Түркістан облысы, Сайрам ауданында жол белгілерін жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауданға қарасты елді мекендерде жол белгілерін, жасанды жол кедергілерін орнату және жаяу жүргіншілер жолағын сызу жұмыстары «Көрікті Сайрам» коммуналық мемлекеттік мекемесі тарапынан жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, аудан аумағынандағы Шымкент қаласының шекарасынан бастау алатын Жібек жолы көшесі бойымен Манкент жолайрығына дейінгі жаяу жүргіншілер жолағы мен жол белгілері жаңартылуда. Сонымен қатар аудандық маңызы бар KXSR-14 «Ақсу – Иманалиев – Толеби – Кыстаубаев» көшелері, KXSR-16 «Ақсу – Әйтеке би – Ынтымақ» көшелері және KXSR-18 «Алаш – Манкент – Сиқым – Жібек жолы» көшелеріне жаяу жүргіншілер жолағы сызылуда. Бұл жұмыстарға 3 техника және 20 жұмысшы жұмылдырылды.

Айта кетейік, алдағы уақытта аудан аумағындағы елді мекендерде әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерге жол белгілері орнатылып, жаяу жүргіншілер жолағы сызылады. Жүргіншілер жолағын жаңату – аудан көшелеріндегі жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
14.03.2025