Жаңа Салық кодексінде жаңалықтар көп

Жаңа Салық кодексінде жаңалықтар көп

Елімізде жаңа салық кодексін жетілдіру саласында қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Бұлардың басты ерекшеліктері – инвестиция тарту, дайын өнімдер шығару, күрделі өңдеу салаларын дамытуға мемлекеттік тұрғыдан қолдауды арттыруға бағытталып отыр. Қарапайым тілмен айтар болсақ, бұрынғыдай жалпыға ортақ салық мөлшерлемесінің орнына, жеңілдетілген және әртараптандырылған салып мөлшерлемесі қолданысқа енетін болмақ. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов бастаған лауазымды тұлғалар биік мінбелерден айтып келе жатыр. Мәселен 28 мамыр күні онлайн форматта өткен жиналыста Үкімет басшысы: «Жаңа Салық кодексінің жобасында салық ставкасы шығарылатын тауардың өңдеу деңгейіне байланысты. Яғни кәсіпорын жоғары өңделген тауар шығарса, салық ставкасы төмен болады, ал жай шикізат шығаратын болса, салық жоғары болады. Бұл өндірістік дамуды ынталандыратын маңызды қадам», – деп түсінік бергені есімізде.Қазіргі Салық кодексі бюджет кірістері мен экономикадағы өсімді ынталандыру арасындағы теңгерімге қол жеткізуге бағытталғандығын да айта кеткен жөн. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров маңызды ерекшеліктері туралы тоқталып өтті. – Құжаттың негізгі міндеті тепе-теңдік принципі болып саналады. Салық кодексі, бір жағынан, әлеуметтік саланың жұмыс істеуі және басқа да мемлекеттік міндеттерді орындау үшін бюджеттің жеткілікті кірісін қамтамасыз етуге тиіс. Екінші жағынан бизнес пен инвестицияларды ынталандыру, экономикалық өсімді және өндірісті ұлғайтуды қамтамасыз ету. Негізгі бағыттардың бірі ынталандыру және қолдау шараларын, сондай-ақ процестерді толық цифрландыруды қамтитын, сервистік модельге көшумен салықтық әкімшілендіруді жетілдіру болады. Біз бизнесті ашқаннан бастап сүйемелдеу үшін жазалау шараларынан консультативті және қолдау шараларына көшуіміз керек. Мемлекет басшысы салықтық жеңілдіктердің кем дегенде 20%-ға қысқарту міндетін қойды. Біз жағдайды жалпы бағалау бойынша жұмыс жүргіздік және енді нақты шараларды ұсынамыз», – деді Нұрлан Серікұлы

25.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 228
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 226
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 728
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 851
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 764

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8920
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8314
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11541
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9298
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10526