ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 150-ДЕН АСТАМ КӨШЕНІ ЖӨНДЕУ ЖОСПАРЛАНЫП, 30 КӨШЕДЕ ЖҰМЫСТАР БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 150-ДЕН АСТАМ КӨШЕНІ ЖӨНДЕУ ЖОСПАРЛАНЫП, 30 КӨШЕДЕ ЖҰМЫСТАР БАСТАЛДЫ
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласының ішкі көшелерін жөндеу жобаларымен танысты. Өңір басшысы шаһарды аралап, жөндеу жұмыстары жүретін көшелерді көрді. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен жауапты басшылар құрылысы жүріп жатқан және енді басталатын жобалар туралы баяндады.
✔️Облыс әкімі Бейімбет Майлин көшесіне келіп, «Б.Майлин көшесін реконструкциялау» жобасын көрді. Бүгінде аталған құрылыстың жобалық-сметалық құжаты дайын. Биыл жүзеге асады деген жоспар бар. Тапсырыс беруші – Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Жолдың ұзындығы – 1,96 шақырым. Жоба құны – 1 705,8 млн теңге.
✔️Нұралхан Көшеров Ә.Жангелдин көшесіне барып, осында салынуы жоспарланған көпірдің жобасын көрді. Көпірдің ұзындығы 1,02 шақырым болса, жолдың ені – 14 метр болады деп жоспарланған. Құрылыс құны – 4 453,9 млн теңге. Облыс әкімі аталған жобаны қайта пысықтап, жүйелеуді тапсырды.
✔️Облыс әкіміне жобалық-сметалық құжаты жасалған әрі қаржыны талап ететін жол құрылысы нысандарының жобалары ұсынылды. Олар жан-жақты сараланып, қаржыландыруға ұсынылмақ. Өңір басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы атқаруды, әрбір мердігердің жұмысын қадағалауды тапсырды. Сонымен бірге қаланың дамуына оң серпін беретін жобаларға басымдық беру керектігін айтты.
📌Айта кетейік, Түркістан қаласы аумағында 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. 2024 жылы жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдың ұзындығы 430,1 шақырымға (50,9%) жетті. 2025 жылы жалпы ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 95,4 шақырымды құрайтын 94 көшесінде ведомствалық сараптаманың оң нәтижесі алынып, 30 көшесінде жөндеу жұмыстар бастау алған. Сонымен қатар қазіргі таңда 43,1 шақырымды құрайтын 65 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттама әзірленіп, ведомствалық сараптамадан өткізілуде.
✔️Жалпы жоғарыда аталған жұмыстар толық аяқталғаннан кейін, 845 шақырым жолдың 568,6 шақырымы асфальт жабындысымен қамтылып, жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 67,3% жеткізу жоспарлануда.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
08.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

К ОТКРЫТИЮ ТУРИСТИЧЕСКОГО СЕЗОНА В ТУРКЕСТАНЕ ГОТОВЯТ 2,5 ТОННЫ НАУРЫЗ КОЖЕ
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области - 12.03.2025 77
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВЕДЁТСЯ СИСТЕМНАЯ РАБОТА ПО ПРЕДОТВРАЩЕНИЮ ПАВОДКОВ
Пресс-служба акима Туркестанской области - 12.03.2025 64
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТТІК ТҮСІМДЕР МЕН КІРІСТЕР КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 12.03.2025 68
ТУРКЕСТАН: В ОРДАБАСЫ ЧЕСТВОВАЛИ МНОГОДЕТНЫЕ МАТЕРИ
Пресс-служба акима Туркестанской области - 12.03.2025 38
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУШАҢДЫҒЫ ТӨМЕНДЕГЕН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 12.03.2025 70

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 1948
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2190
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17075
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15801
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19165