🔰ХАМИТ ЕСАМАН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

🔰ХАМИТ ЕСАМАН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
 
Хамит Ерболатұлы 1986 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылында дүниеге келген.
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген. Ең алғашқы еңбек жолын 2005 жылы Жамбыл облыстық «Ар-Ай» жастар газетінде тілші болып бастаған. 2009-2012 жылдары Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінде тілші болған.
2012-2013 жылдары Астана қалалық «Астана ақшамы» газетінде тілші, 2013-2014 жылдары Жамбыл облыстық «Ар-Ай» жастар газетінде шығармашылық топ жетекшісі, 2014-2017 жылдары Жамбыл облыстық «Ар-Ай» жастар газетінде «Мәдениет және руханият» бөлімінің меңгерушісі болған.
2017-2022 жылдары республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.
2022 жылғы 9 маусымнан бастап күні бүгінге дейін Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді.
Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма мүшесі, Қазақстан Жазушылар Одағының Жамбыл облысы бойынша өкілі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» атағын алған, ҚР Тұңғыш Президенті қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» республикалық әдеби конкурсының бас жүлдегері, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бағадарламасы бойынша 2008 жылы «Ағаның бүрі», 2013 жылы «Қараша хаттары» және 2023 жылы «Фәни-Құбылыс» атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Өлеңдері түрік, испан, әзірбайжан тілдеріне аударылған.
Айта кетейік, облыс әкімінің жаңа кеңесшісі өңірдің идеология саласына жауап беретін болады.
Облыстық Ақ Жол Газеті
14.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 137
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 40
Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияcы - 14.03.2025 114

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2162
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2394
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17285
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 16008
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19381