Халықтың құқықтық сауатын қалай арттырамыз?

Халықтың құқықтық сауатын қалай  арттырамыз?

Білікті сарапшылар: «Қазіргі әлемде адамдардың заңдар мен құқықтарын білмеуі мемлекеттің тағдырын өзгертуі мүмкін. Өйткені оларды саяси ойындарға пайдалану өте оңай. Бұл – тек біздің ғана емес, әлем үшін де маңызды мәселенің бірі. Бүгіндері Қазақстандағы құқықтық сауаттылық проблемасы өте өзекті болып отыр. Мәселен, «World Justice Project» халықаралық үкіметтік емес ұйымының «Заң үстемдігі» индексі бойынша, Қазақстан 2021 жылы 66-орынға ие болды. Жалпы индекс 8 фактор, 44 көрсеткіштен тұрады, олар: 1. Билік институттарының өкілеттіктерін шектеу. 2. Сыбайлас жемқорлықтың болмауы. 3. Ашық үкімет. 4. Негізгі құқықтарды қорғау.            5. Тәртіп және қауіпсіздік. 6. Реттеуші құқық қолдану. 7. Азаматтық сот төрелігі. 8. Қылмыстық сот төрелігі.  Көрсеткіштердің мәні 0-ден (ең төмен) 1-ге (ең жоғары) дейінгі балл бойынша бағаланады.  Өткен жылғы нәтиже бойынша Қазақстан 0,52 баллмен 66-орынға ие болып, 3 позицияға жоғары көтерілді. Заң үстемдігі рейтингінде Қазақстан бұрынғы Кеңес үкіметі құрамында болған елдерден жоғары тұрғанымен, мұндағы адам құқығын қорғау, заң үстемдігі, жемқорлық, ашық үкімет секілді мәселелер әлі де толықтай шешілген жоқ. Біз қазақстандықтардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру керек дейміз. Өйткені жоғарыда атап өткеніміздей, заңдар мен құқығын білмеу тек азаматтардың ғана емес, мемлекет тағдырына да қауіп төндіруі әбден мүмкін», – дейді. 

Белгілі заңгер Сағидолла Баймұрат: «Құқықтық сауаттылықтың төмендігі қарапайым азаматтық құқықтық шарттар жасаспауымен сипатталады. Өйткені адамдар күнделікті тірлігін оңай шешем деп ойлап, біреуден қызмет не зат сатып алатын кезде шарт жасаспайды. Ал шарт жасалмағаннан кейін құқықтық қатынастарды дәлелдеу мүмкін емес. Көпшілік келісімшартқа отырмайды да, кейін соның зардабын шегеді. Сондықтан қарапайым деңгейдегі жазбаша келісімшарт мәселесін көтеру керек. Расын айтсақ, азаматтардың ғана емес, қазақ тілінде қызмет көрсететін заң саласы мамандарының да білімі аздау, тіпті қазақ тілінде сөйлейтін сауатты заңгерлерді табу оңай емес. Әсіресе қазақтілді заңгерлердің білімі мен біліктілігі көңіл көншітпейді. Ондайларды өңірлерде табу – үлкен мәселе», – десе, танымал заңгер Абзал Құспан: «Біздегі заңдар мен мемлекеттік бағдарламалардың барлығы орыс тілінде жазылып, қазақ тіліне калька аударма жасалып, ұсынылады. Ал мақсатты аудитория қазақтілді топ болса, оған калька аударма арқылы айтқысы келгенді дұрыс жеткізе алмайды. Сондай «қаны жоқ, сөлі жоқ» бағдарламаларға халық сенімсіздікпен қарайды. Бұған қазақы ортадан шыққан, қазақтілді заңгерлерді тарту керек. Осы тұрғыдан алғанда, жасалып жатқан жұмыстарды нәтижесіз деп есептеймін. Халықты құқықтық жағынан сауаттандыру үшін мемлекеттік деңгейдегі үлкен бағдарлама құру қажет. Құқықтық сауатсыз адам алаяқтардың жемтігі болады. Сондықтан мектеп, колледж және жоғары оқу орны студенттеріне құқықтық және қаржылық сауаттылық бағытында пәндерді енгізу керек. Әлем елдеріндегі құқықтық сауаттылық деңгейі әртүрлі. Мәселен, Еуропа мен АҚШ-та халық құқықтық сауаттылықты біздегідей прокурор, сот, тергеуші болайын деп емес, «өзім үшін» деген мақсатта үйренеді. Ол жақта адамдардың өздері құқықтарын білуге мүдделі. Оған өмірін өзгертетін фактор ретінде қарайды. Адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін билік басында отырғандар мен ауқатты адамдар заңға бағынуы, заң аясында жұмыс істеуі керек. Олардың іс-әрекеттері, заң аясында жауап бермеуі, жауапкершіліктен қашуы құқықтық сауаттылықты төмендетеді. Сосын, еліміздегі ең өзекті мәселенің бірі – сот жүйесіндегі проблемалар. Судьялардың біліктілігі төмен әрі көп жағдайда олар соттың ашық өткенін қаламайды.Ал бұл – сөз бостандығының басты мақсаты. Судьялар әділ шешім қабылдайтын болса, ешқандай журналистен қорықпаған болар еді. Біздің судьялар қорқады, демек олардың жасыратын дүниесі бар, шығарған шешімдерінің әділ екенін дәлелдей алмайды деген сөз. Сондықтан да сот жүйесімен жұмыс жасалуы керек. Журналист сотқа қатысып, ақпарат бере алуы керек. Жалған нәрсе жазып, жалған ақпарат таратса, жауапкершілікке тартылады. Ал судья әділетті шешім шығаратын болса, мәселе жоқ. Осы кезде ғана қоғам құқықтық сауаттылықтың артықшылығын түсінеді. Ал қазір біздің қоғам құқық жағынан сауатты болудың артықшылығын сезіп тұрған жоқ.  Заңды карьера жасау үшін не басқа мақсатта емес, өз құқығыңды білу үшін үйренуіміз керек. Заң – біздің қолымыздағы қару. Мемлекет тыныш өмірді қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі біздің бес қаруымыз – заңды білу. Бізге қауіп-қатер көшедегі тентектерден келмейді, қауіп түрлі алаяқтардан, заңды меңгерген қу адамдардан келеді. Заңды құқығын білген адам – бес қаруы сай адам. Сондықтан бес қаруым сай болсын десе, әр адам заңды өзі үшін оқып, оны пайдалана білуі тиіс», – дейді. Несі бар, миға қонатын ақыл-кеңес... 

 

Ермек Сахариев
25.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 163
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 374
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 347
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 962

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9040
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8437
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11665
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9426
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10645