Ұлттық Қорды басқару неге қымбат?

Ұлттық Қорды басқару неге қымбат?

 

    Отандық қаржы сарапшылары: «2021 жылдың 11 айында Ұлттық Қорды басқару шығындары 13,7 миллиард теңгеге жетті. Бұл ұлттық компаниялардың активтерін жекеменшікке сатудан түскен қаржыдан да көп. 11 айдың ішінде Ұлттық Қордың қоржыны 1,04 триллион теңгеге қысқарған. Жыл басында Қор қаражаты 28,21 триллион теңгені құраса, жыл соңындағы желтоқсан айында 27,16 триллион теңгеге түсіп кеткен. Демек, 2021 жылы тапқанымыздан жұмсағанымыз көп болып тұр. Нақтырақ айтсақ, биыл Ұлттық қорға 3,09 триллион теңге табыс түскен. Оның ішінде, 2,25 триллионы — мұнайдан. Мұнайдан бөлек, Қорға мемлекеттік меншікті жекешелендіруден 8,7 миллиард, ұлттық компаниялардың активтерін сатудан 10,6 миллиард, жер сатудан 159 миллион теңге түскен. Сонымен бірге, Қор активтері әкелген инвестициялық табыс 799 миллиард теңгеге жеткен. 3,09 триллион теңге кіріс кіргенімен, Ұлттық Қордан алынған сома 4,14 триллион теңгеден асып отыр. Оның барлығы дерлік, яғни, 4,13 триллионы мақсатты және кепілдік берілген трансферттер ретінде бюджетке кеткен. Қалған 13 миллиард теңге Қорды басқару үшін жұмсалған»,— деген дерек келтіріпті. Экономикалық бастамаларды қолдау қорының сарапшылары мұны: «Қорды басқару үшін жұмсалатын қаржының басым бөлігі сыртқы аудит қызметіне кетеді. Себебі, стандарт бойынша суверенді қорлар жыл сайын аудиттелген есебін жариялап тұруы тиіс. Аудит қаржының мақсатты жұмсалғанын және инвестициялардың тиімділігін тексереді. Активтердің тиімділігі біз үшін өте маңызды мәселе, ол сатып алынған құнды қағаздардың қандай пайда түсіріп жатқанын көрсетеді. Бұл ретте тек табыс емес,  олардың тәуекел деңгейін біліп отыру да өте маңызды»,— деп түсіндіреді. Қаржыгерлер болса: «Биыл Ұлттық Қорды барынша сорған бағыт – Түркістан облысы болып отыр. Қордан алынған 4 триллион теңгенің шамамен 20 пайызы Түркістанға жұмсалған. Қаланың биылға жоспарланған бюджетінде трансферттер түсімі 838 миллиард теңгені құрған. Келесі жылдан бастап Ұлттық Қордан алынатын сома жыл сайын қысқара беруі тиіс. Бюджеттік Кодекске осындай параметрлер енгізілген. Яғни, кепілдік берілген трансферт көлемі 2022 жылы 2,4 триллион теңге, 2023 жылы 2,2 триллон, ал 2024 жылы 2 триллион теңге болады деп жоспарланған. Тек ол үшін экономика коронавирус сынды күтпеген апаттарға тап болмауы керек. Себебі, сәл кризис басталса болды, біздің үкімет Ұлттық Қордың сандығын аша салуға әбден үйреніп алған»,— дейді. Ендеше, ақшаны құрту үшін жинайтын Қордың қанша қажеті бар? Халықты толғандыратын да осы сауалдың жауабы. Әзірге оған нақты жауап берген пенде иә орган жоқ.

Ермек САХАРИЕВ
11.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 77
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 82
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 322
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 325
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 547
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 493

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9198
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8595
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11822
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9591
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10805