Жалған ақпарат таратқандар жазаланады

Жалған ақпарат таратқандар жазаланады

Соңғы жылдары жағдайды ушықтыратын жалған жаңалықтар тарату көбейді. Жағдайды өз мүддесі үшін пайдаланғысы келетіндер ел арасында іріткі салуын доғарар емес.  Рас, жағдайды пайдаланып, жалған ақпарат тарату үрдісі бұрыннан бар жағдай. Ақпарат кеңістігіндегі мәліметтердің көптігінен халық рас пен өтіріктің ара жігін ажырата алмай жатады. Осылайша былайғы жұртты жалған ақпаратқа сендіру кейбір мүдделі топтардың өз мақсатын жүзеге асыру үшін қажетті құралға айналды. Ақиқатында, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты шынайы ақпарат тарату журналистерге жүктелген міндет. Жалған ақпарат таратпастан бұрын ол оны тексеруден өткізеді. Халық кәсіби журналистің таратқан әрбір ақпаратына сенеді. Өйткені оларды жаңалықтың жаршысы деп санайды. Қазіргі таңда журналистерден бөлек, блогерлік те кәсіпке айналған. Екінің бірі блогер болып жатқан уақытта ақпараттың шынайылығына мән беру де аса маңызды. 

Ақпараттық технологияның дамуы кең аудитория арасында расталмаған ақпаратты таратуға ғана емес, сонымен қатар оларды жасау үшін де қолайлы ортаға айналып отыр. Егер бұрын жаңалықтар бақылауда болса, қазір әлеуметтік желіде оларға шектеу қойылмайды.  Кез келген желіден тікелей эфирге шығып, подкаст жасап немесе жазба қалдырса жетіп жатыр. Ол халық арасында тез тарап, жалған екендігіне ешкім көз жеткізе алмай қалады.  «Qazaqstan» ұлттық арнасына берген сұхбатында блогерлерге қатысты өзі пікірін ашық білдірген Президент Қ.Тоқаев: «Қазіргі заманда блогерлер көбейіп кетті. Олардың кейбір әрекеттері кері әсер етеді. Бір блогерлер жақсы жазады. Ал екінші біреулері мәселенің байыбына бармай, зерттемей, үстірт қарайды. Дегенмен, азаматтарымыз ақ пен қараны ажырата алады деп ойлаймын. Расында, ақпараттық «соғыс» бүкіл әлемде болып жатқан үрдіс. Сондықтан, біз де оған бейімделуіміз керек», – деген-ді. 

Қазір ақпарат таратушы дерек көздер көбейген сайын барынша сақ болған жөн. Тіпті, Бас прокуратура өкілдері де ақпаратқа сақтықпен қарап, жалған мәлімет таратпауды үндеп: «Шынайылыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратуды көбіне блогерлер қасақана, өздерінің және үшінші тұлғалардың мүдделері үшін жүзеге асырады. Олардың мақсаты – жеке пайда табу және бопсалау арқылы материалдық табыс табу. Көрсетілген ұлттық алауыздықты қоздыруға, қорқытып алуға, жалған ақпарат таратуға бағытталған іс-әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 194 және 274-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Жалған ақпарат таратқандарға 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Десе де жалған ақпарат таратып, қоғамды дүрліктіріп жатқандар азайған жоқ. Олардың әрекетіне толық тосқауыл қою үшін әрбір азамат тек сенімді дерек көздеріне ғана иек артуы керек.  Сол себепті әрбір азамат жалған ақпарат таратудың артында қылмыстық жауапкершілік бар екенін ұмытпағаны жөн. Өйткені, жалған ақпарат халықты адастырып, қоғамдық тәртіпті бұзады», – деп ескертеді.

Ермек Сахариев
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 248
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 383
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 380
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 611
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 553

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9255
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8651
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11878
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9649
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10860