Яссауи еңбектерін дәріптейтін орталық

Яссауи еңбектерін дәріптейтін орталық

Түркістандағы жаңа, келбеті келіскен, заман талабына сай сәулетті етіп салынған нысандардың бірі – Қожа Ахмет Яссауи музейі. Жалпы аумағы 3200 шаршы метрді құрайтын нысан құрылысын «Самұрық-Қазына» компаниясының тапсырысымен «Базис – А» компаниясы жүргізген-ді. Ел игілігіне ұсынылған музейдің негізгі мақсат-міндеті – Қожа Ахмет Яссауидің тарихи болмысын, өмірі мен ілімін жаһанға өз деңгейінде танытып, ғұламаның терең зерттелген рухани мұраларын қою болатын. Осы бағыттағы жұмысын бастап кеткен мұражай ұжымы бүгінде қор жасақтап, Яссауи мұралары мен шет мемлекеттердегі шәкірттерінің еңбектерін жинақтауға күш салған. 

«Музей ашылған соң ұлы ойшылдың мұрасы ұлықталып, Яссауи феноменін асқақтату арқылы ғылым мен туризмді бірге дамыту мүмкіндігі ашыла түседі. Жаңа мұражайдың концепциясымен танысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жоба жетекшілеріне бірқатар міндеттер жүктеді. Ұлы ойшылдың ел руханиятындағы орнын жоғары бағалайтын өңір басшысы мұражайды бірегей жобаға айналдыру жолдарын көрсетіп, ой қосты. Жаңа музей ғұламаның әлеміне сапар шегіп, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған діни қайраткердің еңбектерін дәріптейтін мәдени ошақ болмақ. Түркістанды туризм орталығына айналдыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Түркістан қаласындағы туристік нысандар жайлы ақпараттар әлемдегі ең ірі «http://xn--ripadviser-mwi.com/» саяхатшылар порталына енгізілді. Өңірге келетін қонақтар, туристермен жұмыс жүргізетін гид мамандарын даярлау ісі де жандана түсті», – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып, 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Мамандар мәліметіне сенсек, жыл соңына дейін 38 туристік инвестициялық жоба жүзеге асуы тиіс. Ал жоспар жүзеге асқан жағдайда 1050 жаңа жұмыс орындары ашылады деген үміт бар. Туризм саласының дамуы, сонымен қатар жергілікті жеке кәсіпкерлердің де табысын арттырып, тасын өрге домалататыны айтпаса да түсінікті.  

Ш.Молдабек
21.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 61
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 60
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 533
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 483

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9187
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8585
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11813
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9582
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10796