Жамбылдағы пилоттық жобаны Үкімет қолдады

Жамбылдағы пилоттық жобаны Үкімет қолдады

Аумағында тауы да, шөлі де, тіпті көлі де бар Жамбыл жері еліміздің ең шұрайлы аграрлы өңірлерінің бірінен саналады. Сол үшін де мұнда Социалистік Еңбек Ері атанған, атағы аспандаған шопан да, даңқты қызылшашылар мен небір майталман механизаторлар да шыққан.

Бүгінгі таңда да шаруа қожалықтары аз жұмыс атқарып жатқан жоқ. Соңғы жылдары бұл өлкеде небір қанатқақты жобалар сынақтан өтіп, тиімділігі тексеріліп келді. Солардың ішінде А.Мырзахметов іске қосқан «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасы көптің көңілінен шықты, әрі экономикалық тұрғыдан тиімділігін дәлелдеді. 

Дегенмен Қордайдағы Масаншы оқиғасынан кейін Асқар Мырзахметов облыс басшысы қызметінен кетті. Ал мына пилоттық жоба тоқтап қалмаса да, бұрынғыдай қарқын ала алмады. Тіпті екінші жылға қаржы да бөлінбеді. Әрине, оның өзіндік себептері де болды.

Алдымен осы жобаның тарихына аздап тоқтала кетсек. Еліміздегі халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы – ауылшаруашылығы екені бесенеден белгілі. Ауылды жердегі халықтың тұрмыстық сапасын арттырудың төте жолы халықты жаппай жұмыспен қамту екені айтпаса да түсінікті. Өз кезегінде бұл проблеманы шешудің негізгі қағидасы қосалқы шаруашылыққа қолдау көрсетіп, дамыту. Осы орайда, 2019 жылы Жамбыл облысының басшылығы республикада алғаш рет тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған пилоттық жоба жүзеге асыруды қолға алған болатын.

Осыдан екі жыл бұрын «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасы аясында өңірде қосалқы шаруашылықтарды дамыту, кооперативтерге біріктіру, кәсіпкер атану, мал басын көбейту, жұмыспен қамту, үй іргесіндегі жерлерді тиімді игеру ісі қолға алынды.  Нәтижесінде, пилоттық жобаның 5 бағыты бойынша жалпы 9,2 млрд теңге несие қаражаты игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен – «Тараз» ӘКК» АҚ-ы арқылы 7,2 млрд теңгеге 2,5%-бен 2489 өтінім қаржыландырылды. Жергілікті бюджет есебінен ауылшаруашылығы кооперативтерінің айналым қаржылары мен ауылшаруашылығы техникаларына, сондай-ақ шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыруға 1,2 млрд теңге несие қаражаты 5%-бен  несиелендіріліп, лизингке 190 ауылшаруашылығы техникасы берілді. 

«Тараз» ӘКК» акционерлік қоғамы берген мәліметке сүйенсек, бүгінде пилоттық ауылдық округтердегі ауылшаруашылығы техникалары 36%-ға  жаңарыпты. Статистикалық есеп бойынша өткен жылы кооперативтердің ақшалай айналымы 745,6 млн теңгені құраған. 

– Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы – үлкен әлеуметтік әлеуетке ие, уақытылы әрі қажетті жоба. Сонымен қатар бұл жоба жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдауға және ауылшаруашылығы кооперациясын дамытуға негізделген. Оның іске асырылуы ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейінің сапасын арттыруға және жер телімдерін пайдалану мен мал шаруашылығын дамыту бойынша жаңа мүмкіндіктер берді деп толық айта аламыз. Өйткені, өңірде жеке кәсіпкерлер саны 2 282 артты. Жобаны іске асыру нәтижесінде 5 жыл ішінде экономикалық тиімділік 14,9 млрд теңгені құрайтын болса, жұмыссыздар саны 194 адамға кеміді. Пилоттық жобаға енген ауылдарда 589 жаңа жұмыс орны ашылды. Бастысы, пилоттық ауылдық округтердегі атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1058 отбасыға немесе 65%-ға кеміді. Атаулы әлеуметтік көмек төлеу есебінен үнемделген бюджет қаражаты – 1 млрд теңгені құрап отыр. Жобаға қатысушылардың орташа айлық табысы 44 мың теңгеден 73 мың теңгеге артты, – дейді «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз хатшысы Шынболат Сейдуалиев.

