ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ФЕСТИВАЛЬ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ФЕСТИВАЛЬ БАСТАЛДЫ
Бүгін БАҚ өкілдері баспасөз-туры аясында Жетісай қаласындағы Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрына барды. Журналистер «Қарашаңырақ-2024» атты театрішілік фестивальдің ашылуына қатысты. Шарада 2020-2024 жылдар аралығында сахналанған түрлі жанрдағы 10 спектакль көрермен назарына ұсынылып, ең үздік қойылымға бас жүлде тағайындалмақ.
Театр басшысы Орал Камалдың сөзінше, фестиваль - театрдың 55-маусымының жабылуына орай ұйымдастырылған. Сондай-ақ, шара - кәсіби мамандарды анықтау және өнер ошағындағы әртістердің шығармашылық шабытын арттыру мақсатында қолға алынған.
Журналистер баспасөз мәслихатынан соң, театр сахнасынан «Жас Абай» қойылымын тамашалады. Спектакль қазақтың дана ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай сахналанған. Спектакльде 13 жасар Абайдың Семейдегі «Ахмет Риза» медресесін аяқтап, ауылға келгеннен кейінгі жастық шағы бейнеленген. Сонымен қатар, қойылымнан Зере әжейдің ертегілерін, қиссалары мен әңгімелерін тыңдап өскен бала Абайдың ақындық жолдағы алғашқы қадамдарын көруге болады.
Айта кетсек, театр шымылдығы алғаш рет 1969 жылы ашылған. Театрда 55 жыл ішінде 200-ден астам түрлі жанрдағы шығармалар сахналанған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
24.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 253
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 326
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 278
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 313

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4139
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3568
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5788
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4542
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5728