«Жағымпаздар мүшәйрасы»

«Жағымпаздар мүшәйрасы»

Ода жазудан «Жағымпаздар мүшәйрасы» өткелі жатыр дегенді естіп  Астанадағы зәулім сарайға екі өкпемді қолыма алып ентігіп жеттім. Ентікпей қайтейін, жүлде қоры қомақты көрінеді. (Мақсатым ол ғана емес) егер бұл жарыста топ жарсам әкім болуға,  депутат креслосын иемденуге, жоғарыдағы кісінің (маңындағы жанашырлардың) көзіне түсуге мүмкіндік мол екенін жүрек құрғыр сезеді. Өзіме сондай сенімдімін. Бұған дейінгі жинаған тәжірибем бір төбе!    Оны әділқазылар ескереріне шүбәм жоқ. 

Айтпақшы мүшәйраның тақырыбы: «Жайнаған елдегі, Жаңарған президент». Талабы: Ода жаза алу.  Жасқа шектеу жоқ. Өлең – өте қысқа болуы шарт.  Әрі кетсе екі-ақ шумақ. Одагер сахнаға шығып арнауын өзі оқиды.  

«Жағымпаздар мүшәйрасы» күнде өтіп жатыр ғой (ақшасына қызыққандар болмаса) «Кім бара қояды дейсің» деп үйден қою күрең шайды сораптап ішіп кештеу шыққанмын, сөйтсем,  мұнда иін тірескен халық. У-шу.  Шаппай бәйге алармын деген үмітім көкке ұшатын түрі бар. Себебі: «аузымен құс тістеген» ақындар,  қара сөзден кесте тоқыған жазушылар, атағы алысқа кеткен әншілер, олимпиада шемпиондары,  кексе академиктер... Кім жоқ дейсіз... (елге тұтқа болады-ау деген бір-екі зиялыны да көзім шалып қалды) ойбай, бетім, бесіктен белі шықпаған екі-үш бала не істеп жүр мұнда? Оларға не жоқ? Әділқазылар отырған жаққа көпшіліктің арасынан жол тауып, жираф мойнымды созып (таныстар кездесіп қала ма деп) қарап едім, олардың қабақтары түксиіп  кетіпті. Демек, талап қатал. Маңайларына жан жуытпайды.  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар ғана» бәйге алмақ. 

Абай атамның «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап» дегені келіп тұр. 

Кезегімді күтіп «толқып» мен тұрмын.  Одагерлер (түрлі бейнеге еніп кеткен) бірінің көзі жасаурап, бірінің сілекейі шұбырып, бірі өкіріп, бірі секіріп, бірі бұлбұлдай құйқылжытып, бірі тотыдай түрленіп, бірі тістеніп, бірі ісініп, бірі күшеніп өлеңдерін оқып жатыр. «Бағымызға туған асыл», «Ел қамын жеген ер тұлға», «Туысы бөлек Бекзада», «Асылдың сынығы», «Асқар таудай панамыз» ой, не айтылмай жатыр бұл жерде.   Пах-пах-пах! Ел ішінде оданың ордасына ту тігетін азаматтар жетерлік екен-ау. Қалай көбейіп кеткен өздері. Дені жастар... Оданы тыңдап отырған жұрт түгілі, көкорданың түндігі желпілдейді.   Бәрі мәз. Бәрі риза. Әсіресе қазылардың сұсты жүздері мейірлене бастапты. Кезек маған да келіп жетті. Сахнаға жараулы аттай кербезденіп, билеп шықтым.  Дауысым да жас қырандай саңқ етті.

«Ей, ақ патшам, сендей адам туған жоқ,

Саған тимес, дүшпандардан жауған оқ!

Ақ жолыңа бар халықты қидым мен,

Одан басқа, тілер тілек қалған жоқ!

 

Сізді қолдап, сізді қорғап өтемін,

Сізбен бірге бар бақытқа жетемін! 

Ақыл-ойдың түпсіз терең мұхиты,

Көкте күнсіз, түнде айсыз... (Осы жерге келгенде жылап жібердім. Әрі қарай тілім күрмеліп оқи алмадым. Тыңдап отырғандар да егіле жылады). Қуаныштың жасы жүзімді жуып, сахнадан түсіп  (Дуылдаған жұрт пен шуылдаған көпке қарамай) үйге жетуге асықтым.  Ойым онға, санам жүзге бөлініп кеткен тәрізді. Мида бір ғана ой: «Жүлдеге іліктім бе?».  Сіз қалай ойлайсыз? Ілікті ме?.

 

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 179
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 173
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 683
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 803
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 717

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8873
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8268
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11496
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9252
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10479