ТӨБЕМ ЖАРЫҚ, ТӨС СҮЙЕГІМ СЫНЫП ТҰР… (Қазақ тілі)

ТӨБЕМ ЖАРЫҚ, ТӨС СҮЙЕГІМ СЫНЫП ТҰР…  (Қазақ тілі)

 

Ұлттың тілі шоқпар болды, шоқ болды,

Біз өртендік, өзек жанды от болды.

Ұлттың тілі – құлжа еді құздағы,

Улы жебе ұлтқа атылған оқ болды.

Ел күбінді, ер сүрінді жоқ болды.

Мен адастым, сен адастың, ол тіптен,

Жау көңілі жасыл жайлау тоқ болды.

Жанарымнан жан бөлшегім тамшылап,

Қабағыма қан шылап,

Төбем жарық, төс сүйегім сынып тұр,

Қайғы менен қасіретті артып ап.

Аппақ шашын анам жайды ақ уыз,

Бетін басты жез жапырақ сары күз.

Өз перзенті өгейсінген ананы,

Табытқа сап таңып жаттық бәріміз.

Ақ төсінен аппақ сүті шаптырып,

Ұлт тіліне ұлтсыздар мен жат күліп,

Қайырылған қанат болып сөгілді,

Әлди болды, ән боп мұңды төгілді.

Бұлтқа айналды: келем сосын тағы деп,

Естелікке орамалын лақтырды.

Қайран анам не білді?!..

Кімдер сенің қазып жүрген көріңді?

Кімдер сенің бермей жүрген төріңді?

Қос бұрымың ай мен күнге айналып,

Қос ішек боп, толғай-толғай өрілді.

Бозторғай боп таңмен бірге сыңсыды,

Боз жусан боп желге ұшты бүршігі.

Ақтарылған аппақ сәуле, ақ арман,

Жүрегімнің басын келіп шымшыды.

Мен білмедім: Тіріміз бе, не өлі,

Жанарымнан өмір жасы ыршыды.

Ақша бұлттар-аппақ мамық, қауырсын,

Бізден бетін бұрғаныма дәуір шын.

Өз көзінің қарашығын іздеген,

Қасқа жүрек енді қалай ауырсын.

Анасынан тірі жүріп қол үзген,

Есіл заман не сұрайсыз сіз бізден ?!

Құлдық сана – Құдайым-ау аумайды,

Соқа сүйреп сорлы болған өгізден.

Біз бейбаққа әлем қарап, аяды,

Ел еді деп бұл бір ғажап саялы.

Ойлы қазақ ояншы деп мәңгүртке,

Алақанын таңнан кешке жаяды.

Уыз Ана – ұлттың тілі ақ бөкен,

Қандай «соқыр» сенен кінә тапты екен.

Сайын қырдың сағым кешкен киігін,

Қандай мерген қолы барып атты екен?!..

Тұяқ серпіп тулап жатыр аранда,

Жазықсыздың жанын сақта, Жар – Алла?!

Мен адасып қалам ба деп қорқамын,

Ана тілім ақша бұлт боп тарарда.

Анашымды қалдыр менің қасыма,

Қара менің көзімнің көл жасына?!..

Жар-Алла, Жан Алла!

Бәрін біліп, көрушісің Бар Алла!

Айтар сөзім таусылды жамағайын, жаранға.

Ақша бұлтты көк найзағай көгендеп,

Жүрегіме дөп қадалды өлең боп.

Сол ақша бұлт анам болып жылады,

Енді қашан мен сендерді көрем деп.

Аңызақта аңқам кеуіп мен тұрмын,

Табаным – жер, төбем – көк.

Ал өкпеле, көк аспан мен айдан көр!

Атамекен – алтын сандық, қайран жер.

Қозы-лақтай енесінен адасқан

Маңырап жүр кіл жетімек, майдангер.

Қауырсыны қан-қан болған көп шындық,

Оның бәрін орға салып, жоқ қылдық.

Анамызды адамзаттың көзінше …

Көкпар қылдық, доп қылдық.

 

МЕНІҢ ЕЛІМ – МЕНДІК ОЙДЫҢ АСЫЛЫ | Жалын Республикалық әдеби-көркем және  әлеуметтік журналы

САБЫР АДАЙ
14.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 105
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 101
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 105
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 299
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 293
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 915

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8989
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8384
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11609
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9367
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10593