерінің  құрылтайы

Білім саласындағы жаңашылдық өзара достықты одан әрі нығайтуға үлес қосты

Душанбе қаласында (Тәжікстан) 2021 жылғы 28-29 қазанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру саласы  қызметкерлерінің VI Құрылтайы  өтті.

Құрылтайдың  басты тақырыбы – «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының білім беру кеңістігі – оның тұрақты дамуының стратегиялық ресурсы»ү.

Құрылтай жұмысына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан делегациялары қатысты. Олардың құрамына білім беруді басқару органдары мен білім беру ұйымдарының мұғалімдері, тәрбиешілері, басшылары мен өкілдері, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілі кірді. 

Бізді біріктірген бір ғана нәрсе – білім. ТМД елдерінің мұғалімдері мен білім беру саласының қызметкерлерінің бұл кездесуінен жаңа идея, білім саласындағы жаңашылдыққа қанығып, тәжік халқының тарихы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен таныстық. Бізге осындай мүмкіндік туғызған Білім және ғылым министрлігіне ризашылығымды білдіремін. Екі жыл сайын өтетін бұл құрылтай Тәуелсіз мемлекеттер арасындағы достастықты одан әрі нығайтуға таптырмайтын алаң болып табылады. Осы сапарда қаншама дос таптым. Қазақстандық делегация құрамы білім беру саласындағы өз ісінің шеберлері мен еліміздің таңдаулы ұстаздарынан құралған. ТМД елдерінің арасында елімнің еңсесі биік екеніне мақтандым. Секция отырыстарында баяндама жасаған әрбір Қазақстан делегатына көршілес елдерден келген делегаттардың білдірген ілтипаттарын көрдім. Әсіресе пленарлық жиналыста ҚР БжҒМ бірінші вице-министр Каринова Шолпан Танатовна жасаған баяндама көпшілікті тәнті етті. «Мұғалім мәртебесі туралы» Заңнан дәлелдер, білім саласындағы жаңашылдық ТМД мұғалімдерін таң қалдырғаны жасырын емес. Бізден басқа елдерде бұндай заң жоқ та екен. «Қазақстан бізден әлдеқайда дамып кеткен» деген жақсы лебіздерді естіп қуандым. Біздің елімізде мұғалімдерге жасалып жатқан жағдай, басқа ТМД елдерінде әлі басталған да жоқ. Сондықтан осы күнімізге тәубе деп, шүкіршілік етемін. Білім саласында әлі де тың өзгерістер күтетінімді жасырмаймын. Сонымен қатар көптің көкейінде: «Бұл Құрылтайға қандай мұғалімдер барды екен?» – деген сұрақтың тұрғаны жасырын емес. Сол себепті  Құрылтайға делегат болған  мұғалімдерді  таныстырғым келеді. 

Дегтярева Наталья Юрьевна – Алматы облысы, Текелі қаласының № 6 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі. ҚР «Үздік педагог – 2021» атағының иегері.  Орыс тілінен «Мәтін: тұжырымдама және практикалық қызмет» авторлық бағдарламасы бар. ISBN 978-601-349-077-9. Республикалық,  халықаралық басылымдарда бірнеше мақалалары жарық көрген. 2020-2021 оқу жылында  «Телевизиялық сабақ» жобасына   қатысты.  Оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық  пәндік білім сайыстары мен ғылыми жобалардың  бірнеше мәрте жүлдегері. Атап айтар болсақ: 

2020  жылы Дегтярева Ксения «Билингва» Халықаралық (Мәскеу) эссе байқауында І орын.  «Еж» халықаралық сайыс-ойыны: Жұмахан Айқын – ІІІ орын,  Дегтярева Ксения – І орын. 2021 жылы орыс тілінен «Мен – лингвистпін»  халықаралық байқауы: Дегтярева Ксения – І орын, Стерпул Юлия – ІІ орын. «Орыс Тедди аюы – тіл білімі барлығы үшін»   байқауында  І орын: Дегтярева Ксения,  Высоцкий Ангелина. Шетел азаматтарына арналған орыс тілінен XVII Халықаралық олимпиадасында   Дегтярева Ксения ІІІ орын. 

Жұмабеков Асхат Советханұлы –  Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің  ағылшын тіліндегі физика пәнінің мұғалімі. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық  стипендиясының 2016 жылғы түлегі.  2021 жылғы Әлемнің үздік 50 мұғалімінің қатарына кірді.  

2019 жылғы  «Қазақстан мұғалімі»  Ұлттық сыйлығының номинанты, ҚР «Үздік педагог-2018» атағының иегері, «Жылдың үздік мұғалімі – 2018»  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 20 филиалы арасында I орын алған ұстаз. Оқушылары халықаралық дәрежедегі олимпиада жүлдегерлері. Қазақстан, Ресей Федерациясы, Финляндия, Ұлыбритания және Украина журналдарында, материалдар жинағында, газеттерінде жарияланған 50-ден астам ғылыми жұмыстар мен мақалалардың авторы.

Оның шәкірттері АҚШ-тағы Georgia Institute of Technology, Назарбаев Университеті, Гонконг политехникалық университеті, Абу-Дабидегі Нью-Йорк Университеті, Венгрия, Қазақстан мен Ресейдің ұлттық және мемлекеттік университеттері грантының иегерлері.

Қарағұлов Ерұлан Серікұлы – Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің директоры. Инженер,  тамақ өндірісінің механигі, экономика және бизнес  магистрі.  «WorldSkills Kazakhstan» Техникалық комитетінің төрағасы. Алматы қаласы мемлекеттік колледждерінің Директорлар кеңесінің төрағасы. ҚР техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының Республикалық кеңесінің мүшесі. Алматы қаласы, Әуезов аудандық филиалының «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі. «Қазақстан балалар үйлері түлектерінің қауымдастығы» ЗТБ Саяси кеңесінің мүшесі. Алматы қаласы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді сараптау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. «Ет және ет өнімдерін өндіру» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің төрағасы. «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің, «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальінің иегері.

Текенов Арыстан Анатолийұлы – Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің  математика пәнінің мұғалімі, математика магистрі. Мұғалімдердің XII облыстық пән олимпиадасы І орын,  2016 жыл.

«IV International Creativity Contest for teachers of mathematics, physics and computer science» І орын, 2016 жыл. «Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебі ұйымдастырған халықаралық математикалық «Зерде» олимпиадасы»  І орын, 2016 жыл.  Математика пәні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадасында ІІ орын, 2018 жыл. Математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасында ІІІ орын, 2018 жыл. Көптеген оқушылары республикалық, халықаралық  олимпиадалардың жүлдегері. Атап айтар болсақ, 2017 жылы  Мохаммед-Али Амир Қытай Халық Республикасының Гонконг қаласында өткен (IMO) әлемдік математикалық олимпиадасының «Алтын медаль» иегері. 2021 оқу жылы Темирзинова Мерей  ХХ «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасының «Қола медаль», ХХХІІІ Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасының «Қола медаль» иегері. 

Гүлжазира Бекболатқызы, Республикалық   физика-математика мектебінің   қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, «Үздік педагог-2019» атағының  иегері, ТМД мұғалімдері мен білім беру саласының қызметкерлерінің   VI Құрылтайының делегаты

18.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 119
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 118
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 634
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 752
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 665
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 677

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8812
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8211
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11438
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9193
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10422