«Ұлы көшке – 35 жыл» атты газетіміздің Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлескен экспедициясы жуырда жолға шығады

«Ұлы көшке – 35 жыл»  атты газетіміздің Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен  бірлескен экспедициясы жуырда жолға шығады

Еліміздің тәуелсіздігімен бірге қайта басталған Ұлы көшке де биыл отыз бес жыл толды. Осы тұста тұңғыш  Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы әрі Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы ретінде атқарған еңбегін айтпай кету мүмкін емес. Дәл осы кісі шетелдегі қандастарды тәуелсіз Отанға шақырып, тарихи үдерістің басталуына жол ашты. 

Атамекеніне осы күнге дейін миллионнан аса қандасымыз оралды. Осыған орай газетіміз Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесе отырып жаңа жобаны қолға алуды жоспарлап отыр. Жоба аясында қазақ көші тарихына шолу жасалып, өзекті мәселелер көтеріледі. Сондай-ақ оның мақсаты –  Тәуелсіздік жылдарында  елге оралған қандастардың ортақ дерек қорын жасау  және Шетелдегі қазақ диаспорасының жол картасын даярлау.

Экспедиция аясында республикадағы облыстар да, Ыстанбұл, Ташкент, Астрахан, Орынбордағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесіп,  әртүрлі мәдени шараларды ұйымдастыру, сонымен бірге еліміздің көші-қон жөніндегі саясатын түсіндіруді, тәуелсіздік жылдарындағы  еліміздің қол жеткізген табыстарын таныстыру, сол арқылы шетелдегі қандастарымызды тарихи Отанына оралуға ынталандыруды көздейді.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бірінші орынбасары болып 2002-2017 жж  көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Асылұлы Мамашев қызмет атқарса, қазір бұнда қызметте белгілі дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Зауытбек Тұрысбеков.

Сонымен бірге шетелдегі қазақ интеллигенциясының бізге беймәлім тұлғалары туралы портреттік мақалалар жарияланып, алыстағы ағайынмен жүргізілген сұхбаттар тұрақты түрде оқырманға ұсынылатын болады. Ұлы көшімізге – 35 жыл. Сондай-ақ, оның арғы жағында редакциямыздың «Қазақтың астаналары» жобамызды осы аталған  қауымдастықпен бірлесе жүзеге асырсақ деген жоспарымыз бар. «Алыстағы ағайын» айдарын газеттің штаттан тыс тілшісі Сержан Тоқтасынұлы жүргізетін болады.

 

15.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Бауырлас елдерді барласақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 15.01.2026 43

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 22217
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21977
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 37689
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 35562
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 39619