Айта кетерлігі, жоба аясында өткен жылы үй іргесінен 11 541 тонна өнім өндірілген. Сондай-ақ жоба басталған алғашқы жылы, яғни 2020 жылы 21 мың тонна дәнді және мал азығы жиналды. Сонымен қатар пилоттық округтерде 2019 жылы 1 485 тонна ет және 5 132 тонна сүт өндірілген болса, 2020 жылы 4 243 тонна ет, 8 304 тонна сүт өндірілген. Оның басым бөлігі нарыққа шығарылды. Былтыр ауыл сыртындағы 10 113 гектар жер игерілген. 

– «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қарыз алушылардың несиесін уақытылы өтеуін бір жолға қойған. Нақтырақ айтқанда, қазіргі таңға дейін корпорация облыстық бюджетке алдын ала түзілген кестеге сәйкес 2 млрд-қа жуық ақшалай қаражатты қайтарды. Жергілікті бюджет қорын толтырған бұл қаражатты тиімді пайдалана отырып, жобаны қайта жалғастыру жоспарланған. Яғни, жобаға биыл Жамбыл ауданынан Өрнек, Байзақ ауданынан Үлгілі және Жуалы ауданынан Ақсай ауылдық округтері кірді. Бұл ауылдық округтерде жаңадан ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, жаңа техникалар берілді, – деді Ш.Сейдуалиев.

Яғни, жобаны қайта қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлініпті. Қайта қаржыландыру есебінен 1 млрд 96 млн теңгеге аталған ауылдық округтердің 254 тұрғынына несие берілді. Сонымен қатар аталған ауылдық округтерден құрылған кооперативтерге лизингке 28 ауылшаруашылығы техникасы беріліпті.

Міне, жамбылдық пилоттық жобаның арғы-бергі тарихы, бүгінгі аяқ алысы осындай. Жалпы, бұл жобаны қаржыландыру аздап тоқтап қалғанда оған қынжылыс білдірген тұрғындар көптеп табылды. Себебі олар қаңырап бос жатқан жерлерінен, тіпті, үй іргесіндегі аулаларынан-ақ өнім алып, пайдасын көріп қалды. Ал бұдан мемлекет те ұтылған жоқ. Бөлген қаражаты кезең-кезеңімен қайтадан қайтып отырды.

Жуырда бейнеконференц-байланыс режимінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Үкіметте кеңес өткен болатын. Онда дәл осы жамбылдық жобаны ел аумағына тарату мәселесі қаралды. Кеңесте Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың аралық қорытындылары туралы баяндады.

Оның айтуынша, пилоттық жобаның бірінші кезеңінде 10 ауданның 11 ауылдық округі қамтылып, 2489 өтінім несиелендірілді.

Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бағыты бойынша пилоттық ауылдық округтерде орналасқан 7856 ауладағы 932 гектар жерге екі айналыммен жеміс-көкөніс және бақша өнімдері егілген. Нәтижесінде 978,7 млн теңгені құрайтын 11,5 мың тонна өнім өндірілген.

– Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған пилоттық жобаның өңірдің дамуы үшін маңызы зор. Осы жобаның арқасында 589 жаңа жұмыс орны ашылды, жұмыссыздар саны 194 адамға, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны 1058-ге қысқарды. Қатысушылардың орташа айлық табысы 44 мың теңгеден 73 мың теңгеге дейін өсті, немесе 165%-ға  өсті. Жобаның бес бағыты бойынша жұмыс жалғасады. Жоба аясында қайтарылатын несие қаражаты есебінен тағы 3 ауылдық округтің тұрғындарын несиелендіру жұмыстары жүргізілуде, – деп түйіндеді сөзін Нұржан Нұржігітов.

Ал кеңес отырысы соңында сөзін түйіндеген Ералы Тоғжанов ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, Жамбыл облысының тәжірибесі өзге өңірлерге үлгі болуы керектігін баса айтты.

 

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 110
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 307
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 301
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 923

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8997
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8392
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11617
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9375
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10601