ТҮРКІСТАНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ЖАЗҒЫ КОНЦЕРТТЕР ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ЖАЗҒЫ КОНЦЕРТТЕР ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен облыс орталығында «Жаз гүліндей жайнаған қала» концерттік бағдарламасы өтіп жатыр. Ашық аспан астындағы әуендер атты жазғы іс-шара «Жеңіс» саябағынан басталған болатын.
Рухани шаһарға келген қала қонақтары мен туристерге арналған шара кештің көңілді өтуіне сеп болмақ. Сондай-ақ қала тұрғындарының кешкі салқынмен қаланы аралап, ән мен күйге бөленуі үшін аталған шараларды түрлі кешендер мен саябақтарда, халық көп шоғырланатын орындарда өткізу жоспарланған.
Бүгінге дейін «Жеңіс» саябағы, Н.Оңдасынов кешені, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, «Жібек жолы» саябағы, «Темір жол» вокзалы, «Керуен сарай» туристік кешенінің шоу арена алдында өткізілді. Концерттік шарада «Яссы» халықтық этнофолькорлық ансамблі өнер көрсетіп, «Яссы» би ансамблі мың бұрала биледі. Осылайша тұрғындардың қошеметіне бөленіп келеді.
Ал мәдениет үйінің әншілері «Түркістан» тақырыбындағы туындылар мен көңіл сергітер әндерді әуелете орындап, жиылған жұртқа мерекелік атмосфера сыйлады. Одан бөлек көрермен үшін қызықты ойындар ұйымдастырылу үрдіске айналған. Түркістанның дамуы мен тарихына қатысты сұрақтар қойылып, дұрыс тапқан жандар Мәдениет үйі тарапынан арнайы сый-сияпаттарға ие болып келеді.
Жалпы өңірдің мәдениеті мен рухани әлеміне саяхат жасап, жергілікті тұрғындар мен көрерменге көңіл-күй сыйлайтын шаралар легі тағы да жалғасады. Күндері мен өтетін орны Түркістан қалалық мәдениет үйі парақшасында жарияланып отырады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
18.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 252
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 325
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 277
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 312

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4139
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3568
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5788
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4542
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5728